Сауытбек Абдрахмановтың  жолсапар очерктері

10.10.2017

Қaзaқ журнaлистикaсының бaрыншa көркеюі жолындa еңбек етіп, қaзіргі уaқыттa дa тaсқындaғaн aқпaрaттың бел ортaсындa жүрген журнaлистердің aрaсындa өзге топтaн оқшaу, өзіндік болмыс-бітімімен бөлек тұрaтындaры болaды. Олaр қоғaмдық өмірден тысқaры емес, керісінше қaй кезде де нaғыз қызу жұмыстың бaсы-қaсынaн тaбылaды.

Қоғaм aлдындaғы жaуaпкершілігін жоғaры сезіне отырып, өзінің журнaлистік қырындaғы мол мүмкіндіктерді жұртшылықтың пaйдaсынa жaрaтуды мaқсaт еткен тaлaнтты публицистердің бірі – Сaуытбек Aбдрaхмaнов.

Ол – қaзaқ журнaлистикaсынaн өзіндік сүрлеуін тaпқaн қaлaмгер. Оның сaяси, өнертaнушылық бaғыттaғы жaзбaлaры мен сaн қилы тaқырыптaрдaғы көсемсөздерінен, әдеби-сын мaтериaлдaрынaн эстетикaлық тaным биігінің жоғaрылығы көрініп тұрaды.

Бойындaғы қaбілеті мен дaрынын, білімі мен пaрaсaтын журнaлистік қызметке aрнaуды жөн көрген Сауытбек Aбдрaхмaновтың aлғaшқы мaқaлaлaры жетпісінші жылдaрдың бaс кезінде мерзімді бaсылым беттерінен көріне бaстaды. Әдебиет пен өнерге ерекше қызығушылық тaнытқaн ол осы сaлaлaрдың бaрлық жaңaлықтaры мен зaңдылықтaрын, қыр-сырын кәсіби тұрғыдa меңгеру үшін тынбaй еңбектенді.

М.Әуезовтің: «Жұрт aйтпaғaн ойды aйту — aндa-сaндa бір ұшырaсaтын бaқыт, ол — ырыс... Ойдың көпшілігі жұрт aйтқaн ой болуы мүмкін, бірaқ соны бaсқaшa түрде aйтa білудің өзі — қaсиет» деген пікірін назарға алатын болсақ, Сауытбек Абдрахманов — бойына қасиет дарыған қаламгер екеніне көз жеткіземіз.

Әбіш Кекілбaевтің: «Сaуытбектің бойындa өз қaтaрынa қaрaғaндa ерте отыққaн төлдей оқшaу ширaқтық бaрын кімде-кім де жоққa шығaрa қоймaс. Сергек ой мен серпінді әрекет бүгіндері іргелі қaлaмгер, ілгері қaйрaткер бaуырымыздың етене мінезіне aйнaлғaн. Бұл оғaн тaбиғaтпен қосa, тaғдыр дa сыйлaғaн өрелі қaсиеттер деп ойлaймын» деуінен-ақ дарын иесінің талабы мен таланты ұштасқан жан екенін оңай аңғаруға болады. Әрбір жазбасында мәселенің aстaрынa терең үңіліп, толымды пікір білдіретін автор, оқырманның керегіне жарайтын тың туындылар мен шынайы дерек көздерін қағаз бетіне түсіруден еш жалыққан емес.

Дәл осы табиғат сыйлаған өрелі қасиеттерге ие журналист очерк жанрында өз қолтаңбасын қалдыра білді. Әсіресе жолсапар очерктері оқырман қауымды ерекше қызықтыратыны даусыз. Жалпы, очерк дегеніміз не? Жолсапар очеркінің ерекшеліктері қандай? Қаламгердің жолсапар очеркі жанрындағы туындыларына кеңінен тоқталмас бұрын, зерттеп отырған тақырыптың мән-мағынасын саралап тануға дәс беретін очерк жанрының табиғаты туралы ұғымды орнықтырып алу қажет. Ғылыми әдебиеттердің басым көпшілігінде очеркті әрі көркем әдебиеттің, әрі публицистиканың жанры ретінде тану бел алып жатады. Көркем әдебиеттің жанры ретінде де, публицистиканың жанры ретінде де очерктің төл қасиеті деп, оның дерекшілдігін атап өткен жөн.

Қазақ әдебиеті энциклопедиялық анықтамалығында очеркке мынадай анықтама берілген:

«Очерк – әдеби-публицистикалық жанр. Очерк негізінен, автордың көзімен көрген, зерттеген өзі шығармасында жинақтаған, идеялық тұрғыдан сыналған өмірдің нақты фактілерінен, құбылыстарынан, оқиғаларынан алынады. Оның негізгі артықшылығы – өнердің тәрбиелік, танымдық, эстетикалық қызметі бір арнада тоғысады. Онда тақырып логикалық та, көркемдік те шешімін табады».

Очерк –  сөз өнерінің бір парасы

Очеркті көркем шығармашылықтан бөліп қарауға болмайтын төл сипаты, кең мағынасы бар. Бұл туралы Ахмет Байтұрсынов өзінің «Әдебиет танытқыш» кітабында публицистиканы «көсем сөз», очерк жанрын «әуезе» деп атап, оған қатысты біраз терминдер мен атаулар қалыптастырған. Әуезе сөз өнерінің ішіндегі жедел де ұшқыр, өтімді жанр. Қазақ әдебиетіндегі әуезе жанрының тәжірибесі мол, қоғамдық пікірге толымды өлшеуіш бола алатын қасиеттерге бай, зор мүмкіндіктерге ие екендігін А.Байтұрсынов дөп басып айтқан.

