Қазақстандағы басылымдардың электронды нұсқасындағы фоторепортаж

24.09.2017

Кез-келген маңызды, дамыған басылымдардың электронды сайттары болады. Ертелі мен, кеш пе, әрбір болашағынан үміт күттіретін басылым аудиториясын кеңейтіп, имиджін дұрысынан қалыптастыру үшін электронды нұсқалардың пайда болуына әрекет жасайды. Алайда, мұнда туындайтын «бірақ» деген сөз бар. Бір ғана көз қуантарлық, және оқылуға ыңғайлы басылымның электронды нұсқасын жасау үшін телегей еңбек әрі қыруар қаржы қажет. Оның үстіне, сайт ішін әрлеу жұмыстарының өзі аз уақыт алмайды.  Аудиторияны кеңейту – әдетте оңай көріну мүмкін. Мәселен, «кір де қажетті ақпаратыңа қанық бол» деген ұранды сөз көп жағдайда жүзеге аса бермейді. Электронды нұсқалардағы жағдайлар жайлы түсініктің жеткіліксіз болуы – сайтты дамытуға кедергі келтіруде. Осыған байланысты, ұқсас жағдайлар әуелі ақпараттың жеткіліксіз болуынан, оны шешуде бір ғана амалмен – ақпаратты жинап, өңдеп ретке келтіру керек.

Жергілікті басылымдадың электронды нұсқаларындағы жағдайдың анық-қанығына жеткен соң басылымдардың өз сайттарына немқұрайды қарайтындығын жөнінде айтуға болады. Сонымен қатар, ғаламтор желісінің дамуы – қарқынды түрде реттеліп жатыр; сайт – ақпаратты жедел әрі оқырманға өтімді түрде таратудың ең тиімді жолы бола бастады. Алайда, баса назарда сайттың көркемділігі мен сапасын, оның сауаттылығын жіті бақылауға алу қажет. Дұрыс жасалмаған сайт – біріншіден, адамның көзіне көп іліге бермейді, екіншіден, басылым жайлы адам ойын кері ықпалға итермелейді.

Оқырманға дұрысынан әсер ететін сайт мінездемесі:

• «іздеу» жүйесінің оңтайлылығы

• тартымды дизайн

• ыңғайлы навигация

• ақпараттың көптігі

• қосымша сервистердің қолжетімділігі

Керісінше, оқырманға бұрысынан әсер ететін сайт мінездемесі:

• сайтты іздеудегі қиыншылық

• басылымның дәрежесі мен абыройына дизайнның сәйкес болмауы, яғни оқырман күткен дәрежеден төмен болуы

• навигацияның ыңғайсыз болуы

• қажетті ақпараттың сайтта болмауы

• сайттың тек қана ақпараттық қызметте болуы, яғни, қосымша сервистердің болмауы

• «Тартымсыз» жарнамалардың көптеп өріс алуы

• Сайттың тек кейбір бөлімдері қызмет етіп, қалғандары қызметте болмауы

• Сайт жаңарып тұруының төменгі қарқында жұмыс істеу

Адам ең әуелі сауатсыз жасалынған сайттарға назар аударады. Сол себепті, төменде, біз дұрысынан жасалмаған немесе тартымсыз деп есептейтін сайттар тізбегін көрсетеміз.

Аталмыш басылымдардың электрондық нұсқасы жоғарыда аталған жақсы мінездемелер санатына жатады. Газеттердің электрондық нұсқалары жасалыну барысында барлық принциптер мен ерекшеліктер ескерілді. 

Құрылым:

1. Жаңалықтар лентасы  –  бөлімдердің түгелін дерлік біріктіріп, жеке-жеке бөліктерге бөлетін басты бет. Мәселен, құрамында саясат, экономика, мәдениет, спорт, шоу-бизнес, төтенше жағдайлар, қоғам, технология секілді тараулар болуы мүмкін.

2. Оқырман бөлімі – жоғарыда аталған басты бетте маңызды ролб атқаратын үлкен бөлім. Мұнда актуалды деген он шақты жаңалық шығып тұрады. Ол пікірлер көлемі мен маңыздылығына қарай іріктеледі.

3. Басылым жайлы ақпарат – сайттың төменгі бетінде аталмыш басылым жайлы біршама мағлұматтар беріледі. Оның қатарында басылымның шығу тарихы, орналасу аймағы, кадрлар бөлімі және вакансия бөлімі бар.

