23 тамыз кинопремьералары

Аптаның үздік кинопремьералары

Адам мен иттің дос болу тарихы туралы эпикалы драма, Марк Уолберг пен Питер Бергтің тағы бір бірлескен жұмысы, Джоди Фостер түскен фантастикалық боевик, Сэм Рокуэл қатысқан британдық комедия-триллер, Такеши Китаноның якудзалар арасындағы соғыс туралы трилогиясын аяқтайтын боевик, Слендермен туралы хоррор, Pixar-дың «Көліктеріне» ұқсас малайзиялық мульфильм, Тимур Бекмамбетов продюсерлік еткен ресейлік десктоп-муви және «Маша и Медведь» мульсериалын жасаушылар ұсынатын ресейлік отбасылық анимациялық фэнтези-туынды.

«Альфа» («Alpha») – көне дәуірде адам мен ит қалай досқа айналды деген сұраққа өзінше жауап беруге тырысатын отбасылық драма. Фильмді Альберт Хьюз түсірді, оны көпшілік «Книга Илая» боевигін түсірген егіз-режиссерлердің бірі ретінде таниды.

20 000 мың жыл бұрын Жер суық және өмірге қолайсыз болды. Адамға келер қауіп көп еді және әрі қарай өмір сүру ұстаған олжаға тікелей тәуелді еді. Бір тайпадан шыққан жас аңшы қауіп-қатерге толы ортаға тап болады. Ол қорқынышын жеңіп, үйге аман оралу керек.

«22 мили» («Mile 22») – актер Марк Уолберг пен режиссер Питер Бергтің («Уцелевший», «Глубоководный горизонт») тағы бір бірлескен жұмысы. Сондай-ақ фильмге Джон Малкович, Лорен Коэн («Ходячие мертвецы»), Ронда Раузи («Неудержимые 3», «Форсаж 7») және Ико Ювайс («Рейд») түсті.

Елестер - аса құпия барлаудың элита жасағы: ресми түрде олар жоқ, бірақ істері - рас. Олар ешкімнің қолынан келмейтін міндеттерді орындайды. Оларға берілген кезекті тапсырма - Индонезиядан ірі саясаткерлердің жемқорлығы туралы дәлелі бар полицейді алып шығу. Құтқару ұшағына дейін жасақ қауіпті 22 миляны жүріп өтуі тиіс.

«Отель «Артемида» («Hotel Artemis») - «Железный человек 3» және «Миссия невыполнима: Племя изгоев» секілді фильмдерге сценарий жазған Дрю Пирстің режиссерлік жұмысы. Фильмнен Джоди Фостер, Джефф Голдблюм, София Бутелла, Дэйв Батиста, Стерлинг К. Браун, Закари Куинто секілді актерлерді көреміз.

Лос-Анджелесте жақын болашақта қылмыскерлер "Артемида" деген отелде демалысын өткізіп, медициналық көмек ала алады. Алайда клуб мүшелері үшін ең қиыны - бұл жерге қару-жарақ алып кіруге болмайды.

«Голубая игуана» («Blue Iguana») – британдия комедия-триллер. Басты рөлдерде «Оскарлы» Сэм Рокуэлл және Бен Шварц пен Фиби Фокс.

Алаяқтар Эдди мен Пол түрмеден мерзімінен бұрын босап шығып, Нью-Йорктағы кафеге жұмысқа орналасады. Бірде олар Кэтрин есімді британдық қызбен танысады. Қыз екі досты Көгілдір игуана деп аталатын бірегей асыл тасты ұрлауға көндіреді.

«Последний беспредел» («Autoreiji saishusho») – Такеши Китаноның якудзалар арасындағы соғыс туралы трилогиясын аяқтайтын боевик. Фильм 74 Венеция кинофестивалінің жабылуында көрсетілді. Сондай-ақ бұл Китаноның фильмографиясындағы ең көп табыс тапқан картина.

Оқиғасы алдыңғы екі бөлімнің сюжетін жалғастырады. Санно синдикатын Ханабиси отбасы құртып жібергеннен кейін Отомо мистер Чанды паналайды. Отелдер мен борделдерді қарайды, балыққа шығып тұрады. Бірде Ханабиси отбасының якудзасы оның қызметкерлеріне дөрекі қылық көрсетеді. Сондай-ақ Отомоның көмекшісін өлтіріп тастайды. Ханабиси синдикатының басшылығы бұл дауды пайдаланып билікті тартып алмақ болады.

«Слендермен» («Slender Man») – америкалық үрейлі фильм. Бұл картинаға Слендермен деп аталатын жұмбақ кейіпкер туралы аңыз негіз болған. Слендермен, немесе Жіңішке адамды 2009 жылы Something Awful интернет-форумына қатысушы Эрик Кнудсен ойнап тапқан. Уақыт өте келе Слендермен танымал интернет-мемге айналып, бірнеше әңгіме мен компьютерлік ойынға негіз болды.

Слендермен - қаралы костюм киген, дене тұрқы жіңішке белгісіз жан иесі. Оның беті жоқ, мақсаты мен ойы да белгісіз. Төрт қыз Слендермен туралы аңызды жоққа шығару үшін бір рәсім жасайды. Алайда олардың біреуі осыдан кейін жоғалып кетеді.

«Вилли и крутые тачки» («Wheely») – малай елінен келген мульфильм. Анимациялық картинаның өндірісімен KRU Studios компаниясы айналысты. Бұл студия «Мистер Квак» деген мульфильмімен белгілі.

Вилли – Гаскет-Ситидің көше жарыстарында үш рет чемпион болған машина. Ол өміріндегі ең басты жарысқа дайындалуда. Алайда шешуші айналымда өзін басқара алмай, суға құлайды. Осыдан кейін Вилли қарапайым такси болып қызметке тұрады. Алайда Белла есімді итальян машинасымен танысқаннан кейін өміріне өзгеріс келе бастайды.

«Днюха!» - «десктоп-муви» ресейлік комедия, яғни оқиғасы компьютер экранында өрбиді. Бұл Тимур Бекмамбетов енгізген кинодағы жаңа бағыт.

Сюжет бойынга Антон деген жігіт досының туған күнінде сауық құрып жүріп, ертесіне басқа қалада оянады. Ол бейтаныс қыздың пәтерінде қамалып қалған, ештеңе есіне түспейді, ал оның қатысуымен жасалған видеороликтер интернетте өріп жүр.

«Принцесса и дракон» - «Маша и Медведь» мульсериалын жасаушылар ұсынатын ресейлік отбасылық анимациялық фэнтези-туынды. Басты кейіпкерді әнші Ани Лорак дыбыстайды.

Ғажайып патшалықтың мейірімді билеушісі Амвросийдің Варвара деген қызы болады. Қызды патшаның кеңесшісі, дуагер Бальтазар тәрбиелейді. Ол жеті жасқа толғанда кітапханадан сиқырлы кітап тауып алып, соның көмешімен Ғажайыптар әлеміне тап болады. Осы жерде қыз кішкентай Дракошамен танысады. Екі досты жаңа да қызықты оқиғалар күтіп тұр.

#кинопремьера

Комментарий

comments powered by HyperComments

Ұқсас материалдар

Әріптестер