Балдың қандай емдік қасиеті бар?

Ара балының қасиеттері

Табиғи балдың талай дертке шипа екенін бәріміз білеміз. Балды қалай пайдаланған дұрыс? Толығырақ тарқатуға тырысып көрелік. 

Ара балының басты ем болатын аурулары мен оны емге қолдану тәсілдері мынандай:

  • Қол-аяқ жансызданғанда, сары ара ұясының үлкені-нен бір дана, кішілеуінен 3-4 данасын, жалқы өскен усарымсақпен қосып, жаншып ауру жерге таңады.
  • Тері қышымасына: ара ұясын(өңделген) спиртке 7 күншылап, 8 күннен бастап қышымаға бірнеше рет жағады.
  • Емшек безі ісінгенде ара ұясын отқа өртеп 6 грамын суға қайнатып, самасын тұндырып, суынан күніне 2-3 рет ішеді.
  • Ыстық, суықтан тіс қақсағанда: өңделген ара ұясын, суға бұқтырып, суымен ауызды шайқайды. Өңделген ара ұясынан кішкене мөлшерде алып, қақсаған тіске басады.

  • Ара ұясынан бір дана, қырықаяқтан 2 дана, ашутастан тиісті мөлшерде алып талқандағаннан кейін ара ұясының ішіне салып артынан отқа біраз қыздырып, кендір майына араластырып тез арада жараға жағады.
  • Балалар кіндігі сыртқа шығып кеткенде ара ұясын өртеп, күлін кіндікке таңады.
  • Дизентерияға: ара ұясын кептіріп ұнтақтаған соң 0,3 гр-нан күніне 2-3 рет ішеді. Жасалу және ішу мөлшері 2-4 гр. Құрамында балауыз, ағаш майы тектес зат және ұшқыш майы бар.
  • Үйреншікті іш қатуға балдан 60 гр. қара күнжұт дәнінен 15 гр. Балды жылытып, араластырып, қайнаған сумен екіге бөліп күніне 2 рет ішеді.
  • Асқазанның он екі елі ішек жарасына балдан 60 гр. шикі қызыл мия тамырынан 9 гр.мандарин қабығынан 6 гр-ды суға лайықты мөлшерде жоғарыдағы дәрілерді қосып, қайнатып самасын сүзіп, бір күнде үш рет ішеді.
  • Улы жәндіктер шаққанда, шиқан, сыздауық шыққанда, балдан, ұзын сарымсақтан тиісті мөлшерде алып, жаншып, балға араластырып жа-раға таңса, жараның аузын шығарады. Сыздап ауырғанды басады, қабынуын қайтарады.
  • Ауызға ауыздық, қотыр шыққанда, қас бояу жапырағы, бал екеуін қосып жаншып, әзірлеген дәріні ауызға салып сорады. Сонымен бірге қотыр-ға жағады.
  • Отқа, қайнаған суға күй-ген жеңіл күйікке, жараның бетін физиологиялық тұзды сумен тазалап жуып, артынан жараға бал жағады.

  • Тістің түбін бекемдеп, тісті ағартуға бал мен уксусты қосып тісті 3-4 рет жуса, тістің түбі бекемделеді, тіс аппақ болады.
  • Құлақ ауруларына: сиыр сүтіне, омырау сүтіне, ешкі сүтіне, бұлар болмағанда жұмыртқаның ағына балды араластырып жылытып, құлаққа тамызса, әртүрлі құлақ ауруларын жазады.
  • Құтырған ит қапқанда, улы жәндіктер шаққанда, апиыннан уланғанда, зірәні қайнатып, қайнатпасына бал қосып ішкізсе, уытты қайтарады, ауырғанды басады.
  • Қан қысымы өрлегенде зығырдан 50 гр. балдан 60 гр-ды 220 гр. қайнаған суға қо-сып күніне екі рет ішсе қан қысымын төмендетеді.
  • Шипалық емге қажет мөлшері 10-20 гр-нан аспауы керек. Балдың құрамында глюкоза, фруктоза, сахароза, өсімдік желімдері, белок, фермент, балауыз, бояу заты, хош иісті заттар, минералды тұздар және А, Д, Е витаминдері бар.
  • Ұйқысыздықтан құтылу үшін жасалатын әртүрлі ем бар. Солардың ішіндегі ең тиімдісі – бал жеу. Жатар алдында 1 шай қасық балды 1 стақан жылы суға араластырып ішсе, жүйкеге жайлы әсер етіп, тез ұйықтауға көмектеседі. Моншада емен жапырақтарымен шабыну да жақсы ұйықтауға септігін тигізеді. Таза ауада көбірек жүру, күнделікті бір уа-қытта дағдылану да өз кезегінде ұйқының тұрақтылығына ықпал етеді.
  • Ұйқысыздық әртүрлі жағдайларға байланысты болады.

