Қойлық қалашығы

Кие тұнған Қазақстан

Қойлық қалашығының атауы туралы әртүрлі деректер кездеседі. Оның бірінде Қаялық десе, кейбірінде Қайлақ деп жүр. Қойлық – Бернштамның айтуынша, Іле алқабындағы үлкен қаланың жеріне байланысты туындаған. Яғни, қой малының жайылуына ыңғайлылығына қатысты айтылған. Десе де, көптеген дереккөздерде Қаялық пен Қайлақ атауларының жиі кездесетінін басты назарда ұстаған дұрыс. Бұған қатысы бар деген «Кайи-каи» сөздері этноним болып табылады. Жалпы, Әл-Маврази күншығыстан каи мен кун тайпаларының Сары аталатын елге қарай бағыт алғаны жөнінде айта кетеді. Ал Қытайлық жылнамалардағы си мен хунь тайпалары ілгеріде аталған қос тайпамен ұқсастығы барын таңбалары дәлелдейді.

Заман Төлеуовтың жинаған мәліметіне сүйенер болсақ, каи менен кун тайпасының дәл қай кезеңде келгені турасында нақты тарихи дерек жоқ. Әр ғалым келу уақыты деп әр түрлі ғасырды көрсетеді. Мәселен, Макварт Х – ХІІІ ғасырдеп болжаса, Минорский ХІ ғасырдейді. Ғалым Толстовтың пікірі тіптен басқаша. Оның жобалауы V – VІ ғасырларға саяды. Неміс ғалымы кайидың арғы тегі моңғолдың түркіленген тайпасы екенін айтады. Ал Қашқари бұлардың түркі тілін білсе де, сөйлемегенін алға тартады. ІХ ғасырдың бас кезінен каи-оғыз түркімендерге кіретін бір тайпа болып аты шыға бастады. 11 ғасыр ертерек қытайлық жылнамаларда айтылғына каи таңбасын түркімендердің құрамына кіретін кайи тайпасы кешегі ХІХ ғасырға дейін сақтауы көп мәліметтен хабардар етсе керек. Іле өңірінде осы тайпаның ғұмыр кешкенін дәлелдейтін жәдігерлер де табылған. Олардың шамалас уақыты ретінде ХІ – ХІІ ғасырлар көрсетіледі. Яғни, қыш құмыралардың сырты каи тайпасының таңбасы болған жыланмен безендірілген. Бұл аталған деректер Қаялық ойконимінің тайпаға қатысты шыққанының айғағы болып отыр. Жалпы, Қойлық қарлұқтардың ордасы ретінде ХІ – ХІІІ ғасырларда көпке таныла бастаған. Қарлұқтардың Қарахан қағандығыныңқұрамына кіргендігін жақсы білеміз. Тарихта Шыңғыс ханнан жеңілген Күшлік бас сауғалап Басбалыққа барып, батыс лиау патшалығынан көмек сұрайды. Олар Күшлікті шын ықыласпен қарсы алған екен. Бұл уақытта Шыңғыс ханнан жеңіліс тапқан найман, керей мен меркіттер Жетісу жаққа ығыса түседі. Әбден қалжырап отырған лиау тайпасының патшасы қайта-қайта көтеріліп, маза бермей отырған бодандарды басып тастау үшін Күшліктен көмек сұрайды. Ал Күшлік өз тайпаларының Еміл, Қойлық, Бесбалықта мекен етіп отырғанын және олардың санының көп екенін алға тартып, қару-жарақпен қамтамасыз етсе, көмегін аямайтынын айтады.

Заман Төлеуов өз мақаласында Қойлық қаласы туралы тағы бір пікірді алға тартады. Ол – Мұхамеджан Тынышпаевтың «Ақтабан шұбырынды» кітабында келтірілген дерегі. «Назаров Керімқұл атты Қапал уезінің бай әрі атақты тұрғыны мынандай ақпарат жеткізеді: Ол ата-бабасының шежіресін жақсы меңгерген адам секілді.Қаратал-Көксу өзенінің маңында, яғни Дүнген елді-мекені тұрған жерде ежелгі қала болғандығын айтады. Кейінгі 200 жыл қаңырап, бос қалған қала ірі орталық болған сияқты. Және Г.Рубруктың жазбаларында айтылған сапарға сүйенсек, Қойлық деген қала осы болуы да мүмкін тәрізді» – делінген.

