Сырбай Мәуленов – публицист-редактор

23.09.2017

«Қазақ әдебиеті» газетіндегі редакторлық қызметі

Сырбай Мәуленовтің «Қазақ әдебиеті» газетінде (бас реадактордың орынбасары 1957-1961, бас редактор 1955-1957, 1971-1977), «Жұлдыз» журналында(бас редактор – 1964-1971) қызмет істеген жылдары – қаламгердің шығармашылық, өмірлік жолындағы айырықша табысты бел-белестер. Әрі азамат, әрі ақын ретінде әлеуметтік, шығармашылық өмірге белсене араласуы шығармашылық, адамгершілік тұғырын нықтап, толысуына,кемелденуіне игі ықпал жасағаны сөзсіз. Сол кездегі Кеңес елінің түрлі республикаларын аралау, шығармашылық өкідермен жиі-жиі араласуы көзқарас өрісінің кеңеюіне, талғамы мен талабының биіктеуіне зор әсер етті.

1955 жылдың 14 қаңтарынын бастап «Қазақ әдебиеті» газеті қайтадан жарыққа шыға бастады. Газеттің бас редакторы болып  Сырбай Мәуленов тағайындалды. Бұл қызмет Сырбай Мәуленовтің жазу шеберлігін ғана емес, азаматтық көзқарасын талап етті. Бас редактор ретінде ол ана тілінің мәртебесін көтеруді бірінші міндетім деп білді. Бұған дәлел – газеттің алғашқы санынан бастап қазақ тілін көтермелейтін мақалалардың жариялануы. Газеттің алашқы санында әдеби тілдің көркеюін насихаттайтын Мұхтар Әуезов «Сәт сапарға дос ниет» деген көлемді мақаласы, Ісмет Кеңесбаевтың «Тіл байлығы» үшін шығармасы жарық көрсе, кейіннен лек-легімен Ә. Нарымбетовтың «Ана тілін ардақтайық» мақаласы,Т. Жанұзақовтың «Терминдер жайында» мақалалары, Ғ. Қайырбековтың «Ана тілі» деп аталатын өлеңі газет бетіне шықты. Сол кезеңдегі саясаттың суығына қарамастан,мұндай жалынды жарияланымдардың жарыққа шығару үшіні бірінші жауапкершілік бас редактордың мойнында болатын даусыз.

«Газет редакторы – редакция ұжымының саяси жетекшісі, ұйымдастырушысы және тәрбиешісі» [28.30]

Тіпті, мұндай саяси көзқарас тұрмақ, әріп қатесі үшін де бас редактор жауап жауап береді. Бірақ, бұл тұрғыдан алғанда Сырбай Мәуленов өзі ісінің шебері болған. Оған дәлел ретінде әріптесі Мұзафар Әлімбаевтың былай дейді: «Ол шалғайда дайындалған, шала жаңсақ мақалалар, өлең-жырларды, очерк суреттемелерді, жай хабарларға шейін мұқият оқып, асты нсызып, кемшілгін анықтап көрсетіп, бөлімдерге, яғни дайындаған қызметкерлерге қайтарып беретін».

Сырбай Мәуленов басқарған редакцияның журналистік мектептке айналғанын және ол мектептің іргетасы қалай қаланғанын әріптесі Мұзафар Әлімбаев мынадай пікір айтады:

«Бәрі де іске ынталы, ізденгіш, тапсырылған жұмысқа өте ұқыпты, мәттақым, жауапкершіл, білгір маман, қаламының қайраты бар абыройлы авторларды танығыш, керек материалдарды жаздыруды жанын салып ұйымдастырғыш. Әрі әрқайсысы газеттің әр нөміріне бір жаңалық қосуға, қостыруға құлшынып тұратын. Осы қасиет-сапалардың биік тұрғысынан қарасақ, бас үлгі Бас редактордың өзі: әмбебап, нағыз газеттер, жаңалықа ұмтылғыш, тың идея тапқыш, өзгелерге ой тастағыш, ұжымдағыларды жұмылдырғыш, кімнің қандай оңтайы бар соған қарап кімге тапсыруды, нені жаздыруды жіті біледі. Өзі де жазғыш: өлеңдегі беледі өзі бір төбе. Басқа жанрларда да бас редактордың еңбегі ұсақ емес, ірі, көзге көрініп, көптің мақұлдауына ие болып жатады. Мәселен, мынау деген елеулі-елеулі мәселелерге арналған бас мақаланы машинистикаға тікелей ауызша айтып, 45-50 минут шамасында дік еткізе түсіреді. Және бір қызығы – демократтығы, кішіпейілділігі. Әлгі машинкадан жаңа шыққан бас мақаланы бөім меңгерушілерінің кез келгеніне оқыттырып,, редакциялатқызады, пікір қостырады, стилистика тұрғысынан түзеттіреді. Әрине, бұл процесс екінші дананың бетінде жүргізіледі...Бас редактормын-ау демейді: бағыныштының бағалы пікірлерін, дұрыс түзетулерін қабылдайды, өз тұғырнамасын  қорғайды, қорғай алады».

