Күзде саяхаттауға ыңғайлы әрі арзан 6 ел

12.10.2017

Бұл мезгілде кей жерлерде жаңбыр маусымы аяқталып, аптап ыстықтың беті қайтып жағажай демалысын өткізуге ыңғайлы уақыт туады. Оның үстіне туристердің аяқ алысы басылып, шарықтаған бағалар құны да қалыпқа келе бастайды. Қазан мен қарашада Еуропада айтарлықтай салқындайды. Сондықтан бұл мезгілде Африка мен Азияға көз тіккен дұрыс.

Вьетнам

  • Ауа температурасы: 31-33 °C
  • Су температурасы: 27-29 °C
  • Кіру режимі: виза қажет, оны онлайн рәсімдей аласыз. 30 күнге дейінгі бір реттік визаның құны – 8325 теңге + 25 $ (консульдық алым) (*доллар құны бүгінгі күннің курсымен есептелді)
  • Билет құны: 248 000 теңгеден басталады (бұл эконом-класстағы Астана қаласынан белгіленген орынға барып-келу құны, сондай-ақ билетті ертерек алса, екі есеге арзан түседі)
  • Жатын орын: 1 777 теңге (қонақ үй) – 3 810 теңге (бес жұлдызды қонақ үй) аралығында (бір күнге есептелген)

Қазан-қараша айларында Фантьет, Фукуок немесе Вунгтауды таңдаған жөн, себебі мұнда жылы және күн шуақты. Ал басқа өңірге саяхаттасаңыз, өткінші жаңбыр әбігерге салуы мүмкін. Вьетнамда көңіл-көтеру орындары  да жетерлік: давинг, теңіз серуені, сан түрлі экскурсия. Бұл елге жолыңыз түсе қалса, вьетнамдық соғыстардың ізі жатқан Кути туннеліне баруды ұмытпаңыз.

Үндістан

  • Ауа температурасы: 33-35 °C
  • Су температурасы: 28-29 °C
  • Кіру режимі: виза қажет, оны онлайн рәсімдеуге мүмкіндік бар, 5 940 теңге + 33 500 теңге (консулдық алым) аз дегенде 7 күнде дайын болады
  • Билет құны: 241 000 теңгеден басталады
  • Жатын орын: 2 575 теңге (қонақ үй) – 4 222 теңге (апартамент) аралығында

Гоа – бұл танымал үнді шипажайы. Мұнда жылы, арзан әрі уақытыңызды көңілді өткізуге жақсы жағдай жасалған. Қазан айында жаңбырдың аз түсуінен теңіз толқындары тыныш тауып, құрғақ маусым басталады. Штаттың солтүстігі – көңілді кештер мен фестивальдар жиі өтетін мекен. Сондай-ақ, Гоадағы тұрғын үйлердің төмен бағасы да көңіліңізден шығады. Ал Гоаның оңтүстігіндегі жағажай у-шусыз, алаңсыз демалуға мүмкіндік береді.

Кипр

  • Ауа температурасы: 25-27°C
  • Су температурасы: 23-25 °C
  • Кіру режимі: виза қажет, онлайн рәсімдей аласыз, кемі 7 күнде дайын болады
  • Билет құны: 115 000 теңгеден басталады
  • Жатын орын: 5 597 (кемпинг) – 46 149 тг (қонақ үй) аралығында

Қазан мен қараша айларында Кипрде жаздан да керемет маусым басталады. Арзан бағада демалғысы келетіндер үшін таптырмайтын жер. Экскурсиялағанда Киус монастыры, Омодос пен Лефкару ауылдарын аралап, Пафос археологиялық саябағына барыңыз.

Марокко

  • Ауа температурасы: 25-29 °C
  • Су температурасы: 19-21 °C
  • Кіру режимі: виза қажет, қазақстандықтар үшін виза Мәскеу қаласында жасалады, 15-18 күнде дайын болады
  • Билет құны: 310 000 тг басталады
  • Жатын орын: 5 475 теңге (апартамент) – 286 455 теңге (вилла) аралығында

Жағажай демалысы үшін Танжер мен Агадирге аттануға болады. Жергілікті колоритті тамашалау үшін Фес пен Марракешке, экстремалдық көңіл көтеру қажет болса, Сахараға экскурсияға барыңыз.

Тайланд

  • Ауа температурасы: 30-32 °C
  • Су температурасы: 27-29 °C
  • Кіру режимі: виза қажет, онлайн рәсімдеуге мүмкіндік бар
  • Билет құны: 262 000 теңге басталады
  • Жатын орын: 3 642 теңге (хостел) – 29 203 теңге (вилла) аралығында

Тайланд жылдың кез келген айында саяхатшылардан көз ашпайтын мемлекет. Қазан айының соңына таман ауа-райы қалыпқа түсіп, Паттайя мен Краби жағажайларында тамаша маусым орнайды. Күз мезгілінде Сиам аралындағы шығанаққа барудың қажеті жоқ. Себебі, жиі жауған жаңбыр демалысыңыздың сәнін кетіреді.

Тайландтағы «Сиам Паркіндегі» аттракцион, жыландар фермасы секілді орындар сіздің көңіліңізден шығады. Сондай-ақ, Паттайядағы пілдер ауылы мен «Нонг Нуч» ботаникалық бағы саяхаттауға таптырмас орындар.

Шри-Ланка

  • Ауа температурасы: 30-32 °C
  • Су температурасы: 28-29 °C
  • Кіру режимі: 30 күнге баратын саяхатшыларға виза қажет емес, тек саяхаттау үшін электронды рұқсатнама керек. Құны – 2000 теңге
  • Билет құны: 293 000 теңгеден басталады 
  • Жатын орын: 2 012 теңге (хостел) – 5 040 теңге (қонақ үй) аралығында

Күз айының соңғы айында оңтүстік-шығысқа қарай бағыт алғаныңыз дұрыс. Дәл осы уақыттары ылғалды маусым шегіне жетіп, шуақты күннің уақыты келеді. Шри-Ланкаға жолыңыз түссе, міндетті түрде Нувара-Элия қаласына сапар шегіңіз. Мұнда сіз атақты цейлон шайының алқабын аралай аласыз.

Мақала авторы - Дана Мәулен Фотографии: terra-asia.ru, goryashchiyetury.irk.ru, tui.ua, spbhottours.ru, .votpusk.ru сайттарынан алынды
Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және El.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады

Тағы да оқитындарыңыз