Көркем–публицистикалық жанр ретінде очерк болмысында әдебиеттің көркемдеу құралдары мен публицистикалық элементтердің қатар өріліп, шендесіп жататынын пайымдауға болады.

Очеркке берілген анықтамалардан аңғарылатыны, очерк – өзінің табиғатында өмірдегі өзгерістерге тез бейімделетін жанр. Әдебиеттану терминдерінің қысқаша сөздігінде: «Очерк – эпикалық, суреттеушілік әдебиеттің бір түрі, ол басқа түрлерден (роман, повесть, әңгіме) айқын мағлұматтарымен ерекшеленеді, яғни очеркте нақты өмірде болған оқиғалар белгілі дәрежеде дәлірек бейнеленеді, оған қатысушылар өмірде болған адамдар», - дейді.

Қазақ әдебиеттануының негізін салушылардың бірі академик Зейнолла Қабдолов: «Шағын эпостың әңгімеге жақын тұрған бір түрі – очерк. Бұл да қысқа көлемді шығарма. Мұнда да үлкен шындықтың кішкене бір бөлшегі, адам өмірінің аздаған эпизоды нәрлі тілмен, әртүрлі суреттер арқылы шебер, тартымды бейнеленуге тиіс», - дейді. Очерк – нақты оқиғаны қысқаша суреттейтін, көлемі шағын, әдеби көркем шығарма. Егер осындай анықтамаға ден қоятын болсақ, онда қазақ очеркінің пайда болуы, қалыптасуы ХІХ ғасыр аясынан бастау алады деуге негіз бар.

Қазақ әдебиетіндегі очерк жанрының қалыптаса бастауы Шоқан Уәлиханов пен Ыбырай Алтынсарин шығармашылықтарымен тікелей байланысты. Олар көркем очерк саласында өшпес мұра қалдыра білді.

Шоқан Уәлихановтың «Шығыс Түркістан, саяхат күнделігі», «Жоңғария очерктері», «Қырғыздар туралы жазбалар» атты шығармалары композициялық құрылысы, көркемдік компоненттері тұрғысынан келгенде очерк жанрында жазылғаны күмән туғызбайды.

ХХ ғасырдың басындағы мерзімді басылымдар: «Түркістан уалаяты», «Дала уалаяты», «Қазақ» газеті мен «Айқап» журналында жарық көрген қазақ қаламгерлерінің очерктері үлкен қоғамдық-әлеуметтік мәселелерді қозғаған.

1920-1930 жылдардағы қазақ зиялыларының мерзімді баспасөзде жарық көрген очерктері, бесжылдықтар мен Ұлы Отан соғысы, тың жерлерді игеру жылдарындағы, қазіргі тәуелсіз Қазақстан Республикасының өмірін паш ететін талай очерктер өмірге келді, келе де бермек.

Түптеп келгенде очерк – шындықты саяси тұрғыдан қорытатын жанр. Оқырман очеркті оқып отырып одан адамдардың аты-жөнін, лауазымын емес, фактінің «психологиясын», оның ішкі жан-дүниесін ашатын қызықты әңгімені іздейтіні тағы талассыз.

Очерк өз ішінде портреттік очерк, проблемалық очерк және жолсапар очеркі деп бөлінеді. Кез келген жазушы-публицистің қаламгерлік қабілеті мен парасат пайымын, қоғамдық көзқарасы мен таным-түйсігін танытатын шығарма түрі бұл эсселер, жолсапар очерктер болып табылады. Олай дейтініміз белгілі бір кеңістіктен шыққан сана-сезім үшін өзіне бейтаныс, жат әлемнің тұрмыс-салты, әдет-ғұрпы, қоғамдық болмысы, саяси-экономикалық ахуалы бәрі-бәрі де таңсық болып көрінуі табиғи жағдай. Дәл осы кезде жазушы яки публицистің бойындағы жоғарыда біз айтқан қасиеттердің барынша ашылуына табиғи мүмкіндік туады. Кейде рухани дүниедегі сілкіністерде осындай саяхат-сапарлардан кейін бой көрсетіп жатады. Жалпы осындай жолсапар очеркінің тарихы, шығу төркініне көз жіберсек орыс әдебиеті мен баспасөзінде Радищевтің «Петербургтен Москваға саяхаты», Карамзиннің «Орыс саяхатшысының хаттары», Пушкиннің «Арзрумға саяхатын» айтуға болады. Қазақ жолсапар, саяхат очерктерінің төл басы ретінде Ш.Уәлихановтың «Жоңғария очерктерін», сондай-ақ, М.Әуезовтің «Үндістан очерктері», «Америка әсерлері»,  С.Мұқановтың «Алыптың адымдары», Қ.Шәріповтің «Америка алыс емес», Б.Момышұлының «Кубадағы кездесулер» мен Н.Оразбековтың «Мұхиттың арғы жағы, бергі жағы» атты еңбектерін айтуға болады.

Жолсапар очерктері – журналистің белгілі бір аймаққа немесе елге іс сапары жайында жазбалары. Жолсапар очерктерінде  журналист эмоцияға да, көрген–білгенін сараптауға да, алған әсерін оқырманмен бөлісуге де құқылы. Мұнда пікірлердің алуандығы маңызды емес. Автор өзінің көріп-білгені мен көңіл терезесінен орын алған мәселелерге назар аударады. Дегенмен, жазба оқырманға қызықты болуы үшін қандай жайттарды жазуға болады. Осы жағын да елеп-ескеруді басты назарда ұстау керек.