Сырбай Мәуленов өткір сын пікірлерді жазуда өзі де аянып қалмады. «Жас әдебиетші» деген бас мақаласында Қазақ ССР Оқу министрлігінің Қазақстандағы жоғарғы оқу орындарынан қазақ тілі пәнін алып тастағанын, бұл тіл мен әдебиеттің тағдырына салғырт қарау екендігін, осындай жоғары орнатқан өзгерістердің қазақ тілі ме әдебиетіне көп зардабы тиетінін ашық түрде  батыл   жеткізе білген.

Сондай-ақ, «Қазақ әдебиеті» газеті фельетондар мен батыл сын мақалалара кеңінен орын беріп еңбекшілер дәстүріне де айрықша көңіл бөліп, республиканың әлеуметтік рухани өмірін мол қамтып жазып отырған. Обыстардағы әдебиет бірлестіктерінің жұмысы, журналистер даярлау ісі, әдеби мұраларымызды ардақтау, саяси-ағарту мәселесі, тың өлкесі, жас ақындар мен жазушыларды оқырманмен таныстырып отырды.Өлең,эпиграммалар, достық шарж, сықақтар да жиі беріліп тұрған. Қысқасы, Сырбай Мәуленов редактор болған 1955-1957 жылдары газеттерлі қарасақ, басылым өмірдің барлық салаларын қамтыған.Редактор редакция қызметкерлерінен күнделікті жаңа, ешкім әлі жазбаған тық тақырыпқа материал ұсынуды сұрайды екен. Сөйтіп, олардың ішінен өзі іріктеп, тек таңдаулыларын жариялап отырған.Соның арқасында, қызықты айдарлардың саны да сапасы да артып отырған.Оның үстіне Сырбай Мәуленов тақырып қоюда ерекеше талғампаз болғаны соншалық, тіпті кейбір айдарларға да ерекеше ат қойған. Мысалы, «Елін сүйген ұл-қыздар – елін сүйген жұлдыздар», «Білім бұлағы – кітапты сүйіңдер», «Шеберлік мәселесін талқылаймыз», «Жазылып біткен повестен үзінді», «Архив қазынасын ақтарғанда» деген атауларды алға тарта аламыз. Сондай-ақ, барлық басылымға тән «Қазақ әдебиеті» газетінде де болған.«Тәлім тәрбие тақырыбына», «Баспа», «Кино», «Экономика тақырыбына», «Кітап және оқушы», «Спорт» сияқтытұрақты айдарларға тың мақалаларды ұсыну жұмысы қызу жүргізілген.

Сырбай Мәуленов бас редактор ретінде газетке сыни, өткір бас мақаларды жариялап тұрған. Соның бірі «Келелі мәселелерді кең көтерейін» атты бас мақаласы:

«...Газет әдебиеттің түр, шеберлік мәселелеріне көп көңіл аударады. Қазақ әдебиетінің көптеген проблемалық мәселелерін күн тәртібіне қойып, өзінің әділ шешімін алға қойып отырмақ», -деп жазды. Газет сөзінде тұра білді. Әдебиеттің көкейтесті мәслелері жиі жазылып, батыл-батыл пікірлер айтылды. Мәселен, Қ.Тұрғанбаев «Тағы да әдеби мұра жайында» деген мақаласында батырлық, лиро-эпостық жырлар мен балаларға арналған ертегілер ескішіл, дінді уағыздайды деп шетке қағылып, еске алынбай келе жатқанын айта келіп, автор: «Егер батылдықпен барды барша ашып көрсете білсек, «бірыңғай», бір беткей негилистік, әкімшілік пен тұрапайлану жолына түспейміз. Енді мұра туралы еңбектер коллективті авторлар қолынан өткені дұрыс. Айғай-шулар кезінде, атап айту керек, М.Әуезов, С.Мұқанов, Х.Жұмағалиев, Е.Ымсаиов сияқты аға әдебиетшіердің көпегн зерттеп келген еңбектері жоққа шығарылады. Енді қарғы тағып, балаға қуудан аулақ көшетін уақыт жетті» [7.38], - деп ашына жазды.

