Шөл басатын сусын - Мохито

12.07.2017

Бүгін оқырмандарымызбен әлемнің ең танымал сусындарының ондығына кіретін, ал жазғы "шөл басатын" сусындардың арасындағы бірінші орындағы "Мохито" коктейлінің үй жағдайында жасау тәсілімен бөлісеміз.

(Коллажға тінтуірді апару арқылы суреттерді үлкейтіп көре аласыз)

«Мохито» туралы 6 дерек

1. Бұл сусынның ең алғаш рет қашан және қалай жасалғандығы әлі күнге дейін жұмбақ. Алайда, кейбір зерттеушілер оның XVI ғасырда ойлап табылғандығын айтады. Олай болса, «Мохито» бұл күнге дейін танымалдылығын жоғатпаған ең көне сусын.

2. «Мохитоның» отаны Куба.

3. «Мохито» атауын қант құрағы плантацияларында жұмыс істеген құлдар ойлап тапты деп саналады. Алайда, шамамен африкалық тамыры бар бұл сусынның атауы «Mojo», яғни құдіретті бойтұмар деген мағынаны білдіреді деген болжам да бар.

4. Дәстүрлі «Мохитоның» құрамы 5 заттан тұрады. Олар: ром, газды сусын, қант, лайм, жалбыз жапырағы.

5. «Мохито» Кубаның бейресми ұлттық сусыны.

6. «Мохитоның» ең ерте құрамы 1931 жылы гаваналық «Sloppy Joe’s Bar» барының бармендік анықтамалығына жазылып алынған.

Дайындаған: А.МАРАТ

Иллюстрация: Мұратбек КӘРІМОВ

Тағы да оқитындарыңыз