Жылдам әзірлеуге болатын 3 пицца

Пицца жегенді ұнатасыз ба?

Жылдам әрі оңай әзірлеуге болатын пицца туралы айтқанда біз әйгілі американдық кулинар, аспаз Джейми Оливердің рецептілерін айналып өте алмаймыз. Олай болса үйде оңай әдіспен пісіруге болатын 3 пиццаның мәзірімен таныс болыңыздар.

Джейми Оливер пиццасы

Ол үшін 3 ас қасық ұнға 3 ас қасық қаймақ, аздап майонез және 1 жұмыртқа, бір шымшым тұз сондай-ақ бір тамшы ас содасымен көпірткен уксус қосып, араластырамыз. Ұнның консистенциясы құймаққа арналған ұндай болуы тиіс. Дайын болған қамырды алдымен 235 градус пешке 10 минуттай пісіріп аламыз. Үстіне қажетті өнімдер төселгеннен кейін 200 градусқа ысытылған пешке тағы 10 минут пісіреміз. (Пиццаның үстін қызыанақ, жүгері, ірімшік секілді өнімдермен қалауыңызға қарай әрлесеңіз болады).

Табаға пісіретін «Минутка» пиццасы

Ол үшін 9 ас қасық ұн, 4 ас қасық қаймақ, аздап айран немесе майонез, бір шымшым ас содасы керек. Ал, пиццаның үстіне салатын тағамды патша көңіліңіз білсін.

Аталған өнімдерді араластырып, оны май жағылған табаға құямыз. Үстіне сіз қалаған көкеністерді турап, орналастырамыз. Оның үстіне ірімшік (сыр) үгіп, себеміз. Пиццаны 15 минут пісіру жеткілікті, тағам әзір.

(Кеңес: Мүлде майонез қолданбауға да болады, айран пайдалансаңыз пицца тіл үйірерліктей дәмлді болады).

Ашытқы қосылған шапшаң пицца

300 мл сүт, 2 ас қасық май және майонез, 1 шағын қапшықтағы ашытқы, тұз керек. Алдымен ашытқыны шұңғыл ыдысқа салып, үстіне жылы сүт құйып, тұз салып араластырамыз. 15 минуттай жылы жерде тұрғаны дұрыс. Артынша еріген ашытқыға ұн салып, майы мен майонезін қосып, қамыр етіп илейміз. Қамырдың 15 минуттай демалғаны абзал. Уақыт жеткенде қамырды жайып, май жағылған табаға орналастырамыз. Бұл пиццаның да үстін қалауыңызша әрлеп, үстіне үгітілген ірімшік (сыр) сеуіп, 20-30 минут ыстық пешке пісіреміз.

Дәл осы пиццаны тоңазытқышта қалған піскен ет бөлшектері, тауық еті немесе тауық етінің фаршымен әсемдесеңіз өте дәмді болады. Пица пісірудің дәл осы әдісі – зәйтүн майы қосылған италияндық пиццаға қатты ұқсайды. 

Іске сәт, астарыңыз дәмді болсын!  

Материал опубликован с согласием автора

Для копирования и публикации материалов необходимо письменное либо устное разрешение редакции или автора. Гиперссылка на портал El.kz обязательна. Все права защищены Законом РК «Об авторском праве и смежных правах».

Комментарий

comments powered by HyperComments

Похожие материалы

Партнёры