Сондай-ақ, газеттің бүкпелемей, баспа жұмысына үнемі пікірлер айтып отыруы да құптарлық жайт. Х. Сүйіншәлиев «Кедергі неде?» мақаласында баспа саясатын сынға алды. Республиикада ғылыми монография, сын мақалалар жинағын шығаратын баспаның жоқтығына қынжылыс білдіреді. Ғ.Мүсіреповтің «Баспадан оқушыға дейін» деген сын мақаласында: «Кітапқа немқұрайлы қараушылық Қазақстан баспа орындары қызметкерлерінің де көбінен байқалады. Олар кітап оформлениесінің сапасын төмендетпеуге тіпті көңіл аудармайды», - деген пікірі жарыққа шықты. Газеттің «Тұңғыш кітап және редактор» бас мақаласындағы баспадағы редакторар жұмысы қатты сынға алынып, «... жас жазушыларға белгілі ақын-жазушылар редактор болса» деген пікір айтылады. 

Автор «Борыш» деп аталатын бұл мақаласында өткен жылдар қойнауында кеткен есесін қайтарғысы келетінін аңғарамыз. Сырбай Мәуленовтің алға тартқан бір топ мәселелерін дәл осы мақаладан оқып, оның әрбір сөзімен келісесің.

«Әр жерде сөз болғаны болмаса, әлі күнге дейін Алматыда әдебиет музейі жоқ. Жезқазған жерінде ертеде Жарық деген станцияға Сәкен аты қойылған екен. Кейіннен – 1937 жылы Сәкен аты жойылып, қайтадан Жарық қалпына көшіпті. Әділдік үстемдік құрған осы кезде сол станцияны Сәкен атына қайтып берсе, қандай орынды бір іс болар еді. Көкшетаудың облыстық қазақ газеі көп жылдан бері «Көкшетау правдасы» болып аталады. Ал оны «Көкшетау ақиқаты» деп өзі сұранып, дайын тұрған сөзбен атаса, несі айып? Жезқазғанның қасында Никольский деген кенді қала бар. Оған сол жердің кенін зерттеп, тұңғыш рет ашқан, жер жүзіне мәлім ғалым Қаныш Сәтбаев есімін еншілесек, неден ұтыламыз? Ал Алматыдағы бірсыпыра ақын – жазушыларымыздың атындағы көшелер де көңілді қанағаттандырмайды Ұлы ағартушы, озық ойлы, орыстың тілін, әдебиетін халқымызға тұңғыш таратушылардың бірі Ыбырай Алтынсарин атындағы көшенің көлемі қораш, ұзындығы не бары жүз метр екендігі туралы «Қазақ әдебиет» газеті екі рет арнайы мақала жазып, дабыл қақты. Бірақ, дабыл даусы тиісті орындардың құлағына жетпей, жайына қалды».

Ононмастика тақырыбы әлі күнге дейін өзекті болып тұрған мәселелердің бірі.Елді мекендердің, көшелердің атауына қатысты даулы көзқарастар жиі туындап жатады. Туындайтындай себеп те бар. Кейбір қазақ әріптерінің дұрыс жазылмауы,  көшелерге қазақ елі үшін айтарлықтай маңызы жоқ, тіпті, жергілікті тұрғындардың өзі танымайтын басқа ұлт өкілдерінің есімдері берілуі сияқты бірқатар мәселелер әлі де шешімін таппаған. Осыдан екі жыл бұрын «Қазақ әдебиеті» газетінде «Олпы-солпы» ономастика деген тақырыпты көлемді мақала жарық көрді. Сол мақалада Алматы қаласындағы белгісіз орыс ұлтының өкілінің есімі берілген көшеде, тұрғындардың ешқайсы ол адамның кім екенін, не үшін  көше оның атымен аталатынын білмейтін болы шықты.

