6 қыркүйек кинопремьералары

Аптаның үздік кинопремьералары

Осы аптада: Антуан Фукуа мен Дензел Вашингтонның кезекті әріптестігі, «Кунг-фу Панда 3» режиссері ұсынған сай-фай, бөгдепланеталық туралы фантастикалық боевик, пингвиндер туралы жапон анимесі, Ольга Куриленко түскен хоррор, оқиғасы Лев Николаевич Толстойдың өмірінен алынған ресейлік драма.

«Великий уравнитель 2» («The Equalizer 2») – 2014 жылғы қылмыстық боевиктің жалғасы. Бұл режиссер Антуан Фукуа мен Дензел Вашингтонның  төртінші әріптестігі. Тағы бір факт – «Великий уравнитель 2» - аталған актердің карьерасындағы алғашқы сиквел.

Екінші фильм алдыңғысының оқиғалар желісін әрі қарай өрбітеді. Зұлымдар орталық барлау басқармасының бұрынғы агенті Роберт Макколлдың жақынына зақым келтіру арқылы одан өш алмақ болады. Макколл өзінің әділет жолындағы миссиясына қайта оралады.

«Тёмные отражения» («The Darkest Minds») – жасөспірімдерге арналған ғылыми-фантастикалық триллер. Режиссері - Дженнифер Ю («Кунг-фу Панда 3»), фильмге Александра Брэкеннің аттас романы арқау болған.

Сюжет бойынша Америкада әлдебір аурудан балалардың 98% көз жұмады, қалған 2 процентінен суперқабілет анықталып, олар арнайы лагерлерге жіберіледі. 16 жасар қыз осындай лагерден қашып, үкіметтен жасырынып жүрген өзге жасөспірімдер тобына қосылады.

«Кин» («Kin») – ағайынды Джонатан және Джош Бэйкерлер жасаған ғылыми-фантастикалық боевик. Жобаға Бэйкерлердің «Парень с сумкой» қысқыметражы негіз болған.

Қарапайым оқушы бөгдепланеталық қару тауып алып, басы бәлеге қалады: оның және бауырының соңына басқа әлемнің келімсектері, арнайы қызмет өкілдері мен қылмыскерлер түседі.

«Тайная жизнь пингвинов» («Penguin Highway») – Томихико Моримидің аттас мангасына негізделген аниме.

Төртінші сыныпта оқитын Аояманың қаласы теңізден алыста орналасқан. Осы елді-мекеннің маңайында бір тылсым оқиға болады. Судан тұратын әлдебір сфера пайда болады. Зерек бала осы феноменді зерттеуге кіріседі.

«Мара. Пожиратель снов» («Mara») – Ольга Куриленко мен Хавьер Ботет ойнаған британдық қылмыстық хоррор.

Кейт Фуллер өз әйелінің қолынан қаза тапқан еркектің ісін тергеуге кіріседі. Куәгер ретінде сегіз жасар Софидан жауап алынады. Осы іске тереңдеп енген сайын, Кейт құрбандарын ұйқы кезінде өлтіретін көне жын туралы біледі. Басты кейіпкердің де осыған ұқсас дерті бар еді.

«История одного назначения» – оқиғасы Лев Николаевич Толстойдың өмірінен алынған ресейлік драма.

Озық идеялармен шабыттанған астаналық поручик Григорий Колокольцев Тула облысына қызметке аттанады. Ол қызметін өтеп жүрген жаяулар полкінде қылмыс болады. Кінәлі деп танылған жауынгерді әскери трибунал мен ату жазасы күтіп тұр. Колокольцев оны қорғау үшін граф Толстойдан көмек сұрайды.

 

#кинопрьемералар

Комментарий

comments powered by HyperComments

Ұқсас материалдар

Әріптестер