Туған жер – тал бесігім

09.04.2017

2017 жылдың 8 сәуір күні «Баласағұн» орталық концерт залында «Нұр Отан» партиясының қолдауымен, Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының ұйымдастыруымен «ЭКСПО-2017» Халықаралық көрмесі аясында «Туған жер – тал бесігім!» атты республикалық ақындар айтысы өтті.

Айтыста қазылық еткен Жанарбек Әшімжан – ақын, Қазақстан Жазушылар Одағы төрағасының бірінші орынбасары, Шырын Мамасерікова - ақын, Қазақстан жазушылар Одағының мүшесі, Қайырбек Асанов – ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан жазушылар Одағының мүшесі, Көсемәлі Сәттібайұлы - Облыстық «Ақ жол» газетінің бас редакторы,

Ақындар айтысына Шығыс Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан, Қарағанды, Қызылорда, Қостанай, Жамбыл облыстары мен Астана қаласынан 20 ақын қатысты.

Қазылар алқасының шешімі бойынша бас жүлдені Жамбыл облысының ақыны Д.Әбдіманап  иеленді.

І орын- М.Ниязов (Қызылорда облысы), Н.Құрманов (Жамбыл облысы).

ІІ орын-  Р.Қайыртайұлы (Шығыс Қазақстан), А.Қасымбекова (Жамбыл облысы).

ІІІ орын –А. Қалиев (Арқалық қаласы), Н.Мансуров (Астана қаласы).

Ынталандыру сыйлығына К.Сәрсенбаева (Жамбыл облысы), О.Отар (Жамбыл облысы), Б.Мұхитдинқызы  (Қарағанды облысы), А.Жаппарқұлова (Оңтүстік Қазақстан облысы) ие болды.

Белсене қатысқаны үшін Жамбыл облысының ақындары Қ.Мырзахан, Б.Жұмабеков, Д.Апбасов, Д.Басығараев, Ш.Сәбитқызы, А.Исақов, А.Бекмұсаев, Е.Досалы, Ә.Дүйсебаев Алғыс хатпен марапатталды.

Тағы да оқитындарыңыз