Елордамыз, Астанадағы, көшелерге де ұлт қайраткерлерінің есімін беру мәселесі көтерілді.  Ономастикалық комиссия азаматтардың ұсыныстарын қарап шығып, елорданың 21 көшесін қайта атау және екі көшені біріктіру туралы шешім қабылдады.  Ономастикалық комиссия азаматтардың ұсыныстарын қарап шығып, елорданың 21 көшесін қайта атау және екі көшені біріктіру туралы шешім қабылдады. Осы тақырыпқа байланысты Сырбай Мәуленов өмірінен де мынадай бір мәліметтерді айта кетуге болады:

1993 жылдың 22-қарашасында Қазақсан Республикасы Министрлер кабинетінің «Халық жазушысы, ақын Сырбай Мәуленовтің есімін мәңгі есте қалдыру туралы» № 1170 қаулысы қабылданды. Осы қаулы негізінде ақын атымен Алматы, Қызылорда, Арқалық, Қостанай қалаларындағы көше аттары, Қостанай облысы Мелісай қыстағындағы орта мектеп, Қостнай  қаласындағы №24, Астана қаласындағы № 37 орта мектептер аталды.

Сырбай Мәуленовтің мақалаларға ат қойғыштығын әріптестері жоғары бағалаған. Ол өзінің көңілінен шықпаған тақырыптарды үнемі талқыға салып, тақырыпты тұтас мақаланың тобықтай түйіні болатындай етіп таңдай білген. Мұзафар Әлімбаев:

«Ең бір кереметі – газетке ұсынылған шығармаларға – сын мақалаларға, өлең-жырларға, очерктерге, суреттемелерге, Сырбайдан асқан ақойғышты мен әлі көрмей келемін. Бірде, «Огонек» журналында жарияланған М. Әуезовтің «Конец калониялизму» атты көсемсөзін «Қазақ әдебиетіне» басуға ниет білдіреді. Мұқаң мұны «Тәкен Әлімқұлов қазақшаласа дұрыс болар еді» деп тілек айтыпты. Тілге жүйрік Тәкен аудармасын қарарда Сырағаң мен қасына шақырды да, «екеуара қарап тастайық» деді. Қазақшасындағы тақырып аты онша келісті болмай тұр екен. Бас редактор қолма-қол түзетті: «Ойран шыққан отаршылдық».

Газетте тек қана шаруашылық мәселелерін, үкіметтің қарарларын ғана жазып, мәдени өмірді назардан тыс қалдырса ол газетті жұпыны көрсетеді. Сондықтан  өнерді жоғары бағалайтын Сырбай Мәуленов таланттарға әрқашан қол ұшын беріп, қамқорлық танытатын редактор болған.

Ақын Хамит Ерғалиев те Сырбай Мәуленовтің редакторлық қызметі жайлы құнды пікірлер айтқан: «Бұл жігіт редакторлық жұмысқа көп жегілді. Ол кезде ондай жұмысты қақтығыссыз атқармақ қайдан-ау... Көпжылдар бойы жабылып қалып қайта ашылған «Қазақ әдебиеті» газеті өзінің байырғы үнін де қалпына келтіре бастағанда тосаңсып қалған құлақтар тоңтеріс мінез байқаптпай қалған жоқ» Бұдан аңғарғанымыз, Сырбай Мәуленов өзінің басын бәйгеге тіксе де алған бетінен қайтпай, қоғамда әділдік орнату үшін күрескен. Сырбай Мәуленов туралы зерттеуші Серікбай Оспанов:

«С. Мәуленов бір топырақта туғандықта ба, әлде рухани көсеміміз деп көңілі аса ауғандықтан ба, әлде өзінің табиғи жаратылысынан ба, әйтеуір Ахмет Байтұрсыновқа ұқсастық көп. Ол – адалдығы, халық қамын өз пайдасынан жоғары қоюшылығы,турашылдығы, шындықты бетке айтуы, анау-мынауды елеп, мойымауы.Сонымен бірге аға жолын қуғандай ақындығы, журналист, көсемсөзші болуы, редакциясына беделд, белді қаламы жүйрік ақын-жазушылар мен өнер қайраткерлерін тарта білуі, ана тілінің абыройын қорғауға, ол істегі табандылығы мен батылдығы, сол үшін жапа шегуі – А.Байтұрсыновтың бойындағы ізгі қасиеттердің жалғасындай».

