«Балдаурен-Қапшағай» сауықтыру орталығы ашылды

04.05.2017

Жер шоқтығы Бурабай жеріндегі 15 жылдық тарихы бар «Балдәурен» РОСО-ның бір бөлімі Алматыда да жұмыс жасайтын болды.

Сәуір айынан «Балдәурен-Қапшағай» РОСО өзінің жұмысын бастап кетті. Қазіргі таңда бұл жерде білікті мамандар жұмыс істеп жатыр. Сауықтыру орталығының тағы бір ерекшелігі жылдың барлық мезгілінде балаларды қабылдап, білікті ұйымдастыршуы – ұстаздардан (тәлімгер), жоғарғы санатты педагог мамандарынан білім алуға толық мүмкіндігі бар.

Тәулік бойы бала демалысын қызықты етіп  ұмытылмастай әсер қалдыруға ұйымдастырушы ұстаздар жұмыс жасайды. Балаларды тамақтандыруда жақсы қарастырылған. Тәулігіне 6 реттік тамақтану және тынығу уақыты жүзеге асырылады.

Елбасымыз:  – «Өскелең ұрпақ ұлт болашағының кепілі» -  деп, айтқандай ел тұтқасын ұстайтын білімді де білікті бала тәрбиелеу және олардың қызығушылығы мен жарқын көңілді демалысын ұйымдастыру «Балдәурен-Қапшағай» РОСО-ның басты міндеті мен мақсаттарының бірі болып табылады.

Мақала авторы - Мөлдір Қайнар
Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және El.kz порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады