16 тамыз кинопремьералары

Бұл аптаны хоррорлар аптасы деуге болады. Шыққан алты фильмнің үшеуі, тіпті отандық туынды да осы жанрдан. Олардан бөлек «Мамма Миа» мюзиклінің сиквелі, робот ит туралы фантастикалық картина және маймылдар туралы қытай мультфильмі бар.

«Mamma Mia! 2» («Mamma Mia! Here We Go Again») – 2008 жылғы әйгілі мюзиклдің екінші бөлімі. Алғашқы фильмдегі негізгі актерлерден бөлек Энди Гарсиа, әнші Шер, Алекса Дейвис, Джереми Ирвин, Джессика Кинан, Хью Скиннер секілді жұлдыздар ойнайды. Кейіпкерлер ABBA тобының классикалық әндерін шырқайды.

Фильмде Донна, Гарри және Сэм арасындағы махаббат үштігі айтылады. «Мамма Миа 2» алғашқы фильмнің әрі приквелі, әрі сиквелі. Бұнда басты кейіпкерлердің өткен өмірі де, қазіргісі де көрсетіледі.

«Аксель» («A.X.L.») – режиссер және сценарийші Оливер Дэйли ұсынған америкалық sci-fi картина. Рөлдерде - Томас Джейн («Каратель») мен Бекки Дж. («Могучие рейнджеры»).

Сюжет бойынша Жас мотоциклші Майлз әскери мақсатпен жасалған үлкен робот итті тауып алады. Жігіт пен Аксель тез достасады. Алайда әскерилер металл жануарға өздеріне қайтарғысы келеді.

«Во мраке» - қазақстандық хоррор. Фильмді дебютант Данияр Ақшабаев түсірді.

3 курс студенті тау етегіндегі орманда орналасқан бір қарғыс атқан орын туралы біледі. Басты кейіпкер достарын жинап сол жерді барып көрмек болады. Түн болғанда достар тұзаққа ілінгенін біледі.

«Выжившие» («Hostile») – үлкен киноға енді қадам басқан Матье Туридің үрейлі фильмі. Әлемдік премьерасы 2017 жылы шілдеде Нёвшателде өткен халықаралық фантастикалық фильмдер фестивалінде өтті.

Сюжетте апокалипсистен кейінгі әлем суреттеледі. Жер бетіндегі адамдардың көп бөлігі қырылып қалады. Сол кезде олар пайда болады. Оларды Аман қалғандар деп атайды. Олар аңшылар, ал адамдар - олардың жемтігі. Осындай әлемде өмір сүріп жатқан Джулиет есімді қыз тамақ іздеу үшін бір топ адаммен босап қалған қалаға аттанады.

«Горные огни» («The Body Tree») – АҚШ, Ресей, Испания бірігіп түсірген хоррор. Фильмде Ресейдің Алтай өлкесіне сапарлап барған америкалық студенттер туралы баяндалады.

Олар Америкада белгісіз себеппен қайтыс болған Карина есімді группалас қыздың туыстарына келген болатын. Каринаның бауыры шаман болып шығады. Ол қонақтарға Каринаның аруағын босатуға арналған рәсімге қатысуды ұсынады. Алайда олар қыздың емес, Курюм деп аталатын зұлым аруақты босатып алады. Бұндай жағдайға бір себеп бар еді - Каринаны өлтірген адам өз араларында отыр.

«Маленький большой герой» («Monkey King Reloaded») – АҚШ пен Қытай бірігіп жасаған анимациялық туынды.

Мультфильмнің басты кейіпкері Санни есімді кішкентай маймыл өмір бойы зоопаркте тұрды. Бірақ ол үлкен қала мен қызыққа толы оқиғаларды армандайтын. Күндердің күнінде Нью-Йоркке тап болады. Ол жаңа достар табады, қызықты оқиғаларды бастан өткізеді. Алайда оның сүйікті қаласына қауіп төніп тұр. Жындар патшасы деп аталатын зұлым қаланы қиратпақ. Санни жаңа үйі мен достарын құтқару үшін батырға айналу керек.

#кинопремьералар

Комментарий

comments powered by HyperComments

Ұқсас материалдар

Әріптестер