Табысты әйелдердің өмірлік ұстанымдары

Мықты рух, жігерлілік, өз қағидаларына беріктік, қайырымдылық және т.б қасиеттері табысқа жетелеген нәзік жандылар

Джейн Остин, жазушы

«Басқа адамдардың бағасына мән бермеңіз»

Жазушының «Тәкаппарлық және жалған сенім» кітабы бірден жарыққа шыға қоймады. Барлық баспалар оны басып шығарудан үзілді-кесілді бас тартқан. Ол тек «Сезім және сезімталдылық» кітабы жақсы баға алған соң ғана көпшіліктің қолына тиді. Джейн «Тәкаппарлық және жалған сенім» туындысын өз баласындай көреді. Бұл туынды ВСС тізіміндегі ең үздік 200 кітаптың қатарында.

Адамдардан менімен жақсы қарым-қатынаста бол деп талап етпеймін. Бұл мені оларға ұнау қиындығынан құтқарады (Джейн Остин)

Софья Ковалевская, математик

«Өз тәуелсіздігің үшін күресу керек»

Ковалевская білім алу жолында, өзінің сүйікті математикасымен айналысу үшін табанды күрескен жан. Оның таланты ерте жастан белгілі болғанымен, әкесі қызының ғылым жолына түсуіне түбегейлі қарсы болған. Ата-анасының шектеуінен құтылу үшін ол жалған тұрмысқа шығады. Берлин университетінде дәріс беретін атақты математик Карл Вейерштрасс оқуға қыздарды қабылдамағандықтан, Софья жеке сабақтар алуға мәжбүр болады. Ол Ресейге философия докторы болып оралғанымен, тек гимназияда математикадан сабақ беру қызметі ұсынылады. Бірақ, ол мұнымен беріле салмай, әлемдегі математикадан дәріс берген алғашқы профессор-әйел болды. Және көптеген ғылыми жаңалықтар ашты.

Бірнеше жылдар бұрын білімге, ғылымға ұмтылған нәзік жандылар сирек еді. Қазір олардың саны жүзден асады. Жоғары идеал болу үшін, өз тәуелсіздіктеріңнің бақытын сезіну үшін күресіңдер (Софья Ковалевская)

Айн Рэнд, жазушы, философиядағы объективизмнің негізін салған

«Жеке бастың бақытын ұмытуға болмайды: орынды эгоизмде тұрған ештеңе жоқ»

Айн Рэнд философиядағы рационалды индивидуализмнің, яғни «объективизмнің» негізін қалады. Бұл бағыттың ерекшелігі – әрбір адам жеке бақытына ұмтылу. Ресми философия бұл бағытты жоққа шығарады, бірақ Рэнд ойлап тапқан «объективизмнің» табынушылары жетерлік.

«Мен сені сүйем» деп айтудан бұрын, «мен» деген сөзді айтып үйрену керек (Айн Рэнд)

Маргарет Тэтчер, Ұлыбритания премьер-министрі

«Дұрыс деп санайтын нәрсеңіз үшін күресе біліңіз»

Тэтчер өзінің шешім шығарудағы көрегінділігімен және қаталдығымен танымал. Оны «темір ханым» деп бекер айтпаса керек. Тэтчер халықтан қолдау таппаса да, көптеген жаңа реформалар қабылдаған. Мәселен, кіші кәсіпке жол ашып, мемлекеттік секторларды жекеменшікке айналдырып, ақылы оқу мен медицинаны жасады. Оның жасаған қадамдары қаншалықты ақылға сыймаса да, уақыт өте елде инфляция деңгейі төмендеп, жұмыссыздар азайған.

Өз дұшпаныңды жақсылап зерттеу қажет. Бір күні оны өзіңнің досың етуге болады (Маргарет Тэтчер)

Элизавета ІІ, Ұлыбритания ханшайымы

«Әрқашан біреудің көмегіне жүгініп өмір сүруге болмайды, әркім өзіндегі рухын қалыптастыру қажет»

Элизавета ІІ-ның әкесі Георг XVI  хан тағына мұрагерлік тізімінде екінші болған екен. Бас мұрагер Эдуард ханзада белгілі себептермен тақты Георгқа қалдыруға мәжбүр болады. Ал Элизавета ІІ-ші 26 жасында, әкесі өмірден өткен соң, билікті өз қолына алды. Оған дейін ол әкесі сапарлап кеткенде, билікке уақытша отырып, тәжірибеден өткенімен, ханшайым болу үшін жылдар бойы өзіндегі күш рухын қалыптастырып, ұстамдылықты үйренгенін айтады.

