Әлеуметтік психологияның 20 дәрісі

Біз біле бермейтін қызықты деректер

1. Бізге адамдармен қарым-қатынас жасау өте маңызды

АҚШ психологтары жаңа жылда бейтаныс адамнан құттықтау-хат алған адамдардың 20 %-ы оларға жауап қайтаратындығын анықтапты. Сол сияқты қонақтарға астың қалай дайындалатынын айтып берген даяшылар шайпұлды көп табады екен.

2. Адамдар өзіндегі бар нәрсені қадірлей алады

Зерттеушілер адамдарды 5 долларға стақан сатып алуға үгіттеген, олар сатып алған соң, сол адамдардың тек біразы ғана  стақанды 10 долларға қайта сатуға құлықты болған.

3. Адамдар ыстық күннен ашулы болады, ал бәр нәрсені уайымдап жүрсе тоңғыш келеді

Бір нәрсеге көңіліміз толмаған кезде, салқын сусыннан гөрі, ыстық тамаққа тәбетіміз ашылады. Жалпы, ғалымдардың айтуынша, ыстық елдерде қылмыс көп тіркеледі екен, қылмыстың саны күн ысыған кезде күрт артады екен. Себебі, күннің ысуы жүйкені қоздырады, осыдан кейін адамдар өзін-өзі ұстай алмай, қателіктер жіберіп жатады.

4. Күлкіңіз сіз туралы көп нәрсе айтуы мүмкін

Мәселен, кинотеатрда барлығы күлген оқиғаға сіз де еріксіз жымиясыз.

Бір ғылыми орталық 30 жыл бұрын студенттермен фотосессия жасағанда Дюшен (ауыз бен көздің айналасындағы бұлшықеттерді іске қосатын шын күлкі) күлкісімен суретке түскен жандар өмірде де, некеде де бақытты болған. Ондай күлкіні көрсете алмағандардың көбі ажырасып кетіпті.

5. Күту – қабылдаған шешімді де өзгерте алады

Американдық зерттеушілер бірнеше адамға хабарласып, оларға Америка онкологиялық университетінің еріктісі болуға ұсыныс жасапты. Дәл осы сұрақпен сол адамдарды бірнеше күннен кейін мазалағанда, олардың 31 %-ы келісімін берген, ал алғашында бар болғаны 4 % келіскен екен.

6. Терең ойлана білсек, басқаша қадамдарға барамыз

Егер балаларға конфет қаптың аузын ашып, «алыңдар» десе, олар таласып бірнешеуін қалталарына басады. Ал бір баланы ортаға шығарып, одан есімін сұрап, содан соң қалтаға қол салуға рұқсат берсе, ол өте аз мөлшерде тәтті алуы мүмкін.

7. Кейде сырттан бақылау да пайдалы 

Оңай тапсырма кезінде біздің сыртымыздан бақылап отырса, нәтижесі жақсы болады, ал қиын тапсырма кезінде керісінше, нашар баға алады екенбіз. Егер тамақтану барысында адамдардың сыртынан біреу бақылап отырса, шамадан көп тамақ жеп қоюы мүмкін.

8. Достарымен салыстырса, адамдар жақсы жұмыс істей бастайды

Электрэнергиялық компания электр пайдаланудың төмендету үшін, «сіздің көршілеріңіз энергия үнемдеп жатыр» деген хабарландыру іліп қойғанда, расымен электр 2% үнемделіпті. Ал «электр энергияны үнемдеу – қаржыңызды үнемдеу», «электр энергияны болашағың үшін үнемде» деген секілді хабарландырулар керісінше, электр энергиясын көп жұмсауға итермелеген екен.

9. Бір істің орындалу барысы әрекеттің өзіне тікелей әсер етеді

Мектептегі адамдардың 56 % мектеп бюджетінің өсуі үшін дауыс берген, ал білім ордасынан тыс жердегілердің 53% қаржының қосылғанын қалаған. Арнайы тәжірибе орталығында мектептің суретін көргендердің 64 %-ы мектеп бюджетін өсіруге келіскен.

