Дәстүрлі ән-жырдың інжу-маржаны

Өнерсүйер қауымды сусатқан дәстүрлі музыка кеші өтті

Алматы қалалық әкімдігінің ұйымдастыруымен 25 маусым күні сағат: 19.00-де «Алатау» дәстүрлі өнер театрында Астананың 20 жылдығына арналған «Інжу-Маржан» атты дәстүрлі музыка кеші өтті.

Концертті тамашалауға жиылған жұртшылық дәстүрлі өнер шаңырағында Рамазан Стамғазиев, Сәуле Жанпейісова, Еркін Шүкіманов, Ұлжан Байбосынова, Айгүл Қосанова, Ардақ Исатаева, Тілеулес Құрманғалиев, Нұржан Жанпейісов, Ерболат Шалдыбеков, Дәуренбек Әркенов, Шолпан Дәржанова, Нұркен Әшіров, Оспан Құлсымақ, Сәулежан Тағзия және т.б. белгілі дәстүрлі өнер шеберлері мен «Сазген сазы» этнографиялық-фольклорлық ансамблінің орындауындағы көнеден жеткен жауһар жырды, әсем ән мен тәтті күйді тыңдап, құлақ құрышын бір қандырды.

 

Пікір

comments powered by HyperComments

Ұқсас материалдар

Әріптестер