22 ақпан кинопремьералары

Тар заман, Әлемнің бүкіл ақшасы және басқалар

Стивен Спилбергтің «Хабар» және Ридли Скоттың «Әлемнің бүкіл ақшасы» тарихи драмалары, сондай-ақ Алаш арыстары туралы «Тар заман» картинасы, Джейсон Бейтман мен Рэйчел МакАдамстың қатысуымен «Түнгі ойын» қылмыстық комедиясы, Джейсон Момоа түскен боевик, гномдар туралы Канада-Америка мультфильмі және ресейлік «Квартет И» театрының кезекті киноқойылымы.

 

Кинопрокатшылар бізге соңғы бір-екі айдан бері биылғы «Оскарға» таласатын картиналарын ұсынып келеді. Осы аптада Стивен Спилбергтің «Секретное досье»The Post») тарихи триллері көрерменге жол тартты. Фильм «Үздік фильм», «Үздік актриса» номинациялары бойынша «Оскарға» үміткер.

Өмірде болған оқиғаға негізделген картинада басты рөлдерде Мэрил Стрип пен Том Хэнкс ойнайды. Сюжеті 1971 жылы болған шын оқиғаға құрылған. «The New York Times» және «The Washington Post» басылымдарының қайсар журналистері Пентагондағы құпия құжаттарды жариялаған болатын. Материалдарда Вьетнам соғысы туралы, АҚШ-тың соғысқа араласу себебі, Америка жауынгерлерінің Камбоджа мен Лаостағы құпия операциялары туралы бұрын-соңды ешкім білмеген мәліметтер айтылды. Осылайша АҚШ президенті әкімшілігінің өтіріктері ашылған болатын.

 

Ридли Скоттың «Все деньги мира»All the Money in the World») детектив триллері де Америка киноакадемиясының «Екінші пландағы үздік актер» номинациясында бағын сынауда. Бұл фильм де өмірде болған оқиғаға негізделген және әлемнің ең бай бизнесмені Жан Пол Геттидің отбасында болған жайтты суреттейді.

Фильмде ХХ ғасырдағы даулы оқиғалардың бірі айтылады. Римде маска киген қылмыскерлер әлемнің ең бай адамдарының бірі Жан Пол Геттидің немересін ұстап алып кетеді. Алайда Гетти немересін қайтарып алу үшін құн төлеуден бас тартады. Уақыт өткен сайын қылмыскерлердің талабы да күшейе түседі. Жасөспірімді құтқаруға бір ғана үміт қалады - Геттидің қауіпсіздік қызметкері Флетчер Чейс.

Негізгі рөлдерді Мишель Уильямс , Кристофер Пламмер және Марк Уолберг орындады. Бастапқыда мұнай магнатын Кевис Спейси ойнап шыққан еді. Алайда актердің басы дауға қалған секс-скандалдан кейін оны Кристофер Пламмермен алмастырып, кейбір эпизодтарды қайта түсіріп шығуға тура келген.

«Тар заман» - «Qazaqstan» телеарнасының тапсырысымен түсірілген сериал. Алайда сериал эфирге шықпас бұрын оның кинонұсқасы жасалып, прокатқа шығуда. "Тар заман" тарихи фильмінде Әлихан Бөкейханов, Мұстафа Шоқай, Ахмет Байтұрсынұлы, Міржақып Дулатов, Смағұл Садуақасов сынды Алаш қайраткерлері көрініс табады.

Оқиға желісі Алашорда үкіметін құру жолындағы ортақ мұратқа топтасқан алаш зиялыларының өмірінен құрылып, Әлихан Бөкейхановтың тартысқа толы драмаға толы тағдыры суреттеледі. Сюжетте Омбы мен Семейдегі оқиғалар, Алаш әскерінің құрылуы, Сталиннің Әлиханды Мәскеуге алдыруы, абақтыдағы тергеу істері қамтылады.

Мұрат Бидосов режиссерлік еткен картинаға Балтабай Сейтмамыт, Дулыға Ақмолда, Жалғас Толғанбай, Тұрсын Құралиев, Медғат Өмірәлиев, Кенен Ақүрпеков, Мәмбет Қожалиев, Олжас Абай, Наргиз Алтайбай, Ұлан Болатбек, Жұлдызбек Жұманбай, Дархан Сүлейменов секілді актерлер түскен.

 


2015 жылғы «Каникулы» («Vacation») комедиясының режиссерлерінен тағы бір жоба. «Ночные игры» («Game Night») фильмі соңғы кезде танымал бола түскен квест ойындарына арналады.

Ерлі-зайыпты Макс пен Энни "түнгі ойын" атанып кеткен түрлі квесттерге қатысқанды ұнатады. Бірде Макстың бауыры Брукс баскесерлер мен ФТБ агенттері қатысатын керемет ойын ұйымдастырады. Нәтижесінде Брукс тұтқын болып кетеді. Бір қызығы - бұл ойын ба, әлде шын ба ешкім білмейді.

Ерлі-зайыптыларды Джейсон Бейтман мен Рэйчел МакАдамс ойнайды.

 

«Дикий»Braven») – «Әділет лигасы» кинокомиксі мен «Тақтар ойыны» сериалының жұлдызы Джейсон Момоаның қатысуымен жасалған канадалық қызық оқиғалы экшн-триллер.

Фильм Джо есімді орманшы туралы. Ол Джо отбасымен бірге АҚШ пен Канада шекарасында тұрады. Бірде есірткі саудасымен айналысатын банда оның өмірінің шырқын бұзады. Бұл жер қайратты да батыл Джоға тиесілі және ол отбасы амандығы үшін бәріне дайын.

 

«Гномы в доме»Gnome Alone») - анимациялық картинасы Жерді қорғайтын гномдар мен бәрін қырып-жоюға құмар троггтар арасындағы шайқас туралы. Хлоя есімді қыз өз ауласынан гномды кездестіріп, одан троггтар туралы бар шындықты естиді. Ол зұлым троггтардың көзін құрту үшін гномдарға көмектесуі керек.

 

Ресейдің «Квартет И» шығармашылық бірлестігі өзінің бұрынғы «О чём говорят мужчины» комедиясының жалғасын ұсынады. Осыған дейін 2010 жылы және 2011 жылы осы серияның екі бөлімі шыққан еді. Жаңа серия «О чём говорят мужчины. Продолжение» деп аталады.

«Квартет И» қашан да тартымды диалогтарымен, елітіп алып кететін әңгімелерімен ерекше болған. Осы жолы да төрт достың жол үстіндегі әңгімесі мен бастан кешкен қызықтары туралы. Осы жолы төртеуі Питерге аттанады. Олар жол үстінде келе жатып үйде қалған шаруаны, толғандырған мәселелерді ұмытып, сапардан ләззат алмақшы. Достарды қызықты әңгіме-дүкен және түрлі кездесулер мен оқиғалар күтіп тұр.

#кинопремьералар
Материал автордың рұқсатымен жарияланды

Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және El.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады

Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!

Комментарий

comments powered by HyperComments

Ұқсас материалдар

Әріптестер