Кофені алмастыратын 5 сусын

Кофеден бас тарта аласыз ба?

Соңғы жылдары кофенің денсаулыққа зиян екені жиі айтылып жүр. Десе де кофеге тәуелді адамдар сергектік үшін таңын кофемен бастамаса жұмысы жүрмейтіндей көрінетіні тағы бар. Алайда кофені толықтай алмастыра алатын, сізге сергектік пен көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, ерекше қуат беретін сусындар да бар екен. Кәдеңізге жарап қалар, тізбектеп көрейік.    

Бал мен лимон қосылған сусын

Бал мен лимон қосылған сусын жұмысқа деген қабілеттілігіңізді арттырып қана қоймай, арықтауға септігін тигізсе, иммунитеттің нығаюын да қамтамассыз етеді. Бір стакан жылы суға жапырақтап кесілген 1-2 лимон мен бір шәй қасық бал қосып, араластырамыз. Қалауыңызға қараай бір шәй қасық ұнтақталған корица қоссаңыз да болады. Ол үшін алдымен лимон мен корицаға ыстық су құып, бұқтырып қойыңыз. Сәл жылығаннан кейін бал араластырып, ішесіңіз ағазаға өте пайдалы.

Апельсин шырыны қосылған какао

Бұл сусын бірден көңіл-күйіңізді жадыратып, күні бойы сергек жүруге септігін тигізеді. Бұған қоса какао мен апельсин біріккенде қан құрамындағы холестеринді қалыпқа түсірсе, тойып тұрғандай әсер ұзаққа сақталады. Ғажайып сусынды әзірлеу үшін апелсиннің қабыған сәл бөліп алып, үккіштен үгеміз. Сосын апельсиннің жартысын сығып, шырынын аламыз. Ал, какаоны демдеп, сүт қосып, үгілген апельсин қабығы мен шырынды қосамыз. Қалауыңызға қарай бірнеше тамшы бал немесе қоңыр қант қосуға болады.

Лимонник қосылған шәй

Кофені толық алмастыра алатын шәй. Лимонник деген бұтағы мен дәмі лимонға ұқсас өсімдік. Лимонник қосылған шәй күш берсе, күйзелістен арылуға көмектесе алады. Сонымен қатар бауырдың жұмысына пайдалы әрі есте сақтау қабілетін нығайтуға зор пайдасы бар. 10 грамм кептірілген лимонник жапырақтарын 1 литр қайнаған суға салып, демдеуге болады. Немесе кез-келген шәйға демдесеңіз өкінбейсіз.

Зімбір қосылған шәй

Зімбір қосылған шәй ішсеңіз күн ұзаққа қуатыңыз тасып, сергек жүресіз. Әрі зімбірдің хош иісі шаршауды шығарып, көңіл-күйді көтереді. Бұл сусын әсіресе интеллектуалды еңбекпен шұғылданатын адамдарға өте пайдалы. Сергектік сыйлайтын эликсирді әзірлеу үшін зімбірдің бір бөлшегін қабығанан тазалап, жұқалап турап, ыстық суға саламыз. Дәм беру үшін бал мен лимон не болмаса бірнеше жалбыз жапырақтарын қосуға болады.

Ақжұпар(жасмин) қосылған көк шәй

Көк шәйдің құрамында ағзаны сергітетін кофеин бар. Бұған қоса көк шәй катехинге өте бай. Ол – микробқа қарсы антиоксидант. Көк шәйді демдеп, ақжұпар мен лимон қосып ішсеңіз, кофеден әлдеқайдпа пайдалы.

Шәйларыңыз дәмді, көңіл-күйлеріңіз көтеріңкі болсын!    

Комментарий

comments powered by HyperComments

Ұқсас материалдар

Әріптестер