  • Қан аздықтан болатын ұйқысыздыққа ыстық су құйған жылытқышты аяққа басу керек.
  • Бір жағдайларға мазасызданғаннан ұйқыңыз қашса, жатар алдында жылы сүт ішуге болады.
  • Ал қан қысымы жоғары адамдарға ұйқысыздық пен бас ауруларынан арылу үшін арнаулы жастықтар бар.
  • Суық тигенде, тұмауратқан кезде балды ыстық сүтке, немесе лимонның шырынына қосып, науқастан әбден айыққанша ішкен дұрыс. Ол үшін бір стақан ыстық сүтке бір шай қасық қосып ішеді. Ал, сүт жақпайтын адам бүтін бір лимонның шырынына 100 гр. бал қосып, әбден езілгенше араластырып, сұйылған соң пайдалануына болады. Оны ішкенде екі-үш күндей жылы үйде жатқаны жөн. Өйткені, бал адамды терлетеді, ал терлеген кезде тез суық тиеді. Оңдайда адам жөтеле береді. Жөтелді басу үшін пияздың сөліне бал, сары май, не қойдың майын қосып ішкен дұрыс. Немесе, бір литр суға ұнтақтал-ған 500 гр. пиязды, 400 грамм қантты және 50 грамм балды қосып, әлсіз отқа үш сағаттай қайнатып, суыған соң шыны шөлмекке құйып, аузын мық-тап бекітіп қояды. Оны суық тиіп, қатты жөтелген адам күніне ас қасықпен төрт-алты рет ішуі керек. Онымен қызарып ауырған тамақты шайқау да пайдалы. Сондай – ақ, шәй-некте қайнап тұрған суға бір ас қасық бал қосып, ауыз бен мұрынды булау тамақтың қызарғанын басады.
  • Асқазан, ішек науқасына шалдыққан, не қышқылы аса көбейіп, керісінше, өте азайып кеткен адамдардың да балды ем ретінде пайдаланғаны жөн. Әсіресе, асқазанында жарасы бар науқас тамақтың алдында бір жарым, екі сағат бұ-рын, немесе тамақтан үш сағат кейін үзбей бал жеп отырса, ауруы бәсеңсіп, жүрек айнуы мен асқазанның қыжылдауы басылады, әрі бал қанның құрамындағы гемоглобинді (қызыл түйіршік) көбейтеді. Қышқылы аз адамдар бір ас қасық балды тамақты ішер алдында ғана жесе, ол ас қорытатын шырынның көбірек бөлінуіне әсер етеді. Ал, қышқылы көп адамдар тамақтан 1,5-2 сағат бұрын пайдаланса, асқазан қышқылын азайтады.
  • Жөтелді басу үшін пи-яздың сөліне бал, сары май, не қойдың майын қосып ішкен дұрыс. Сондай-ақ, 1 литр суға ұнтақталған 500 грамм пияз, 400 грамм қант және 50 грамм балды қосып, баяу жанған отта үш сағаттай қайнатып, суыған соң, шыны ыдысқа құй-ып, аузын мықтап бекітіп қояды. Оны суық тиіп, қатты жөтелген адам ас қасықпен кү-ніне бес – алты рет ішуі керек.
  • Балды, әсіресе, бауыры және өт жолы ауыратын адамдар көбірек пайдаланады. Оны белгілі бір мөлшерде ақ ірімшікке (творог), сәбізге, лимон шырынына қосып жеген дұрыс. Кейде тұрыптың (редька) ішін үңгіп, оған балды толтырып қойып, үш – төрт сағаттан соң дайын болған шырынды өт жолы ауыратын ересек адамға ас қасықпен, ал балаға шәй қасықпен күніне 2 – 3 рет беру керек. Мұндай әдіс өт жолы мен бүйректе құм, тас жиналудан сақтайды.
  • Сондай-ақ, бір стақан сәл жылытылған минерал суына бір ас қасық бал қосып, оны аш қарынға ішіп, бір жарым, не екі сағаттай қырынан жатып, бауырға аса ыстық емес грелка басқан жөн. Сонда бауырда жиналып қалған өттің асқазанға қарай ағып өтіп, бауырдың жеңілденуіне әсер етеді.

  • Балықтың майына қосылған бал асқынған жара-қатты оңай жазады. Аузы уылған адам бал жесе тез айығатыны белгілі. Бал күйген жерге де пайдалы. Күйікке балды күніне екі рет жағып отыру керек. Жараға жағатын дәріні 60 грамм балға бір шәй қасық балық майын қосып, жақсылап араластырып жасайды.
  • Балды үккіштен өткізіл-ген сәбізден қосып, банкіге салып біраз уақыт қойса, әбден еріп, сәбіздің шырынына қосылып, тосап сияқты өте тәтті тағам болады. Оны, әсіресе, бауыры, өт жолы ауыратындар ем ретінде пайдаланса, шипалық қасиеті мол. Бал қосылған сәбіздің құрамында каротин деп аталатын дәруменді зат жақсы сақталады. Балды лимонға қосып сақта-са, бүйрегі, бауыры, өт жолы ауыратындарға өте пайдалы.
  • Өкпе ауруына шалдыққан кісі күніне 100-150 грамм бал жеп отыруы керек. Оны қой-дың іш майына ерітіп, ішуге болады. Сондай-ақ, 6 грамм жолжелкен жапырағына 200 грамм су және 30 грамм балды араластырып, қайнатып, оны күніне ас қасықпен үш рет ішсе, бронхит, плеврит, өкпе ауруларына шипалы.
  • Бал жүрек ауруы бар адамға да таптырмайтын ем. Оны белгілі бір мөлшерде анардың (гранат) шырынына қосып та ішеді. Қатарынан бір-екі ай үзбей ішкен ауру адамның жағдайы әжептәуір жақсарады.
  • Кеудесі жиі қысылып, жүрек соғуы нашарлаған адамға да бал жақсы көмектеседі.
  • Қатарынан бір-екі ай үзбей күніне 50-140 грамға дейін бал жеген адамның жағдайы ежептәуір жақсарады.
  • Бал мен шоколадтың салмақ тастауға да өзіндік пайдасы бар. Қоңыр шоколадтың какаосының құрамында майды ыдырататын элементтер болса, бал жағып жасалған массаждың қан айналымын жақсартатын қасиеті бар. Әр ағзаның қалыпты қызмет атқаруына үлкен септігін тигізеді.

Комментарий

comments powered by HyperComments

Похожие материалы

Партнёры