15 ақпан кинопремьералары

Marvel-дің «Қара Пантерасы», «Оскардың» алтауына үміткер «Көрінбейтін жіп», «Муми-тролль» фин-поляк мультфильмі, Перуден келген тағы бір анимациялық картина және Ресейден келген авторлық кино.


«Чёрная Пантера» («Black Panther») – Marvel студиясының кинематографиялық ғаламына кіретін кезекті туынды. Басты кейіпкер Т'Чалланы біз алғаш рет «Первый мститель: Противостояние» фильмінен көрдік. «Қара Пантераның» оқиғасы да жоғарыда аталған картинадан кейін өрбиді. Ваканда патшасы Т'Чалла үйіне оралып, көп кешікпей ел ішінде оның билігіне қарсы қозғалыс басталғанын байқайды. Оның тақтан айырылуы әлемдік тәртіптің бұзылуына алып келер еді, сондықтан Қара Пантера өз сауытын қайта киеді.

«Магнолия», «Нефть», «Мастер», «Врожденный порок» секілді картиналарды жарыққа шығарған Пол Томас Андерсон жаңа жұмысы ұсынады. «Призрачная нить» («Phantom Thread») - Дэниэл Дэй-Льюистің қатысуымен түсірілген драма.

Фильм оқиғасы Лондонда 1950 жылдары өрбиді. Басты кейіпкер - Рейнольдс Вудкок патша отбасының мүшелеріне, кино жұлдыздары мен ауқатты адамдарға арнап қайталанбас образдар жасайтын атақты кутюрье. Алайда жас та кербез Альманың пайда болуы бәрін түбегейлі өзгертеді, ол Вудкоктың музасына айналады.

Басты рөлдегі Дэниэл Дэй-Льюис – үш «Оскардың» иегері. Ал мына фильмнің өзі биылғы «Оскардың» алты номинациясына ілікті.

«Муми-тролли и зимняя сказка» («Muumien taikatalvi») – Финляндия-Польша бірлесіп өндірген анимациялық ертегі. Дыбыстауға Алисия Викандер («Девушка из Дании») және әкелі-балалы Стеллан Скарсгард («Пираты Карибского моря») пен Билл Скарсгард («Оно») қатысты. Үлкен Скарсгард жобаның продюсері міндетін де атқарды.

Муми-тролльдер өлкесінде қалыптан тыс оқиға болады. Осы бір мейірімді де ғажап тіршілік иелері қысқа ұйқыға дайындалуда, алайда тек кішкентай муми-тролль ғана ұйқысы келмей, қысты қарсы алғысы келеді. Ол Рождество деп аталатын қонақтың кім екенін білмек болады.

Осы аптада шыққан тағы бір мультфильм – «Махнем на Луну!» («Condorito: La Película») деп аталады. Перу режиссері Эдуардо Шульдт түсірген анимациялық картина өзге планеталықтармен күрес жайында. Басқа планетадан келген зұлымдер біздің Жерді құдыретті амулет көмегімен жаулап алуды көздейді. Әлгі амулеттің сиқырына ақылы аз тіршілік иелері ғана қарсы тұра алады.

«Язычники» - дебютант Валерия Суркова түсірген Ресей драмасы. Суркова бұған дейін театр режиссері ретінде белгілі болды. Фильм сценариі украин драматургы Анна Яблонскаяның аттас пьсесасына негізделген. Драматург 2011 жылы Мәскеудің «Дoмoдeдoвo» әуежайында болған теракт кезінде қаза тапты.

Сюжет бір бақытсыз отбасы туралы. Отағасы - жұмыссыз музыкант, отанасы қыздың оқуын төлеу үшін ауыр жұмыс істеуге мәжбүр, үйде бітпейтін жөндеу жұмыстары, оны жасап жатқан Боцман есімді алқаш көрші. Бірде оншақты жыл бойы қасиетті мекендерді аралап жүрген әже оралады. Христиан уағызымен мезі қылатын күтпеген қонаққа ешкім қуана қоймайды, алайда ол келгеннен кейін бәрінің өмір түзеле бастайды. Тек он тоғыз жасар немере - Кристина үшін ғана бұл трагедияға айналады.

Қосымша: 14 ақпан кинопремьералары туралы алдыңғы мақалада айтқан болатынбыз. 

#кинопремьера

Пікір

comments powered by HyperComments

Ұқсас материалдар

Әріптестер