Сән апталықтарындағы есте қаларлық саундтректер

Fashion индустриядағы үздік музыкалық тректер

Ұйқысыз түндер, үнемі жаңартылып отыратын топтамалар – енді артта. Әлем бұрынғыдай сән-салтанат өткен аптаның ең жарқын киімдерін еске түсіріп, «streetstyle»-хроникасын сараптап, сән индустриясындағы инновацияларды талқылап жатқанда, біз Париж, Лондон және Нью-Йорктегі көрсетілім кезінде қойылған үздік музыкалық топтамаларды еске түсірейік.

 

Париж

Алғашында сән индустриясындағы ең маңызды, көптен күтілген әрі жыл көрсетіліміне айналған  «Victoria`s Secret» періштелерін еске түсірсек.  Дәл осы шоу ең танымал шетелдік эстрада жұлдызы «The Weeknd» -тің келуімен айрықша есте қалды. «Starboy» әні сән көрсетіліміне өзгеше көңіл-күй сыйлады. Бейнероликті қарасаңыз, дәл сол көрсетілімнің көңілді атмосферасын сезінетініңізге сенімдімін.

«Hermés» көрсетілімінде бір-бірімен үйлесімді мінсіз пропорциямен ерекшеленетін, күміс және нәзік түсті реңдерді топтамалар аруларға ұнағаны сөзсіз. Керемет саундтректің үздік коллекциясы - модельдердің соңғы шығарылымы британдық топтың  «Massive Attack» - «Paradise Circus» ең танымал әндерінің бірімен сүйемелденді.

Лондон

 «Burberry-дің шығармашылық директоры Кристофер Бейлидің музыкаға деген ерекше ықыласының арқасында әрбір музыкантқа өз туындыларымен еркін бөлісуге мүмкіндік беретін «Burberry Acoustic» жаңа жобасы дүниеге келді. Әрине, Бейлидің көзіне түсу ол екінің бірінін қолынан келе бермейді. Дегенмен, осы көрсетілімде таңдау 22 жастағы британдық Джейк Багтың  «On My One»  халық композициясына түсті.

Нью-Йорк

Нью-Йорктегі шоу-бағдарламалар үшін ең әсерлі саундтректердің бірі – «EDM»-нің өндіруші жетекшісі, арнайы «Baauer»-дің миксі атанды. Шоудың алдында орындалған 45 минуттық компиляция «Wedidit Collective»-тің негізін қалаушылары – «Shlohmo» атымен танылған  Генри Лоуфер мен оның жақын досы D33J-ның шығармаларын қамтиды. Жоғарыда аталған орындаушылардан бөлек, микста дуэт болған «Chainless»  және «HNRK»-ға ерекше назар аударуларыңызды сұраймын. Себебі, дәл осы дуэт көрсетілімге өзіндік ырғақ пен үн қосты. Төмендегі бейнероликті қарап, өзіңіз де баға беріңіз.

Әлемдік брендтер, көрсетілімдермен қатар Отандық туындылар да кем қалмауда. Егер сіз қазақтың әндері әлемдік сахнада шырқалмайды деп ойласаңыз, қателесесіз. Шетелдік поп жанрындағы әуендерге қарағанда, қазақтың халық әндері көрсетілімнің сәніне сән қосып, өзіндік үйлесімділік беруде.  Парижде Аида Кауменова мен Наиль Байкучуковтың сән көрсетілімі өтті. Бұл топтамалардың басты тақырыбы «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында болды. Әлия  Әбікенова халық әнін орындағанда, көрсетілімде нағыз қазақи үн пайда болып, көрермендердің ықыласына бөленді.

Міне, соңғы топтамалардың ең үздік туындылары осындай. «Музыка – жүрек тілі, ол – сезімдер мен көңіл-күй әлемі. Ол дыбыстар арқылы бейнеленген жан сарайы» деп  Александр Серов айтқандай, музыка - ол сән әлемінің ажырамас бөлігі. Расында да, ешбір сән көрсетілімі музыканың сүйемелдеуіңсіз өтпейді. Өйткені, сән  – сұлулықтың көрінісі.

 

Дайындаған: Аружан Дәрібай

(басты сурет: beautylook.pro)

#саундтрек #сән

Комментарий

comments powered by HyperComments

Ұқсас материалдар

Әріптестер