10. Бір нәрсе туралы көбірек білсең, ол саған ұнай түседі

Бұл жарнамаларда жиі қолданылады. Бір нәрсені білу үшін аз ғана секундтардың өзі жетерлік. Бір-екі секундтағы позитивті немесе неагативті суреттер біздің ойымызды өзгертуге қабілетті.

11. Дөңгелек және бұрыштар

Адамдарға төртбұрышты, үшбұрышты заттардан гөрі, дөңгелек заттар ұнайды.

12. Көпшілік ортада тосын жайттардан сақтаныңыз

Адамдар көп шоғырланған жерде қылмыс болса, көмек қолын созатындар аз. Сол сияқты бір адамнан қан кетіп жатса, оған жәрдемге ешкім келмеуі мүмкін. Ал егер қатты айқайлап көмек шақырған адам болса, оған міндетті түрде көмек көрсететіндер табылады. Бұдан шығатын қорытынды: қауіптіліктің айқын бейнесін көрсеткендер ғана көмек ала алады.

13. Біз барлығымыз бақытты болғымыз келеді, бірақ бұл жұмысымызға кері әсерін тигізеді

48 мемлекеттің 10 мың тұрғынына жүргізілген сауалнамада көбісі бай болу, жұмаққа кіруден гөрі бақытты болуды бірінші орынға қойған. Бақытты адамдар көбінесе мектепте нашар оқыған немесе жалақысы аз жұмыста істейді.

14. Біз бейімделу үшін қарапайым қателіктер жібереміз

Арнайы сауалнамаға жиналған 50 адамға қарапайым сұрақтар қойып, әдейі дұрыс емес жауап беруін өтінген. Нәтижесінде 50 адамның 37 қате жауап беріпті.

15. Біз көбінесе адамдардың сыртқы келбетін мінезінен ажырата алмай жатамыз

Түр-әлпеті тартымды жұлдыздар туралы «ол өте әдемі», «ол тартымды» деген секілді пікірлер жиі айтылады, көпшілікті бұл пікірлер оларды «ақылды» деп ойлауға мәжбүрлейді.

16. Барлық марапаттар бізге жағымды болмауы мүмкін

Көп күткен марапаттан гөрі, тосыннан алған марапат бізді шабыттандырады.

17. Билікке қол жеткізу біздің мінез-құлқымыз бен жүріс-тұрысымызға айтарлықтай әсер етеді

Стэнфорд түрмесінде еріктілерді «тұтқындар» мен «күзетшілер» деп екі топқа бөліп, тәжірибе жасалды. Бұл тәжірибені 6 күннен кейін тоқтатуға тура келді. Себебі, «күзетшілер» статусы бар адамдар «тұтқындарға» кәдімгідей билік жүргізе бастаған.  

18. Билік бізді мойынұсынуға итермелейді

Экспериментке қатысушыларға көрші бөлмедегі адам қойылып жатқан сұраққа қате жауап бергенде қолындағы тоқтың разрядын өсіріп отыру керектігін міндеттейді. Тәжірибенің екінші бөлімінде тоқтың «адам өмірі үшін өте қауіпті» дегеніне қарамай 63 % қатысушылар батырманы басып қалған.

19. Ерте жастан өзін-өзі бақылау үлкен жетістіктерге жеткізеді

Егер балалар ерте жастан өзін-өзі бақылауда ұстай алмаса, болашақта жұмыс орнында, университет қабырғасында көптеген кедергілерге тап болуы мүмкін.

20. Адамдар дөңгелек сандарды ұнатады

Біздің осы топтамамыз да 19 емес 20 тармақтан тұрады. Сол секілді жаттығуда көп адамдар 1.9 шақырымды емес 2 шақырым жүгіргенді қалайды.

#әлеуметтік психология
Материал автордың рұқсатымен жарияланды

Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және El.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады

Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!

Комменттер

comments powered by HyperComments

Ұқсас материалдар

Әріптестер