Астанада герентологтердің ІІ Еуразиялық съезі өтті 

22.06.2017

Бүгінгі өтіп жатқан герентологтердің ІІ Еуразиялық съезіне Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіхалықова қатысты. Сондай-ақ, ҚР ПІБ Медицина орталығының басшылығы, Ресей, АҚШ, Ұлыбритания, Жапония, Әзірбайжан, Украина, Беларусь және т.б елдердің жетекші ғылыми орталықтарының өкілдері келді.

Мемлекеттік хатшы құттықтау сөзінде 2025 жылға қарай дүние жүзінде егде адамдар саны БҰҰ болжамы бойынша 1 млрд. 100 миллионға жететінін айтып кетті. Ал елімізде 2012 жыл мен 2016 жылдың арасында жасы 60-тан асқан халық санының үлес мөлшері 7%-дан 12%-ға дейін артса, адам өмірінің орташа ұзақтығы 72 жастан асқан.

«Осы съездің ЭКСПО-мен тұспа-тұс келуінің өзі көңіл қуантады. «Болашақ энергиясы» деп аталатын көрме мен осы өтіп жатқан қос шараның бір-бірімен байланысы көп. Бұл съез герентологиядағы басты мәселелердің шешілуіне жол ашатынына сенімдімін. Барлықтарыңызды ЭКСПО-2017 көрмесіне шақырамын» – деді Мемлекеттік хатшы.

Гүлшара Әбдіхалықова ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың ұзақ өмір сүру бойынша қол жеткізген деңгейіміз – біздің басты жетістігіміз екенін айтып кетті.

Еуропалық герентологтар мен гериатрия қауымдастығының президенті, РМҒА бөлімшесінің биорегуляция және герентология институтының директоры Владимир Хавинсон өз сөзінде Еуразиялық мемлекеттерді бірлестіретін Астана – осындай маңызды шаралары өткізетін орталыққа айналғанын айтты. Сондай-ақ, келесі айда Сан-Францискода өтетін шараға барлық герентологтарды шақырды.

Ашылудан кейін қонақтар көрмені аралады. Мұнда адам денсаулығын жақсартатын, әр түрлі дерттеріне шипа болатын, өмір жасын ұзартуға ықпал ететін бірнеше компаниялардың өнімдері, жарнамалары көрсетілді.

Съезде герентологияның және гериатрияның өзекті мәселелері – іргелі, клиникалық, медициналық-әлеуметтік мәселелер, белсенді және ұзақ өмір сүру, сапалы тұрмыс пен сауықтыру терапиясының ерекшеліктері, адамдарды оңталту жағдайы секілді тағы да басқа мәселелер кеңірек талықаланбақ.

Герентологтардың ІІ Еуразиялық съезінде Еуразия кеңістігіндегі герентологтар қоғамдастықтарының жұмыс тәжірибелері жинақталатын болады.

Съездің ашылу салтанатынан соң,  «Геронтология мен гериатрияның негізгі клиникалық және медициналық-әлеуметтік мәселелері» атты планарлық отырыс өтпек. Онда ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі, медицина ғылымдарының докторы, профессор, ҚР Президенті іс Басқармасы Медициналық орталығының басшысыы Бенберин Валерий Қазақстан халқының ұзақ өмір сүруі бойынша медициналық-әлеуметтік мәселелерді шешу жолдарын ашып айтады. Сондай-ақ, «Ұзақ өмір сүру: тәжірибе мен перспектива», «Дербестелген медицина және салауатты ұзақ өмір сүру», «Ұзақ өмір сүрудің медициналық-биологиялық, ұлттық-этностық және әлеуметтік факторлары» және т.б тақырыптарда ғылыми баяндамалар тыңдалады.

Сурет - Нұрбек Әлманбетов Мақала авторы - Мөлдір Қайнар
Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және El.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады

Тағы да оқитындарыңыз