Дүние – ең ұнамды жерлердің бірі емес. Бір күні ата-анаңыз сізді тастап кетеді, сол кезде сізді қорғайтын ешкім болмайды, себебі сіз ол – сізсіз (жеке тұлғасыз). Сол үшін өз қағидаларыңызды қалыптастырып, оны қорғауды үйрену қажет (Элизавета ІІ)

Одри Хепберн, актриса

«Егер белгілі бір қалыпқа сыймасаңыз, оны өзіңіздің ыңғайыңызға қарай өзгертіп алыңыз»

Одри ХХ ғасырдағы ең танымал актриса болса да, өз келбетіне көңілі толмаған. Десек те, оның нәзік мүсіні атақты болуына оң ықпал етті. Ол сән әлеміне ерекше аристократты әлжуаздылықты енгізді.

Сексуалдылық деген тек өлшем емес. Менің қандай көркем мүсінге ие екенімді көрсету үшін жатын бөлмесінің түк те қажеті жоқ. Жаңбыр астында алма талда бір алма үзіп алып жатқанымның өзі мендік мүсіннің айқын көрінісі (Одри Хепберн)

Ангела Меркель, Германияның федералды концлері

«Күш тыныштықта»

Ангела Меркель 7 жылы бойы Forbes тізімінде ең ықпалды әйелдер көшін бастап келді. Ол Германияның канцлері болса да, өз отбасымен жалдамалы пәтерде тұрды. Меркель өзінің қарапайымдылығымен ерекшеленеді. Оны кез келген жиналыста тек түстері ауысқан кастюмде көруге болады. Сол сияқты ол ең қиын-қыстау сәттері сабырлылығынан таймаған адам ретінде танымал.

Біз саясаткер ретінде өз мемлекетіміз бен халқымыздың алдындағы борышымызды ұмытпауымыз керек. Әрдайым халық алдында қарапайымдылығымызды жоғалтпаудың да маңызы зор (Ангела Меркель)

София Коппола, режиссер

«Бір затқа жеке көзқарасыңызды білдіруден қорықпаңыз»

Софияның ағасы да, әкесі де танымал режиссерлар болғандықтан, ол өзін кино әлемінен алыс ұстағысы келді. Бірақ, алғашқы фильмі «Девственницы-самоубийцы»-дың өте сәтті шығуы оның басқалардан ерекше қырын, бір оқиғаны жан-жақты бере алатындығын көрсетті. Қазір София Копполада «Оскар», «Алтын глобус» пен Кан фестивалінің екі «Алтын пальманың бұтағы» бар.  

Маңызды нәрсе айту үшін, айқайлаудың қажеті жоқ (София Коппола)

Татьяна Тарасова, мәнерлеп сырғанаудан жаттықтырушы

«Кез келген істі әр түрлі жолдар арқылы іске асыруға болады»

Спортшы ретінде Тарасова көп жетістікке жете алмады. Ол ауыр жарақаттан соң, жаттықтырушылыққа кетіп қалған еді. Оның шәкірттерінің еншісінде әлем мен Европа чемпионаттарының 41 алтыны, Олимпиаданың 7 алтыны бар.

Менің өмірім, шәкірттерімнің өмірімен тығыз байланысты. Мен әлеммен шәкірттерім арқылы сөйлесе алдым. Әлем мені солар арқылы естіді. Бұл бақыт әркімге бұйыра бермейді (Татьяна Тарасова)

Мая Плицеская, балерина

«Егер ұлы адам болғың келсе, қойылған талаптардан да көп жұмыс жасау керек»

Әрқашан өз жетістіктеріне сыни көзбен қарап келген Мая Плицеская тәжірибе жасаудан ешқашан қорықпаған. Оның әрбір көрсеткен нөмірі терең әртістігімен қоса, нағыз шеберлігімен, шынайылығымен ерекшеленіп, көрерменнің есінде мәңгі қалды.

Мен әрқашан көрермендер үшін ғана биледім. Сахнадан кеткен соң, бір де бір рет билегенім жоқ. Өзім үшін билеу ойы басыма келіп көрмепті (Мая Плицеская)

#өмірлік ұстаным

Пікір

comments powered by HyperComments

Ұқсас материалдар

Әріптестер