4. Сайттың картасы – Беттің жоғарғы бөлігінде сайтқа кішігірім шолу жасалады. Мұны «сайттың картасы» деп атайды. Онда бөлімдер мен тараулардың және айдарлардың қысқаша үзінділері тұрады.

5. Өзге де ақпарат көздеріне сілтеме – негатив білдірмейтін жарнама түрі болған дұрысырақ. Бұдан басқа бөлімдерде серіктес басылымдар мен өзекті тақырыптардың мақалалары көрсетілуі мүмкін.

6. Жарнама – көзге түрпідей тимейтін, және сайт дизайнымен ерекше үйлесім тапқан кішігірім бөлік. Ол – әдетте сайттың жоғары бетінде орналасады.

7. Сайттағы материалдарға ыңғайлы қолжетімділік. Тіпті, жаңалықтарды «RSS» және «TWITTER» арқылы бақылап, ақпараттардан хабардар болуға жағдай жасауға болады.

Сондай-ақ, сайт құрастыру барысында жаңа технологияларды қолдана отыруды ұмытпау қажет. Тышқанды – қызықтырған материал бетіне апарғанда контекстті, ерекше иллюстарциялы жазулар мен материалға кішігірім аннотация шықса, нұр үстіне нұр емес пе?! Тегтердің ыңғайлы түрі қатысса, сол арқылы өзге де қызықтырған материалдарға тікелей жолдамаға алуға болады. Ал бұл функция – оқырмандардың көбеюіне тікелей ықпал етеді.

Соңғы уақытта отандық бұқаралық ақпарат құралдарында бұл сөз жиі айтыла бастады. Дәстүрлі баспасөз жаңа медианың кейбір құбылыстарын, элементтерін қабылдай бастағанын мойындау керек. Газет беттерінде интернетте көп кездесетін материалды қысқа да нұсқа беру тәсілдері сіңісіп кетті. Оқырман қауымның назарын айрықша аударған бұл жаңашылдықтар өзінің тиімділігін аңғартып, болашағы зор екенін дәлелдеп отыр. Себебі, уақыт сайын қоғамның ақпарат қабылдау деңгейі мен танымы өзгереді. Өзіміздің ХХІ ғасырда өмір сүріп отырғанымызды ескерсек, ақпарат саласына жаңадан қосылып жатқан тың технологияларды бағындыра білудің маңызы жоғары.

Қазір елімізде ғаламторда веб-сайты жоқ басылымдарды жиі ұшыратуға болады. Дербес сайтқа ие газет-журналдар өзінің баспалық нұсқасымен қатар виртуалды кеңістікте де ақпарат таратып отыр. Елбасымыз қазіргі басылымдардың заманға сай дамуы тиістігін айтқан. Бұған қоса, мемлекет өңірлерде тұрақты шығатын газеттерге қолдау білдіріп, жеке сайттарын ашуға мүмкіндік тудыруда.

Павлодар аймағында БАҚ-тардың жаңа медиаға бет бұрып, ақпарат таратудың озық әдістерін игеруі бағытында аз жұмыс жасалып жатқан жоқ. Бұл ретте, облыстық ата басылым - «Сарыарқа самалы» газеті аудандық, қалалық газеттерге үлгі-өнеге көрсетіп қана қоймай, ғаламтордағы ана тіліндегі контенттің дамуына айтарлықтай үлесін қосуда. 2010 жылы іске қосылған электронды нұсқа интернет пайдаланушыларға жедел хабар жеткізуімен ерекшеленеді. Биыл қазан айында дизайны жаңарған сайтта тың мүмкіндіктер, айдарлар мен бөлімдер пайда болып, бұрынғыдан да қызықтырақ бола түсті. Сайтымыз күн сайын жаңарады. Бұл жағынан алғанда, басылым редакциясы еліміздегі ақпараттық саясаттың өңірлерге тиесілі міндетін толықтай атқарып отыр деп сеніммен айта аламыз.

Өкініштісі, аудандық, қалалық газеттердің сайт мәселесі облыста кенже қалуда. Бұған көбіне редакциялардың жете мән бермеуі де кедергі келтіруде. Газеттердегі штат санының аздығы да түйткілдің шешілмеуіне себепкер. «Қазконтент» АҚ-ның қолдауымен «Baq.kz» порталында еліміздің өзге де басылымдары секілді, біздің өңірдің бірқатар редакциялары өздерінің сайттарын ашқан. Алайда, электронды нұсқаның уақытылы жаңармауынан, техникалық мамандардың жоқтығынан бұл іс ақсап қалды. Қазір өңірлер порталдағы парақшаларын жаңартуға аса құлықты емес.

