Гардеробыңызды сізден артық білетін маман

Жаңа кәсіптің бір қыры

Қазір адамдарды ұлтына немесе жынысына, әлеуметтік мәртебесіне емес, мамандығына, қызығушылығына қарай бөлген жөн шығар. Ұлттар емес, мамандықтар бүгінде жұтылып кетуде. Сонымен қатар жаңа мамандықтар пайда болуда. Біздің бүгінгі кейіпкеріміз – Шолпан Смаилова киім күтімі және гардероб жөніндегі маман, үй қызметкерлерін оқыту жөніндегі консультант, АРТ Пак компаниясының ресми өкілі. Ол киім-кешекті, керек-жарақты қалай жинастыруды біледі, қалай сақтау керегін айтады. Бір сөзбен айтқанда, ол сіздің гардеробыңыз туралы сізден артық біледі.  

- Шолпан ханым, мамандығыңыздың ерекшелігі неде деп ойлайсыз?

- Басқа саладағындай бұл салада да, бастысы ол -  жауапкершілік, ұқыптылық және өз ісіне адалдылық керек. Біздің жұмыста тәжірибелік бағаланады. Киімдерді жақсылап үтіктеу, олардың сапасын ажырата білу, киімдердің орнын кезекпен қоя білу сынды және жиһаздарды таза ұстау, ал ең бастысы сіз сол үйде жүргендіктен, сіз  отбасының бір мүшесі сияқты боласыз. Сол себепті үйде болған қандай да бір жайт туралы жақ ашпай, ешкімге сыр шашпағаныңыз қажет.  

 - Сіздің мамандығыңыз мүлдем жаңа. Ол мерчендайзерге жақын ба әлде сет-дизайнерге ме?

 - Мерчендайзерге шығар. Себебі, мен үшін шкафта тұрған киімдер өз орнымен және таза тұрғаны маңызды. Әр адам үшін үйге келіп өзінің гардеробын ашқанда, киімдер өз орнында, киім ілгіштердің дұрыс ілініп тұрғаны, маңызды деп ойлаймын. Тіпті киім ілгіштің 20 астам түрі бар, әрқайсының функциясы басқа.  Әрдайым өзімнің жұмыс берушілеріме жағымды эстетикалық әсер қалдырғым келеді.

-  Неліктен сіз осы мамандықты таңдадыңыз немесе оған қалай келдіңіз?

- Ең қызығы бұл жұмысты мен өзім таңдаған емеспін. Кездейсоқ келген жұмыс болатын. Бірде кішкентай қызымды үйде тастап кететін жағдай болмады, жұмысқа шыға алмадым. Солай жүргенде үй қызметкері деген хабарландыру беріп, кездейсоқ бұл ісім менің мамандығыма айналды. Қазіргі таңда бұл салада жұмыс жасамаймын. Бірақ ақыл, кеңес сұраған адамдарға мен өзімнің кішігірім тренигерімді өткізіп тұрамын.

- Мамандықтар әртүрлі санаттарға бөлінеді, қауіпті, сирек, жоғары ақылы. Сіздің мамандығыңыз қандай?

- Иә, менің кәсібім сирек кездесеін мамандықтардың бірі, және айта кететін жайт, егер сіз өз ісіңізге ұқыптылық танытып, жұмыс берушілермен  жақсы қарым қатынас жасай алатын болсаңыз сіздің жалақыңыз да көп болады. Сіздің беделіңіз бұл салада үлкен маңызды іс атқарады. Себебі сіздің жұмыс берушілеріңіз сіз туралы жақсы ойда болып, басқа да жұмыс берушілерге сізді ұсынса, онда сіз бұл салада жетістікке жеттіңіз деген сөз.

- Сіздің басқалардан артықшылығыңыз қандай?

- Меніңше мен өз ісімді жақсы көремін және әр істеген ісіме жауапкершілікпен қараймын.

- Сіздің мамандығыңызда қандай қиындықтар туындады?

- Менде бұл салада ешқандай да қиындықтар болмады. Сонымен қатар жұмыс берушілермен ара қатынасымыз жақсы. Олар маған кәсіби тұрғыда дамуыма көп көмегін тигізді және ол кісілермен әлі күнге дейін қарым-қатынасымыз жақсы деп айтсам болады. Кейде кофе ішуге шақырып тұрады (күлді). Оларға әлі де алғыс айтамын. 

- Осы салада сіз үлгі алатын беделді тұлға кім?

- Шынымды айтсам бұл туралы ойламаппын. Немесе өмірлік жолымда ондай адамды кездестірмедім деп айтсам болады. Мен оны бұл салада менің ғана беделім асып – тасып тұр деп ойлағаннан айтпадым. Әркімнің өзіндік жұмыс істеу тәртібі болады, жұмысқа деген басқаша көзқарасы болады. Сол себепті айтамын.

-  Балаларыңыздың сіздің кәсібіңізді жалғастырғанын қалар ма едіңіз?

- Меніңше әркімнің өз тағдыры болады. Мен оған философиялық жағынан қараймын. Үлкен қызым тілдерді үйренумен айналысады. Қазіргі таңда ағылшын және түрік тілдерін біледі. Ал кенже ұлым болса, математикаға жақын сияқты. Сол себепті әркім өзі шешу керек. Менің жұмысым, ол көбіне қыз-келіншектерге арналған сияқты.

- Технология дамып, кейбір мамандықтар толығымен жойылып кетті. Мысалы, жақын болашақта күзетші кәсібі мүлдем жоғалуы мүмкін. Ал сіздің мамандығыңыздың ақыры қашан деп ойлайсыз?

- Сіз білесіз бе, бұл жұмыс әрдайым қажеттілердің  қатарында болады. Мысалы, Еуропа елдерінде бұл жұмыс өте жоғары бағаланады. Себебі бұл мамандық иесінің жауапкершілігі де, атқаратын міндеті де зор. Мен нақты осындай уақыт керек болады деп айта алмаймын. Бірақ бір білетінім, бұл жұмыс әр уақытта қалаулы жұмыстар санатында болатыны күмәнсіз. Егер көшеден бір ер адамның мойнындағы галстугында дақ болса, қыры жоқ көйлек киген болса, сүртілмеген аяқ киіммен жүрсе, профессионал ретінде айтар едім, ол үйінен дайындықсыз шыққан. Ал бірнеше ғасыр бұрын айтылған "адамды киіміне қарап қарсы алып, ақылына қарай шығарып салады" мәтелі әлі де көкейтесті. Адамның түр-келбеті өте маңызды.

- «Маған досыңды көрсетсең, мен саған сенің кім екеніңді айтамын» деген сөздерді сіздің кәсібіңізге қатысты айтуға бола ма? Сіз клиентіңізге қарап оның қандай адам екенін анықтап бере аласыз ба?

- Түр келбетімен киіміне қарап ол адамның қаншалықты беделді және өзінің сырт келбетіне қаншалықты қарайтынын айта аламын. Адам жай киіне салуы мүмкін, бірақ киімінің бір біріне ұйқасып тұруы өте маңызды. Менің ойымша әр салада маманы өз кәсіп субъектісіне қарайды. Мысалы маникюр жасаушы адамның тырнағына қараса, стоматолог тісіне мән береді. Әлбетте, мен де өз клиенттерімнің гардеробына қарап, оның қандай екенін білуге тырысамын. Бірақ адамды гардеробына қарап, стереотипке қаптай салмаймын. Тек оның өмір сүру салтынан сыр тартуы мүмкін.

#кәсіпкер #қызық мамандық

Комментарий

comments powered by HyperComments

Ұқсас материалдар

Әріптестер