«Тақтар ойынын» мүлдем көрмегендерге сериал туралы сұхбат құруға 5 кеңес

17.07.2017

16 шілде күні НВО арнасында «Тақтар ойыны» телехикаясының жетінші маусымы басталды. Десе де әлі арамызда аталмыш сериалды мүлде қарамаған жандар бар. Ендеше, оларды әлемді толқытқан «Тақтар ойыны» телехикаясының жанкүйерлері арасында болған әңгіме-дүкенге еркін араласып, сұхбат құруға көмектесетін 5 кеңеске назар салыңыз.

Ең сүйікті кейіпкерім – айдаһар деп айтыңыз

Айдаһар – ол айдаһар. Ол туралы көп білудің қажеті шамалы.

Бір ғана кейіпкермен жіті танысып, әңгіменің ауанын соның айналасында ғана сілтесеңіз қателеспейсіз.

Қалауыңызға қарай кез-келген бір кейіпкерді таңдаңыз да, әңгімеңізді сол кейіпкерге бағыттай беріңіз. Тіпті сол кейіпкер сіздің достарыңыз әңгіме қылып отырған сахнаға дейін әлі өмірге келмеген, не болмаса дүние салған қаһарман болса да әңгіменің өзегін сол тақырыпқа апара беріңіз.

Құлақтарыңызды екі қолыңызбен жауып, «Спойлерлер! Мен әлі хикаяның жаңа сериясын көрген жоқпын» деп айқайлай беріңіз.

«Тақтар ойыны» сериалының жанкүйерлері спойлерлер туралы ережеге үлкен құрметпен қарайды. Егер сіз фильмнен бір ежелгі фраза келтіретін болсаңыз, фанаттардың аузына құм құясыз. Қалай да жеңіс сіз жақта.

Әңгімеге Гарри Поттерді қосыңыз

Олар ұқсас қой, келісесіз бе? Екеуі де фэнтези, кейіпкерлері де ұқсайды, сиқыршы, айдаһар тағысын тағы. Ешкім байқамай қалады.

«Бұл кейіпкердің өліп қалғанына сене алар емеспін» деп қайталай беріңіз

Кинодағы барлық кейіпкерлер сұмдық жағдайда қаза табады. Бәрінің қазасы Қызыл той мен қан болып аққан өзенмен байланысты.

Егер де сіз қателесіп, тірі кейіпкерді меңзеген болсаңыз, сәл үзіліс жасап, есімін есіңізге түсіре алмай отырғандай кейіп танытыңыз. Сонда достарыңыз сіздің пікіріңізді қуаттап, кейіпкердің атын еске түсіруге өздері атсалысады. Сол кезде сіз мұңайған кейіпте: «Иә дәл өзі. Өліп қалғаны өте өкінішті» деп сытыла аласыз.

«Қыс жақын» деп үнемі қайталаумен болыңыз

Шамасы қыс ешқашан келмейтін сыңайлы. Бұл да дұрыс нұсқа.

Егер жоғарыда айтылған кеңестердің ешқайсысы көмектеспей жатса, Джон Сноуды жақсы көретініңізді және ол ештемеден бейхабар екенін айтыңыз.

Джонды бәрі жақсы көретіні сөзсіз.   

Әзірлеген - Айша Керей
Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және El.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады

Тағы да оқитындарыңыз