Железинде өткен аймақтағы қазақ журналистерінің жиынында бұл мәселе де қатысушылар назарынан тыс қалмады. «Газеттің электронды нұсқасы һәм жаңа медиа» секциясына жиналғандар осы тақырыпта өз ой-пікірлерін ортаға салды. Байқалғандай, жергілікті редакциялар көбіне көп сайт ашылса, газет таралымы төмендеп кетеді деген пікірді ұстанады. Олар үшін жергілікті оқырмандар легін газет арқылы ғана қалыптастыруға болады. Бүгінде жұртшылық үшін интернет қолжетімді бола түскенін, ауылды жерлер де бұл игіліктің қызығын көре бастағанын ескерсек, ендігі кезекте газеттер үшін веб-сайт ажырамас бөлік болып саналуы тиіс. Тіпті, қазір кейбір республикалық газеттер жабылып, орнына сайттар құрылып жатқаны да әмбеге аян. Мәселен, «Нұр Астана» газетін алайық. Қазір бұл газет тек интернетте ғана жұмыс істейді, баспалық нұсқасын мүлдем тоқтатып тастаған. Ал, кейбір редакциялардың іштерінде I электронды редакциялар, яғни тек басылымның интернет нұсқасымен шұғылданатын арнаулы бөлімдер құрылып жатыр.

Павлодар облысының аудандық-қалалық газеттері алдағы уақытта мемлекет көмегін пайдаланып, өз алдарына жеке сайттарын ашуы керек. Бұл - уақыт талабы әрі мемлекеттік ақпараттық саясаттың бір бағыты. Қазіргі күні республикада қазақ газеттеріне тегін сайт жасалып беріліп жатқанын естіп те, көріп те жүрміз. Осы мүмкіндікті өзге де әріптестеріміз орнымен пайдаланса дейміз. Интернеттегі қазақ тілді контенттің өркендеуіне ел аумағында орналасқан кез келген ақпарат құралы өз үлесін қосуға міндетті. Сол арқылы ғана отандық ресурстарды жетілдіріп, ғаламтордағы ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге септігімізді тигізе аламыз.

«Егемен Қазақстан» газетінің электрондық нұсқасындағы фоторепортаж. Табиғатты  бейнелеу  фотограф  үшін өте  қызықты  жұмыс.  Ондағы  әртүрлі  оқиғалар мен  қызықты  жағдайлар, кездескен  сайын  фотожурналист  өмірі  қызық үстіне  қызықтала түседі.  Мұндағы  фотосуреттер  дені  пейзаж.  Яғни,  бұл  фотожурналисттің  фотожурналистикалық  жанрларға  жатпайытн  жанрлары.  Пейзаж  көбіне  табиғат  көрінісін  бейнелейтін  жанр.  Ондағы сұлулық,  көркем  табиғат  көз  тартарлық  фонмен  берілген  бұл  фотоальбомның құны  қазақ елі  халқы  үшін  маңызды  роль  атқарады. Фотоальбомдық жинақтарды  фотожурналистикамен  неге шатыстырып  отыр деген  ой  туындауы әбден  мүмкін.    Мұндағы  мақсат  Қазақстан  фотографтарының қаншалықты деңгейде  өз  мамандықтарын  меңгергендігі  жайлы  мағлұмат  беру,  ұғыну  болып  отыр.  Фотография мен  айналыса  бастаған ф отограф  әйтеуір  бір  күндері  фото репортажға  бетр  бұратыны  белгілі.  Бұл  жайында  диплом  жұмысымның    бірінші тарауында  айтып  өткен  болатынмын.  Осындай  жағдайларға  куә  ретінде  Бондаренконы  айтсақ  болады.  Сергей  Бондаренко  “Егемен  Қазақстан”  газетінің  білікті  фотожурналисттерінің  бірі.  Оның  “Егемен  Қазақстандағы”    фоторепортаждарын  біртіндеп  айтып  отырудың  қажеті  шамалы. Дегенмен,  саалсын  анықтап,  айта кету  керек.  Оның репортаждарын    “Егемен  Қазақстан”  газетін  ақтарып  отырып,  байқап қарасаң, репортаждары  төрт  дана суреттен  аспайды.ы  максиум  төрт  дана.  Онда  ол  бүкіл  оқиғаның  желісінің  не  жайында  екендігін, барлығын бейнелеп  көрсетуге  тырысады.

Кей-кейде бір суретінен-ақ  оқиғаның не жайлы болатындығын көрсетіп кетеді.