Жолсапар очеркі – бұл автордың сапар кезіндегі оқиға немесе кездесулерінің суреттелуі. Бұл жанр авторға фантазия мен әдеби шеберлікті қолдануға мол мүмкіндік береді. Басты проблема – ақпаратты сараптау, себебі сапардан кейін көп әсерлер қалады, алайда, олардың қайсысы қызықты, қайсысы маңызды екенін түсіну қажет. Жолсапар очерктің бірнеше мақсаты бар, мысалы, әр түрлі елдегі адамдардың өмірін көрсету т.б.

Жолсапар очеркіне баспасөз зерттеушісі Д.С. Баялиева мынадай анықтама береді: «Бұл очерк жанрының ең көне түрі. Ол автор жол-жөнекей көрген-білгенін, кездесулер мен куәсі болған оқиғалардың негізінде жазылады. Автор өзін толғандыратын әлеуметтік-экономикалық, ғылыми, мәдени, салттық-саналық мәселелерді ғана іріктеп әңгімелейді».

Сондай-ақ, жолсапар очерктері туралы Н. Чернышевский «Саяхат очерктері – бұл өзі ішінара саяхат, ішінара жаратылыстану» деп тұжырымдайды.

Жолсапар очерктерінің бір ерекшелігі – автор өз атынан сөйлейді, оқиғаға өзін араластыра отырады. Шығарманың басты кейіпкері де автордың өзі. Бұрын болмаған, көрмеген, танымаған елдің жер-суы, тұрмысы, салт-санасы, мәдени ескерткіштері, халықтардың өміріндегі тарихи өзгерістер автордың өзіндік толғам, әсері, саяси көзқарасы арқылы баяндалады. Жолсапар очерктерінде көбінде алыстағы елдерді, олардың тұрғындарын, сол жердің табиғатының әсемдігін, саяхаттың ерекшелігі мен кездейсоқтықтар және тағы басқа саяхатшының көрген-білгенін, қандай да болмасын қаламмен суреттеу барлык жастағы оқырман үшін тартымдылығын жоймайды. Оқырмандардың әр буыны ұлы саяхатшылардың қолжазбаларын – Марко Поло, Магеллан, Ч.Дарвин, Аф.Никитин т.б. жазғандарын оқумен әуестенген. Кәсіби жазушылардың саяхат туралы жазбаларын да оқырмандар қызығушылықпен оқи отырып, әлемдегі адам аяғы баспаған жерлер жайлы энциклопедиялар мен арнайы басылымдардан мәлімет табылмайтын әлемнің бірде-бір бұрышы қалмағанын ұмытпау керек. Саяхат – қызығушылықтың әр түрлілігімен, әдеби талғамның әр түрлі дәрежеде екендігіне қарамастан барлық оқырмандарды біріктіретін әдебиет түрі. Н.Г. Чернышевский: «Саяхат – жартылай роман, жартылай анекдоттар жинағы, жартылай тарих, саясат, табиғаттану болғандығын, оқырман кітаптан тапқысы келетін барлық мәліметті ала алады» деп бағалайды.

Жолсапар очеркі – жазушының тұлғасын, оның дүниетанымын, өз дәуірінің қоғамдық мәселесіне көзқарасын көрсететін қасиеттер тән әдебиет формасы. Әдеби процесс жоспарға бағынбайтын және бір қалыпты, жүйелі түрде жүреді. Қазақ әдебиетіндегі жолсапар очерктері XIX ғасырда пайда болғандығын ескерсек, XX ғасырдың 60-70 жылдары ол туралы үздік кітаптар жарық көріп, газеттер мен журналдарда жолсапар очерктерін өндіріп басып, оқырмандар қызығушылығын тудырған жанрлар сапында тұрған. Ал, жолсапар очеркіндегі лирикалық леп қазіргі әдебиеттегі гуманизация тенденциясымен тікелей байланысты, бұл туралы академик Д.Лихачев пен жазушы Н.Атар иланатын пікірлер айтқан.

Жолсапар очеркі орыс әдебиеті мен баспасөзінде ертеден келе жатыр. Кітабымыздың бастапқы бөлімдерінде сөз болатын, Радищевтің «Петербургтен Москваға саяхат», Қарамзиннің «Орыс саяхатшысының хаттары», Пушкиннің «Арзрумға саяхаты» бұған бірден-бір мысал. Шоқан Уәлихановтың, «Жоңғария очерктері» де осы түрге жатады.

Совет дәуірінде шетелге саяхат тақырыбынан ондаған шығарма  туды. Бұлар - М.Горькийдің «Сары сайтанның қаласы», В.Маяковскийдің «Менің Американы ашуым», М.Кольцовтың «Испан күнделігі», И.Эренбургтің «Испания», Н.Тихоновтың «Үндістан көктемі» деген очерктері.

Елімізді, республикамызды аралаудан туған жолсапар очерктері   (мысалы, М.Шагинянның «Арменияға саяхат», С.Мұқановтың «Каспийге  саяхат», «Украинаға саяхат» деген)  бұл түрдің өрісін кеңейтіп, танымдық-тәрбиелік маңызын арттыра  түсті.

Бұл өзі – очерктің ең көне түрі. Өйткені, танымаған, көрмеген жерді  көруге, білуге, саяхат сапарына деген құмарлық ешқашан басылған емес. Демек, очерктің бұл түрінің арқауы - саяхат.

Жолсапар очеркінің композициясы  саяхат сапарында жинақтаған тарихи, экономикалық, географиялық мағлұматтарына негізделеді.  Жолсапар очеркінің басты ерекшелігі Пушкин заманынан  («Арзрумға  саяхат»)  калған дәстүрі - автор  өз атынан сөйлейді, саяхатқа өзін араластыра отырады. Шығарманың басты кейіпкері  де - автордың өзі. Сондықтан көрген-білгенін қызықты әңгімелейді. Автордың парасатты «мені» көзбен көргенін философиялық және публицистік тұрғыдан жинақтап, оған лирикалық әр береді де, айтылмыш кұбылыс атаулыны бір-бірімен байланыстырушы қызметін атқарады.

Алаш ардақтылары сапында бүгінгі замана жүгін көтеріп жүрген көрнекті қаламгер, іргелі ғалым, байсалды қоғам қайраткері Сауытбек Абдрахманов – қазақ журналистикасындағы дәл осы жолсапар очеркінің жаңдануына үлес қосқан бірегей тұлға.

Қаламгердің алыс-жақын мемлекеттерге сапары барысында жазатын жолжазбалары сол елдердің тарихынан бастап, мәдениетін, салт-санасын, өнерін, тіпті, күнделікті тыныс-тіршілігіндегі қалыптасқан қағидаттарына дейін қамтитындығы оның жоғары деңгейдегі жазушылығын айқындай түседі. 2010 жылы жарық көрген корей халқы туралы жазған очеркінен аталмыш сипаттарды байқауға болады:

«Корейлер үшін ата-ананың айтқаны – заң. 1991 жылы жүргізілген сауалнаманың нәтижесі бойынша, тіпті жоғары білімді корей арасында да өздерінің болашақ өмірлік серігін өздері таңдағандардың үлес салмағы тек 35 пайыз екен, қалғандарының бәрі ата-анасының ұйғарымы бойынша үйленгендер, тұрмысқа шыққандар. Содан бергі жиырма шақты жылда өз таңдауын өзі жасайтындардың көбейгені күмәнсіз, әйтсе де корейлердің ата-ананың алдында әлі де тақ тұратыны талас туғызбайды. Жасы үлкендерге құрмет те бөлекше. Корей тілінде, мысалы, орыстарда-ғыдай, жалпылама «брат» немесе «сестра» деген сияқты ұғымдар жоқ екен. Ұл бала үлкен болса – аға, кіші болса – іні, қыз бала үлкен болса – әпке, кіші болса – сіңлі. Қазақтардағы сияқты. Әркімнің өз жөні, өз жолы, өз орны бар».

Сонымен қатар, Кореяның білім жүйесіне де асқан қызығушылықпен қарап, тереңнен талдау жасайды. Аталмыш мемлекеттегі жоғары сынып оқушылары тәулігіне 11 сағат уақытын мектепте өткізетіндігін, оның үстіне балаларды үйде де көп еркелете қоймайтынын атап өтеді. Сонымен қоса, бұл елдегі әйелдердің 54 пайызы үй шаруасында екендігі, тіпті жоғары білімді әйелдердің де талайы үйде бала бағып отыратындығын жазады. Көптеген фирмаларда әйелдерді тұрмысқа шығуымен бірге жұмыстан да шығаратын жүйенің баяғыдан бар екеніне де автор очеркін оқи отырып қанық болдық. Бұл елде мектептегі жылдардың бәрі оны бітірердегі емтиханға, одан кейінгі университет емтиханына дайындықпен өтеді екен. Емтихандардың аты әртүрлі болғанымен, шынтуайтында, заты – өмір емтиханы екендігін корей балалары жасынан біліп өседі. Мына жанталас заманның жағаласқан тірлігіне солай дайындалатынын автор ашып жазған.

Өрелі қаламгер шығармашылығы жөнінде ақын Фариза Оңғарсынова:

«Сауытбек Абдрахмановтың шығармашылығына үңілсек, ол – бөлек хикая. Қазақ елі тәуелсіздік туын тіккелі бері Елбасымыз әлемнің үлкенді-кішілі мемлекеттерін шарлап, жер бетінде қазақ деген ұлт, оның мемлекеті бар екенін дәлелдеу үшін тынымы мен тыныштығын сарп етіп жүргенін халқымыз жақсы біледі. Елбасының әрбір сапары және ол барған ел, ол елдің өткені мен бүгіні, саяси-экономикалық жағдайы – бәрі-бәрі Сауытбектің жазбаларында көркем шығармаға бергісіз шеберлікпен суреттеледі. Менің тааңғалатыным – екі-үш күндік жолсапарда бір мемлекеттің тарихы мен бүгінін осынша терең біліп баяндау кез келген журналистің қолынан келе бермейді.

Оның үстіне Елбасының сапары әдетте аптаға, айға ұласатын жайбарақат қыдырыс емес екендігін білемін. Сонау жылы Елбасының Израиль мемлекетіне ресми сапары кезінде Морис Симашко екеумізді делегация құрамына енгізіп, Тель-Авив, Иерусалим қалаларында болғаным бар еді. Елбасының жүрісіне Морис марқұм екеуміз ере алмай, иса пайғамбар жерленген еврей атаулының жылап-еңіреп тілек тілейтін жері Батыс қабырғаға әрең жеткеніміз есімде. Римде, Венецияда, Санк-Петербургте, т.б. атты әйгілі қалаларда біз де болғанбыз. Бірақ олар туралы егжей-тегжейлі тек Сауытбектің жазбалары арқылы білуге болады екен. Атилла, Кир, Эйнштейн, Тутанхамон секілді тарихи тұлғалардың өмірі туғаннан зерттеп жүрген адам жазғандай баяндалады. Әрине талай қаламы жүйрік деген журналистердің жазғандарын көріп келеміз. Алайда Сауытбектің қаламынан шыққан дүниелерді оқығаннан кейін әлем елдері мен адамзаттың даңқты перзенттері жайлы әр жерден ізденудің керегі жоқ: оның жазбаларындағы оқиғалардың бәрі Микеланджелоның бояумен матаға салған не Ватикан бөлмесіндегі ғажайып туындылары секілді көз алдыңда көлбеңдеп тұрып алады. Ол ол ма, айдынның ортасында тіреулерді таянып бой түзеп тұрған әлемдегі ең әдемі қалалардың бірі Венецияның пайда болуына бүкіл Еуропаны жайлаған ғұн жауынгерлерінің көсемі Атилланың (біз оны Едіге немесе Еділ деп өзімсінеміз) шапқыншылығы себеп болғанын, Египетті мекен етіп жүрген арабтарды ежелгі египеттіктердің ұрпақтары деп мен өзім де осы кезге дейін түсініп келгендігімнің қате екенін, жер шарында тұңғыш республика «мәңгі қала» атанған Римде пайда болғанын, оның парламенті сенат деп аталғанын да Сауытбек шығармалары арқылы білгенімді ұят та болса мойындағым келеді» деп пікір білдіреді.

Сaуытбек Aбдрaхмaновтың әр сaпaрынaн соң туындаған ғaжaп жолжaзбaлaры, әлем қaлaрындaғы мұрaжaйлaр, жекелеген ұлы тұлғaлaр қaқындaғы еңбектері бір демде оқылып, бір сәтте сүбеңе сіңеді, жүрегіңді кең тaнысты қaмту кеңістігімен, көркемдігімен, білгірлігі мол құндылықтaрымен бaурaп aлaды дa, ерекше сүйсіндіреді.

Қaзaқ оқырмaндaрынa әрі тaңсық, әрі тосын дүниелер Сaуытбек сaпaрнaмaлaрындa молынaн ұшырaсaды әрі көп жaйдaн бейхaбaр жұртымыздың сaнa, білік деңгейіне тaмыздық тaстaп отырaды. Оның құндылығы дa осындa.

Публицист өз еңбектерімен Қaзaқ журнaлистикaсының тынысын кеңейтіп, сөз сөйлер мінберін биіктете түсті. Өз әріптестері мен іні-қaрындaстaрын жaңaшa ойлaуғa, жер бетінде тәуелсіз Қaзaқстaнның бaр екендігін тaнытуғa қaлaм қaйрaтын aянбaй жұмсaуғa жетелеп келеді.

Жобaсы Сaуытбек Aбдрaхмaнов өмірдің тоқтaп, тоқырaуы жоқ тынымсыз aлғa озa түсер текті қaсиетінен мол тaғылым жинaсa керек. Өйткені кешегің – көне, бүгінің – ертеңге өлшем болa aлмaйтын уaқыттың зымырaп сaмғaсымен ілесе жүрмесең, уaқыт өз шaңдaғынa көміп кетері aқиқaт. Олaй болсa осы қaғидaтты темірқaзық етіп aлғaн Сaуытбек Абдрахманов та шaңдaқтa қaлмaй, бaуырынaн жaрaғaн тұлпaрдaй өзін үнемі ширaқ ұстaп, жіті әрекет үстінде терең ізденістермен отырaды. Бұл қaлыптa үнемі жүру де жaнкешті еңбекпен қолғa түсер қaзынa.

Ғасырлар тоғысында қазақ журналистикасының жаңа бағытын айқындап қана қоймай, ұлттық баспасөздің жаңа мектебін, бекзат болмысын қалыптастырған бірегей тұлғаның қаламгерлігі жеке әңгімеге арқау боларлық тақырып. Сауытбек Абдрахманов өмір бойы оқығанын тоқығанымен толықтырып, орамды ойларын көркемдікпен көмкеріп, таңдаған тақырыбын қазып, қамтып, қопарып, зерттеп, зерделеп, жауаптылықпен жазады. Ізденбей, жан-жақты әзірленбей әйтеуір бірдеңені сүйкей салу қаламгердің салтында жоқ.

 «Орнықты ой орындалады» атты жолсапар очеркінде Сауытбек Абдрахманов білім саласының маңыздылығын оқырманға жете түсіндіреді:

«Өткен жылдың шілдесінде Нұрсұлтан Назарбаевтың Англияға сапарын газет бетінде көрсету үшін Лондонға жолымыз түскен. Тұманды Альбион астанасына небәрі екі күнге, негізінен Олимпиаданың ашылу салтанатына қатысу, спортшыларымызға жігер беріп қайту үшін барған Президенттің қысқа бағдарламасының бір күні Кембридж университетіндегі кездесуге арналды. Бағасын білген адамға бұл – бөлекше құрмет. Сонда Нұрсұлтан Назарбаевтың посткеңестік кеңістік елдері арасынан Кембриджде сөз сөйлеу құрметіне ие болған тұңғыш Мемлекет басшысы екендігін жазғанбыз, құрылғанына сегіз жүз үш жыл толған, түлектерінің арасынан Нобель сыйлығының 88 лауреаты шыққан Кембридждің тарапынан ондай құрмет жалпы мемлекет басшыларына сирек көрсетілетінін айтқанбыз. Кембридж Орталық Азия форумының төрағасы, Кембридж-Қазақстан Орталығының директоры, Қазақстан дамуының Кембридж қорының Қамқоршылар Кеңесінің мүшесі, профессор Сидхард Саксенаның Елбасы кітабына жазған алғысөзіне қарап отырсақ, біздің ол мәліметіміз де онша толық болмай шықты:  Нұрсұлтан Назарбаев жалпы Еуразия құрлығынан сол оқу орнында сөйлеген алғашқы Мемлекет басшысы екен.

«Біз кеше Президентіміздің бір сөзіне әуелде таңданыңқырап та қалдық. «Шынымды айтайын, мен толқып тұрмын», - деді әңгімеге кірісерінде Нұрсұлтан Әбішұлы. Осы жолдардың авторы Қазақстан Республикасы Президентінің талай-талай сапарына журналист ретінде еріп жүрген, сонау Бразилия, Оңтүстік Африка Республикасы сияқты қияндағы елдерге дейін бірге барған, қаншама дүниелік дүбірлі жиындарда дүйім топта сөз сөйлегенін, небір король, президент, монархтармен кездесулерін көрген, бірақ еш жерде дәл кешегідей толқулы сәтін сезінбеген. Мұның өзі де Назарбаевтың білімнің бөлекше бағасын барынша білетіндігінің, ғылымның өзгеше қадірін қандайлық қастерлейтінінің келісті көрінісі дер едік. Бір жағынан, Елбасымыздың әлемнің ақыл-ой орталықтарының бірі саналатын Кембриджде сарабдал сөзімен, терең мәнді жауаптарымен кемел басшы ғана емес, көрнекті экономист ғалым ретінде де тамаша танылуына осы сөзге мұндайлық жауапты қарауы да себеп болғандай», деп жазыппыз Лондоннан жолданған «Кембриджде көрсетілген көкжиек» атты мақаламызда» деп көрсетеді.

Оның танымдық бағыттағы очерктерін талдай келе, жазушының қалам тербеген салаларының жан-жақты екенін байқаймыз. Өмірінің басым бөлігін Елбасымен бірге маңызды іс-сапарларда өткізіп, көбіне саяси тақырыптарға баса назар аударған автор спорт тақырыбында да өзіндік қолтаңбасын қалдыра білді. Оның спорт саласына деген ерекше қызығушылығы аталмыш тақырыпқа арнаған көлемді мақалаларынан көрініп тұрады. Сондай-ақ, публицистің дәл осы туындыларын оқи отырып, оны спорт әлемінде де көпжылдық тәжірибесі бар ойыншы деп қаласың. Әсіресе, спорт маманы Гус Хиддинк жайында жазған мақаласы таң қалдырмай қоймайды:

«Біз Венаға жартылай финал ойынын көруге бардық. Ресей құрамасы Испаниямен кездесті. Ресейліктер болашақ чемпиондардан 1:4 есебімен жеңіліп қалды. Бәрібір матчты қызыға тамашаладық. Алаңға бір, алаң жиегіндегі Хиддинкке бір қарап отырып әртүрлі ойға кеттік. Алдымен Кеңес Одағы құрамасының, одан кейін Ресей құрамасының ойындарын теледидардан көріп келе жатқанымызға кем қойғанда 40 жыл. Сонау 1970 жылғы Мехико чемпионатынан бері кешегі кеңес елі футболшыларының талай тамаша ойынына куә болғанбыз. 1972 жылғы Еуропа чемпионатында Федеративті Германиямен кездесу, 1988 жылғы құрлық біріншілігінде Голландия құрамасымен кездесу, сол жылы өткен Сеул олимпиадасында Бразилиямен ойын есте. Әйтсе де совет спортшылары болсын, ресейлік футболшылар болсын дәл сол жылғы Еуропа чемпионатындағыдай жарқылдап, жасын өнер көрсеткен емес.

Хиддинктің Ресей футболы алдындағы еңбегі құрама команданың қолын құрлық біріншілігінің қола медаліне жеткізіп бергені деу жеңіл сөз. Хиддинк Ресей футболын еуропалық үлгі-қалыптарға көшіріп берді. Тіпті жеңілген ойындарының өзіне қызыға қарауға болатындай өрнегін қалыптастырды. Футболшылардың алаңды көруі, доп беруі, жалпы ойын суреті өзгерді. Теледидарда біз көбіне доптың маңайындағы адамдардың қимыл-қарекетіне қараумен боламыз. Допты қабылдап алу да, оны дәл беру де, қақпаны көздеу де шеберлікті қажет ететінін айту артық. Әйтсе де шын шеберлік допсыз ойнаудан, яғни әріптесіңнің доп тастауына мүмкіндік беруден, доп тастамаса да сондай қауіп жасап, қарсыластың қорғаушысын өзіңмен ерте кетуден, сөйтіп шабуылдың кеңістігін кеңейтуден көрінеді. Хиддинктің жаттықтырушы ретіндегі ерекше қасиеті осындай сипаттарынан танылады».