Негізгі мәліметтерде де Қойлықтың Қарлұқ қағанатының негізгі ордасы болғаныжөнінде деректер бар. Ол ХІ ғасырдан бастап тарихқа белгілі. Қойлық – Арслан ханның тұсында астана болған қала. Франция елінің королі ІХ Людовиктің елшісі болған Вильгельм де Рубрук осы қалаға 1253 жылдың күз мезгілінде арнайы келген екен. Ол Іле аталатын қыстақтың қасындағы өткелмен Іле өзенінің арғы бетіне өткен соң, Қоялық деген қаланы тапқанын айтқан. Десе де, тарихи деректерде қаланың нақты орны туралы таластар көп. Олардың бірінде Лепсідегі Антоновка ауылындағы қирап қалған құрылыстардың астында екенін айғақтаған болатын. Онда ХХ ғасырдың 60-жылдары Жетісу археологиялық экспедициясы барлау жұмыстарын жүргізген еді. Ал өткен ғасырдың соңына қарай Оңтүстік Қазақстандық экспедиция арнайы зерттеу жұмыстарын жасап көрген. Зерттеушілердің айтуынша, қаланың шамамен 3,5 – 4,5 метр болатын қорғандары болған.

Ортағасырлық Қойлық қаласы мұражайының меңгерушісі Әдемі Болатбекқызы мынандай деректер келтіре кетеді:

«1986 жылы бұpынғы Лeнин aтындaғы kалхоздың құpылысшылаpы Лепсi мeн Aщыбұлaқ apасындағы тayдан құpылысқа пaйдаланy үшiн capы топыpaқ алып жатқанда Қoйлыққа дейiн тapтылып бapған cу құбыpлаpды көpгeн eкен. Oдан coң, ayылдық кeңecтiк төpағаcының apaласyымен, oблыcтық, oдан қала бepдipeспyбликaлық тapихи-мәдени ескepткіштерді қopғау мекемелepiне дейін жетіп, құбырларды қайтадан жаба салған. Назар аудара кететін жайт, Қойлық құбырларының материалдары Тараз, Отырар секілді қалаларда пайдаланылған материалмен ұқсас болған. Бұл сол кезде жұртшылықты ауыз сумен қамтамасыз ету басты назарда болғанынан хабардар етеді. Көне қаланың үстіне салынған үйлердің бірінің иесінің айтуынша, көктем мезгілінде қар ери бастаған уақытта жер астынан біразға дейін су атқылап шығып тұрады екен. Сол секілді ауылға келетін арықтың суы тартылып қалған кезде құм арасынан су құбырлардың сынықтарын байқауға болатынын айтады. Оны ғалымдар судың сол құбырмен келіп жатқанын болжаған  екен».

Қойлық қаласы мұражайының меңгерушісінің мәліметінше, ол құбырлар сол уақыттағы халықты ауыз сумен ғана қамтамасыз етіп қоймай, керуен сарайлардың бақтары мен егін алқаптарды, кірпіш, қыш құмыра жасайтын орындарды суарып отырған. Сол жердегі жұртшылық Қызылтөбе деп атау таққан Ащыбұлақтың бойында жатқан үйінділерді әлі көруге болады. Әрине, оған толық зерттеу жұмыстарын жүргізу керек. Мүмкін ашылмаған тың дерекке тап болармыз. 1970 жылы Қойлық ауылын сумен қамту мақсатында құбырларды қазғанда бұзылмай сақталған қыш пеші табылған. Кейде ауыл адамдары жер қазып, әртүрлі құрылыс жүргізіп жатқанда көлемдері сан қырлы құмыраларды тауып алып, мұражайға тапсырып та жатады екен. Ал олардың пішіні,  құйылуы еліміздің басқа өңірінен табылған құмыралармен ұқсас болып шыққан. Ол Ұлы Жібек жолының бойын мекен еткен қалалар арасында сауда-саттықтың жоғары деңгейде дамығанан хабардар ететіні анық.

Бұрынғы Қойлық қалашығының орнында ауыл бар. Ол Кеңес заманында Антоновка деген атау алып, 1896 жылы іргесі қаланған. Қазақстан егемендікке қол жеткізген соң, аты қайтадан Қойлық деп өзгереді. Бүгінде бұл ауылды он мың адам мекен етеді. Жаңа Қойлықта екі тілде дәріс беретін төрт білім ордасы бар, сол сияқты мәдени орталықтар да жұмыс жасайды. Қойлық маңызды жолдың бойында орын тепкендіктен, халықтың әл-аухаты жақсы. 

Фотосуреттер ашық ғаламтор көздерінен алынды

#киелі қазақстан #қойлық

Комментарий

comments powered by HyperComments

Ұқсас материалдар

Әріптестер