Ал фотоальбомдағы суреттерін көрсең, « еңбегі қонған ердің елі мақтан етеді « демекші Президенттің жарқын бейнесін аша білген. Бұл  Назарбаев туралы фотоальбомда ол Назарбаевтың балаларымен , келер ұрпақ жас буынмен қарым- қатынасын көруге тырысқан . Ел басының жастарды ешқашан ұмытпағандығын, олардың шаттығы өзінің бақыттындай көретіндігін бұл фотосуреттерден анық көре аласыздар. «Сіздердің жарқын жүздеріңізге қарап, мен елмнің болашағын көргендей күй кешемін. Осындай сәттерде бойыма елімнің келешегінің кемелдігіне деген нық сенім ұялайды» - дейді Назарбаев жастармен кездесуіндегі бір сөзінде. Назарбаевтің елшілермен, жанұясымен , түрлі кездесулердегі сәттерін нақ түсірген фотогроф әрі фотожурналист Бондеренконы өз мамандығын жетік меңгергендігін осы бір еңбектерімен дәлелдей түседі. Өнер әр қашан да мәдениетпен ұштасып жатқан үлкен бір өмір саласы болып табылады. Фотожурналистикада сол өмірсаласының бір тұтқасы , есігі, ашып кірсен шықққысыз.  Мәдениеттін жоғарғы болуы, өркенниетті ел болудың көзі осы секілді түрлі салаларды көбейту оларға күш беру болып табылады.

«Мемлекеттің қуаты азаматтарының мәдениет, білім деңгейімен өлшенетіні ежелден мәлім жәйт. Халықаралық ұлттың өз ішіндегі  татулықпен келісімнің өзегіне де  нақ сол мәдениет ұстанымдары өріледі. Мәдениет біз үшін – елді ілгері бастыру саясатының пәрменді тұтқасы» Енді көрші жатқан Туркия елінің «Жібек жолы» жайлы түсірілген фотоальбомын  көрелік. Бұл фотоальбомның фотогрофтары интернет жүйесіне өзінің фотосуреттерін еңгізген. Олег Белялов пен  Владимр Морозов, Виктор Лиханов альбомның бірінші бетінде ақ Отырар төбені бейнелеген. Сондай керекті жерін , одан бұрынғының  құмырасы  шығып жатқаннан түсірген. Онда табылған әрбір ыдыстың оюларын нақ  түсіріп,  қазақ  көшінің  бейнесін көз алдыңа әкеліп қояды. Суретті түсірудегі  шеберлікке шек жоқ екені рас  Түркістандағы Қожа Ахмет  Ясауидің кесенесінің барлық тұстарын тауып , қазақ салт – дәстүрінің , дінінің, халқының ерешеліктерін азғана мәтінмен қоса қабат түсіндіріп кеткен.Онда «Қарашашана» мовзелеиі, «Қарақан » , «Исмайл ата», Сайрамдағы  «Абділ-Азиз баба»  мавзолейі  тағы қазақ  жеріндегі  «Жібек жолы » маңындағы әулие жерлерді  фотографтар өте керемет бейнелей білген. Бұл суреттердің дені «фотоэтюд» жанрына келеді. Тағы бір Анкарада жарық көрген Елбасы туралы фотоальбом бар. Ондағы фотожурналистер Жозеф Бодневич , Ержан Уайс , Анатоли Устименко. Бұл фотоальбомда көбіне жұмыс кезіндегі Назарбаевты көреміз. Онда репортаж, очерк жанрлары кездеседі .

Ендігі жерде біз газетбетеріндегі фотосуреттерге келсек. Егемен Қазақстанның  бір санында «Қошқарата Қошеметі» - деген мақалада музейдің суреті, ондағы адамдардың  суреті бар.  Дегенмен өзге газеттермен есептегенде өте аз орынды суреттер алады екен . Бұл суреттердің авторы Талғат Омаров болады. Жалпы Егемен Қазақстан газетінде Берсінбек Сәрсенов,Т. Қосшығұлов, Орынбай Балмұрат, А. Устиненко, С, Бундаренко, Б. Отарбаев , Шүкір Шақай , Ғалыбек Сәбитов, Юри Беккер секілді фото тілшілер қызмет атқарады. Мұндағы Талғат Омаров республикалық «Түркістан » газетінде қызмет жасайды. Бұлардың әр қайсысының суретті түсіру ерекшеліктері бар . Мәселен , Бондеренко өзінің өзге фотоальбомдарда  ресми емес  қызметті  атқаратынына  қарамай Егемен Қазақстан газетиіндегі  еңбектері дені  ресми  дені ресми. Репортаж  түсіру  бұл бір үлкен оқиғаны кішкене ғана квадрат суреттің ішіне сыйғызу  деген сөз. Бұған кез келген фотожурналистің құдіреті жете бермейтіні анық.»