С.Абдрахмановтың көпшіліктің таным көкжиегінің кеңеюі үшін, біздің елдің, жердің қасиеті туралы, дүние жүзіндегі ғажайыптар жайлы кеңінен толғап, тарихын зерттеп, ғылыми-танымдық сипатта мақалалар жазуды қолға алғанын білеміз. «Егемен Қазақстанның» тұрақты оқырмандары публицистің танымдық материалдарын тосып жүріп оқитын деңгейге жетті. Қаламгердің танымдық тақырыптағы ерекше атайтын жазбалары «Әлемге әйгілі...» деген айдармен таныс. Адамзат баласының жүріп өткен жолындағы таңдай қақтырар оқиғалар, тарихта алтын әріптермен аттары қалған тұлғалар, даңқ биігіне көтерілген дүниелер жайлы сыр шертетін танымдық айдарға арқау болмай қалған нәрсе кемде-кем шығар. Аттила, Бейбарыс сұлтан, Мұхаммед Әли, Эйнштейн сияқты тұлғалар туралы, Каир, Рим, Венеция, Санкт-Петербург, Эрмитаж, Ұлы Қытай қорғаны секілді тарихи жәдігерлер жайлы жазбаларының бәрінде де ғылыми негіз бар. Ғылыми-танымдық, тағылымдық мәні айрықша «Әлемге әйгілі...» айдарындағы әрбір тақырыпқа автор барынша зерделілікпен, ұқыптылықпен, ғылыми тұжырым және пікір білдіру жауапкершілігімен қарайды. Әйгілі дүниелердің біршамасы жөнінде жазуға С.Абдрахмановтың шетелдерге барған сапарларында көзімен көргендері мен құлағымен естігендері себеп болған.

Көпен Әмірбек бір естелігінде: «Бірінші курстан кино сыншысы атанған Сауытбектің ұстазы Сағат Әшімбаев еді. Сол Сағаттың ұстазы Оралхан өз күнделігінде «Неге екені белгісіз, көркем шығарма оқуға бала жастан бері зауқым жоқ... Ал, керісінше, танымдық әдебиеттер көп тартады» деп жазғаны есімде қалыпты» (Әмір-Бек Көпен. Қасиетті қасқа жол. «Қазақ әдебиеті», 2004 жыл, 16 қаңтар), – дейді. Бұл да бір ерекшеліктің, өзі білетіннен гөрі таныс емес, тылсым дүниеге деген құштарлықтың белгісі шығар. Ұстаздан шәкіртке берілер қасиеттер болады. Бірақ, оны сол қалпында қайталамай, өзінше тыңнан түрен салудан артығы жоқ. С.Абдрахмановтың екі жаққа да баса көңіл қоюы осыған дәлел болса керек.

Публицистің «Әлемге әйгілі...» айдарында басты нысана ететін жер-жаһанға мәлім дүниелерінің қатары аз емес. Әлемге әйгілі қала, музей, қазына, керемет, қаламгер, тұлға, әмірші-қолбасшы, спортшы – тізім осылай жалғасып кете береді.

Мерзімді баспасөз беттерінде, әсіресе, қазіргі қоғамдық-саяси басылымдарда танымдық тақырыптағы мақалалар жиі ұшыраса қоймайды. Көбінесе ішкі-сыртқы саясат пен экономика, әлеуметтік жағдайлар бірінші орында тұрады. Республикалық «Егемен Қазақстан» газетіне де осы сарындағы материалдар көптеп жарияланады. Бірақ, үш-төрт жылдан бері жарық көріп келе жатқан «Әлемге әйгілі...» айдары осы бір ресмилік пен саясатшылдықты бұзып-жарып, газеттің жаңа бір тынысын ашқандай болғаны рас.

Жұртшылық аттарын білгенмен, тарихын, тылсым құпиясы мен ғылыми негізіне бойлап бара бермейтін шетелдік кереметтерді былай қойғанда өз еліміздің ұлттық құндылықтары да жетерлік.

Публицистің танымдық мақалалар циклінде әлемге әйгілілер жайлы да көп әңгіме етіледі. Рим, Венеция, Санкт-Петербург, Париж сияқты қалалардың кереметін мойындататын, танымыңды кеңейтетін мақалалардан көптеген тарихи деректерді кезіктіруге болады. Журналист қала туралы бірнеше кітаптарды парақтай отырып, қазақ оқырманына қызықты дүниелерді теріп алады. Өзінің қарапайым да бай, төгілген көркем де нақты тілінің күшімен ол деректер құбылып, қағазға жаңа қырынан түседі.

Ол кілең цифр, тұз-сөлі жоқ деректерден әрдайым аулақ. Әрбір мақаласын оқырманға түсінікті, қызықты етіп жеткізудің тамаша тәсілдерін қолдана білген.

Мәселен, 2011 жылы 20 қыркүйекте Парижден жазған «Астана мен Париж арасы жақындай түседі» атты жолсапар очеркінде Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев жұмыс бабындағы сапармен Франция астанасы Парижге барғандығын, онда Мемлекет басшысы осы елдің Президенті Н.Саркозимен жүздесіп,  «Альстом», «Обер э Дюваль», «Эр Ликид» сияқты ірі де іргелі компаниялар басшыларымен екі жақты кездесулер өткізгенін баяндай отырып, әсем қалада өткен әр күніндегі қызықтармен, тың әрі тартымды ақпараттармен бөліседі: «Франция мен Қазақстанның арасындағы ынтымақтастықтың әдемі көріністерін кез келген саладан айта беруге болады. «Егемен Қазақстан» Мұстафа Шоқайдың бюсті Ножан-Сюр-Марн қаласына қойылғанын бұрын қуана хабарлаған. Бізді Орли әуежайынан күтіп алған елшілік кеңесшісі Мырза-Нәби Тұяқбаев  қонақ-үйге жеткенше біраз ақпаратқа қанықтырып үлгерді. Сондағы айтқандарының арасынан бір ғана жайға назар аударта тұрмақшымыз. Осындағы белгілі биолог, режиссер Катерин Пэкс «Алма» деген халықаралық қауымдастық құрып, атақты Алматы апортын қалпына келтіруге әрекеттеніп жатыр екен. Бәрекелді, іске сәт дедік. Айтқандай, жақында Дін істері жөніндегі агенттік төрағасы Қайрат Лама Шәріп бір жолығып қалғанда осы «алма» сөзіне байланысты қызықты ойын  ортаға салғаны бар. Әлем тілдерінің ішінде «алма» атауының әу бастағы, түпкі мағынасын тек түркі тілдері ғана сақтап қалған дейді ол. Жаратқан Иеміз Адам Ата мен Хауа Ананы жұмақтан не үшін қуған еді? Дұрыс айтасыз, тыйым салынған жемісті жегені үшін. Сол жеміс алма болатын. Алманы жеуге тыйым салғанда оны бұтақтан «алма» деген… Кім білсін. Халықтық этимология сияқты да көрінеді. Қайткенде де назар аударарлық ой» дейді автор өз мақаласында.