С. Қирабаев: «Сырағаң ақын ғана емес, адам есебінде де бағалы, қымбат кісі еді. Кімге де болса тілектес, кісі сыртынан сөз айтпайтын кісі бетін жыртпайтын, ешкімге жамандық жасап көрмеген пәк жанды, таза пиғылды жан еді» десе, Тұманбай Молдағалиев «Сырбай Мәуленов сыпайы, шуақты, мөлдір кісі еді. Оның қасында жүрудің өзі бір рахат», - дейді

Ал, ақын Сабырхан Асановтың «Сыршыл  жырдың саңлағы» деген естелігінен Сырбай Мәуленовтің қарамағындағыларға қайырымды, кешірімді басшы болғанын байқаймыз: «Менің Сырағаңды етене, жақын тануым 1965 жыы біз жұмыс істеп жүрген «Жұлдыз» журналына редактор боп келуден басталды», - деп жазады ол.  – Мінезі жұмсақ мәйін. Анда-санда қызмет бабымен сөзге келіп ұалса, артынша өз іздеп келіп, кешірім сұрағандай : «қызмет қой, қызмет, ренжи көрме» деп қашан сен жұбағанща қасыңнан кетпейді. Қалаған жағыңа іс-сапарға жібереді...»

Редактор Сырбай Мәуленов газетке қаламы жүйрік, беделі журналистер мен ақын жазушыларды, сыншыларды тарта білген. Ол басқарған редакцияда ұжымы өте мықты болды. Атап айтқанда, редактордың орынбасары, ақын, кемел ой иесі Жұбан Молдағалиев, хатшысы белгілі ғалым Төкен Әбдірахманов, бөлім меңгерушісі жазушы Нығмет Ғабдуллин, ақын Берқайыр Аманшин,сатирик Сыдықбек Адамбеков...Ал әдеби қызметкерлерен Әбілғазы Рахымжанов, Баймұхамбет Тоқтаров, Бекен Жүсіпов секілді біртуар азамтар қызмет етті.

Газеттің әрбір жаңа саны шыққан сайын сол күні түске дейін лездеме міндетті түрде өтетін, білікті талқылау, қызыу таластар, ақ қаптал айтыстар, шеке қызарғанша сөзбен шекісулер кәдімгі қалыпты үрдісіне айналған-ды. Өйткені әр әдеби қызметкерден бастап, Бас редакторға дейінгі сөйлемге дейін қамти оқып келетінбіз, лездемеге.Әркім келесі нөмірлерге жаңа идея, тың тақырыптар ұсыну нағыз өркениетті жарыс, қаламгерлік бәйгеге ұласатын. Бас редактор ешкімді алаламайтын. Сапалы, мәйекті жаңа материалдарды алдымен атап, туындыгерді бір желпінтіп тастайтын.

Ал шалағай дайындалған шала жаңсақ мақалалар, өлең-жырларды, очерк, суреттемелерді, жай хабарларға шейін мұқият оқып, астын сызып, кемшілгін анықтап көрсетіп, бөлімдегілерге, яғни дайындаған қызметкерге қайтып беретін, қайтадан қарататын немес түгелімен жоққа шығаратын. Ондайда ешкім де өкпе арта алмайтын. Қызметкерлер қызуы әлсіз, құнсыз шығарманы енді ұсынудан тайсақтап, қызарып, ұялып қалмау қамын ойлайтын.

Сырбай Мәуленов газетті безендіруге, макеттеуге мағыналық мән беріп, әрлеу материадарын мақаланың мазмұнына сай орналастыру, оның түр-түрлерін барынша кеңінен пайдалану жағын ескеріп отырған. Мысалы, 1955 жылы газеттің 1 санында газет оң жағындағы бос орынға «Бүгінгі номерде» деп тақырып қойылып, оның астына газеттің сол санындағы негізгі деген материалдардан хабардар ететін мағлұмат беріген. Мұның өзі оқушы назарын бірден аударатын жарнамалық ақпараттың сол кездегі соны үлгісі боса керек.

Бас редактор газетті жарияланатын көркем шығармалардың көрнекті жерге және бірден назар аударатындай болып жариялануын қадағалап отырған. Олай дейтініміз, сол жылдары – «Қазақ әдебиеті» газетінде жарияланған әңгіме, поэмалардың төл тақырыптарын суретшілерге жаздырып клише жасатқан. Жалпы,газет-журналдарды безендіру ісі ұсақ – түйек іс емес. Мұны тәжірибелі журналист және бас редактор С.Мәуленов те жақсы түсінген.