Туған жер-алтын бесігім

"Қазконтент" АҚ "Туған жер-алтын бесігім " атты жаңа конкурстың басталуы туралы хабарлайды


Байқау 2018 жылғы 31 қазан мен 7 қараша аралығында өтеді. Байқау тақырыбы Қазақстанда туризмді дамытуға арналған. Ол еліміздің тұрғындары арасында өткізіледі.
Қатысу үшін 3 минуттан артық емес бейнесюжетті жазып, 2018 жылғы 31 қазан мен 7 қараша аралығында әлеуметтік желілердің жеке беттеріне орналастыру қажет. Қатысушылардың роликте туған өлкенің сұлулығын көрсету мүмкіндігі бар,ол дәл осы өңірдің туризмін дамытуға, қазақ халқының аңыздарын жариялауға мүмкіндік береді.

Қатысушылардың жұмысын ұйымдастырушылар Фейсбук-Qazbesik немесе Инстаграмм - @qazaqbesik әлеуметтік желілерінің беттерінде орналастырылады.

Жұмыс сипаттамасында #qazcontentkonkurs2018, #konkurs_s_qazcontentom хэштэгтерін көрсету міндетті шарт
болып табылады. Сонымен қатар, жұмыстар kaztubetour@gmail.com поштасына жіберілуі тиіс.

Жүлделі орындарды анықтау инстаграмм және фэйсбук әлеуметтік желілердің ресми беттерінде орналасқан бейнерөліктердің астындағы "лайк" санын есептеу жолымен жүргізіледі. Ең көп "лайк"жинаған қатысушылар жеңімпаз болады. Сыйлық I, II, III орындарға беріледі. І орын жеңімпазы 900 000 теңге көлемінде ақшалай сыйлық алады, ІІ орын иегері 600 000 теңге және ІІІ орын 500 000 теңге алады.
Қорытынды осы жылдың 12 қарашасында өткізіледі, жеңімпаздар тізімі ұйымдастырушылардың әлеуметтік беттерінде жарияланады. Марапаттау рәсімі 2018 жылғы 16 қарашада Астана қаласында өтеді.

Комментарий

comments powered by HyperComments

Ұқсас материалдар

Әріптестер