С.Абдрахмановтың осындай жазбалары туралы ғалым Қансейіт Әбдезұлы: «Жалпы, бүгінгі сын, әдебиет және өнер туралы бағалау мен бағамдаудың эстетикалық өресін, танымдық көкжиегін кеңейтіп, әлемдік кеңістікке алып шығатын мұндай дүниелердің жарық көріп жатуы қуантады» дейді.

Әрине, қазақ халқы, әсіресе, өсіп келе жатқан буын әлемнің кереметтері жайлы біліп, өз еліндегі бағалы байлықпен, асыл рухани қазынамен салыстыра алып жатса, әр нәрсенің әділ бағасын беруді үйренсе жақсы. Ал, керісінше, төрткүл дүние қазақ жайлы, оның елі мен жерінің ғаламат ғажайыптары жайлы біліп, танып жатса, нұр үстіне нұр. «Әлемге әйгілі...» таза танымдық тұрғыдағы айдар болғанымен, тәрбиелік-тағылымдық функцияларды да қоса атқарады. Көзқарас қалыптастыруға жол көрсетеді. Заман ағымы, уақыт талабынан тым алыстап кетпейтін айдарға жүк болатын мәселе көп. Қандай жағдайда да автор мақаланы тартымды, танымдық деңгейін жоғары қылып жеткізе біледі. Жастайынан кино мен көркем шығармалардың әділ тұғырын көрсетуді үйренген публицист танымдық мәселеде де құр баяндап қоймай, өз тарапынан баға беруге құштар.

Сөзіміздің айқын дәлелі ретінде Сауытбек Абдрахмановтың 2012 жылы откен олимпиада ойындары жайында жазған «Англия аспанындағы алау» атты мақаласын мысалға келтіре аламыз. Автор: «Сірә, жер бетіндегі бірде-бір жарыстың басталар шағын тап осы Олимпиаданың ашылар тұсындағы салтанатты мерекемен салыстыруға болмайтын шығар. Рас, Ойындар өзінің алғашқы тізбегінде дәл қазіргідей мәртебе мен мерейге ие бола алмады. Керісінше 1900 жылғы француз астанасындағы Олимпиада Париж көрмесінің қосымшасы ретінде ұйымдастырылыпты. Алайда, қазір уақыт та, пікір де өзгерді. Енді Олимпиялық ойындар болмаса, оның көркіне көрік қосатын алуан түрлі көріністерге құрылған думанды кештер де болмас еді. Сондықтан қазір Олимпиаданың ашылу салтанатына деген ұғым да, көзқарас та бөлек. Бұл кездегі көңілдің көтерілуі мен шалқуын, тасуы мен шарықтауын басқа кезде, басқа жерде бастан кешу әсте қиын. Мұны біз осымен екінші мәрте өз өзегімізден өткізіп, сезініп отырмыз. Осыдан төрт жыл бұрын Бейжіңдегі Ойындардың ашылу салтанатынан сыртқа шыққанымыздан кейін, оған қатысушылардың барлығы дерлік: «Енді тап осындай керемет салтанаттың болуы да, қайталануы да мүмкін емес», деп әңгіменің нүктесін бір-ақ қойып беріп еді. Жасыратыны жоқ, осында көргендеріміз нағыз қиял-ғажайып ертегілерінде ғана кездесетін көрініс болып көрінгендіктен, біз де бұл тұжырымға уыздай ұйығанбыз. Онымыздың асығыстық болғанына, міне, қазір көзіміз жетті. Қашанда бір бүгулері ішінде жүретін, табиғатынан даңқ пен дақпыртқа құмар ағыл-шындардың қалайда өзінің алдындағылардың алған биігінен асып түсуге бар күштерін салып жатқанын осында келгесін бір-ақ естідік.

Байқап тұрсақ, әшейінде кербез де керенау, маңғаз да марғау болып көрінетін ағылшындар да біздің қазақтар секілді намыстан өлетін нәсіл екен. Бұлар да біз сияқты: «Итің жақсы екен», деп мақ¬ап қойса, бөркі қазандай болып, кез келген бейтаныс кісіге сый көрсетіп, разы етіп шығарып салуға ынтық екен. Шамасы, бір кездері Британ елін билеп, соңында орасан зор даңқ пен сөз қалдырған сэр Уинстон Черчилльдің: «Британдықтар – шаруаң шатқаяқтап тұр екен дегенде де айылын жия қоймайтын жер бетіндегі жалғыз халық», деуінде де осы ұқсастықты айғақтай түсетін бір белгілер бар сияқты. Сөйткен ағылшындар өздеріне беріліп жүрген осыған ұқсас сан түрлі мінездеменің бекер емес екенін осы беташар рәсімде көрсетті» -деп толыққанды сараланған пікірін жеткізеді.

Мақала авторы - Ұшқын Сәйдірахман
Материал автордың рұқсатымен жарияланды
Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және El.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады

Тағы да оқитындарыңыз