Фотожурналист бір нәрсені ықшамдай  білу  керек,  оның  түйінін ықшамдап  кішірейтілген  түрде көрсетуі қажет» Газет бетіне жарияланатын фотосуреттер сонысымен ерекшеленеді. Газет бетіндегі фотосуреттер әр жанрда кездесетінін білеміз. Оның бастысы репортаж, корреспонденция, фотоэтюд, фотоочерк, фотозаметкалар. Бұл газет бетінен жиі орын алатын жанрлар болып  табылады. Сонымен бірге тағы да очеркке ұқсамайтын түрлі тұлғалардың кішкентай ғана фотосуреттері  жиі  жарияланады  және олар жалғыз  болады. Бұл репортажға да ұқсас келеді. Мәтіні  саясатқа жақын. Бұл фотосуретің  аты-тегі жоқ.  Мен диплом  жұмысымды зерттей келе осы фотосуретті  фотосаясат деп атауды ұйғардым. Себебі  мен  айтып  отырған  фотосуреттің саяси қыры бар екендігін байқайсыз. Фотосаясат өте көп газеттерде орын алады. Бұл фотосуреттерде белгілі бір тұлға саяси жымысқы қылықтар жасайтын кездері болады. Мәселен, өзінің  астымен  қарау, көзінен кек оты өртеніп тұрып ернінің жымиып күлуін деген сәттерді түсіріп алатын білікті фотожурналистердің бірі  Ғалымбек Сәбитов дер едім. Оның осы тұрғыда түсірілген фотосуреттерін Егемен Қазақстан  газетінен  көп кездестірдім. Оның бір  сәттік  қимылды  білдіру, ондағы сыр құпияны ашу фотожурналистің шеберлігін артттыра  түседі. Мұндай шеберлікті өз еңбектерінде Бондоренка да көрсете алады. Ол  бір  сәтті қағып  алады және оы мәңгілік етеді. Журналист болу да неше  түрлі  тұлғалардың сырын ашып, оның жан дүниесінің бұлқынысын білу емес пе. Дегенмен, жеке бастың құқығы деген тағы бар мұны ұмытпауымыз керек. Журналистке қойылатын талап міндет фотожурналистке де қойылатыны анық. Әрине, қазақстанда баспасөз  еркіндігі  бар  болғанымен  бұл  сөз тек қағаз жүзінде ғана екні мәлім. Фотосаясат жайында өте көп нәрсе айтуға болады. Десем де оған бірнеше анықтама бергендеймін. Фотосаясаттың газет бетінен ерекшеленіп тұратын тұстары да  аз емес. Жанрлар  туралы қарастырғанда саясат хақында фоторепортаж  түсіретіні  анық. Бірақ, оның  нақты ережесі  оқиғаның  бастан аяқ сипатын беру болып  табылатындықтан саясат жайында түсіретін фотожанр жоқтығын тағы  да дәлелдеп өттім.  Оны газет беттеріндегі жанрлы фотосуреттердің  өзі-ақ  көрсетіп дәлелдейді.  Яки  фотосаясаттың тексіз  атсыз тұрғнын фотожанрлар  бөлектеп береді.» жанр  қашанда қоғалыс үстінде, өзгерістер мен жаңарудың жанында жүретін  дүние. Заман өткен сайын жанр өз қатарын  көбейтіп,  ескілері тарих пен  өнер бетінде қала береді» Жанр өзіме  бірге бірнеше  қасиеттерді алып келді. Газет бетінен онықты орын  алатыны да  сондықтан болуы  керек. Газетте  көбіне репортаж бен корреспонденцияның орын алатыны мәлім. Бұлармен бірге фотосаясат та көптеп жарияланымдарда жарық көреді. Фотосаясат журналдарда да ерекше ролге ие. Онда фоторепортаждар көп жарияланбаса да фотосаясаттың көп көрініс алуы таңсық емес.  Дәл қазір фотосаясат фотожурналистика өмірінде жаңалық  болмаса  да келешекте  зерттеуді  қажет ететін жанр екендігіне сенімім мол.

Мақала авторы - Дана Мәулен
Материал автордың рұқсатымен жарияланды

Тағы да оқитындарыңыз