3 мамыр кинопремьералары

Мамыр айының алғашқы кинопремьералары

Мамырдың алғашқы киноуикендін премьераларға бай деп айта алмаймыз. Бұл түсінікті де – Кек алушылармен ешкім бір кестеге ілінгісі келмейді – бәсекенің құны тым жоғары. Сол себепті «Кек алушылар 3» осы аптаның монополисті деуге болады. Бірақ одан да бөлек қызық фильмдер бар.

«Мстители: Война бесконечности» («Avengers: Infinity War») – Marvel киноғаламының он тоғызыншы фильмі. Бұл жобаны белгілі бір тараудың қорытындысы деуге де болады. Осы киноғаламның алдағы жобалары жаңа бағытта өрбімек.

Сюжетте Кек алушылар осыған дейін түрлі фильмдерде бой көрсеткен – Галактика сақшылары, басқа да қаһармандармен күш біріктіріп, Танос есімді титанға қарсы тұрады.

«Остров собак» («Isle of Dogs») – белгілі тәуелсіз режиссер Уэс Андерсонның жаңа жұмысы. Анимациялық картина биыл Берлинале кинофестивалінде үздік режиссура үшін «Күміс аю» алды.

Сюжет бойынша Мегасаки деген қаланың әкімшілігі иттердің бәрін бір аралға қуып жібереді. Үй жануарлары үйілген қоқыстың арасында күнелтуге мәжбүр болады. Олардың арасында 12 жасар Атаридің иті Спотс та бар еді. Бала төрт аяқты досын іздеп табу үшін алыс сапарға аттанады.

«Собибор» - Ресейдің белгілі актері Константин Хабенскийдің режиссерлік дебюті. Басты рөлде де өзі ойнайды. Фильмге өмірде болған адамның тағдыры арқау болған.

1943 жылы қазанда Собибор лагерінің тұтқындары ереуіл ұйымдастырады. Көтерілісшілерді Қызыл әскер лейтенанты Александр Печерский тұрған еді. Бұл нацистік өлім лагерінде болған жалғыз нәтижелі ереуіл болды.

#кинопремьералар #қандай кино көремін

Пікір

comments powered by HyperComments

Ұқсас материалдар

Әріптестер