Жамбыл жырлары

Жамбыл Жабаев

Жамбыл Жабайұлы (1846-1945) – қазақ халық поэзиясының әйгілі тұлғасы, өлең сөздің дүлдүлі, жырау, жыршы. Туған жері – Жамбыл облысындағы Жамбыл тауының етегі. Жамбылдың өсіп-өнген топырағында ән-күй, ақындық –жыраулық өнер айрықша биікке көтерілген. Жамбыл - әрі эпик, әрі айтыс ақыны; абыз жырау әрі жауынгер жыршы. Ол шын мағынасындағы биік парасатты өнерпаз, азаматтық саяси поэзияны қалыптастырушы. Жамбылдың ұлылығы оның тек ақындық шеберлігімен ғана емес, сонымен бірге халық поэзиясының бұтақ жайған жаңа бір бәйтерегі болуымен, басқаша айтқанда , халық ақындарының жасампаздық рухтағы жаңа ұлы көшін бастаған даралығымен де өлшенеді. 

Кәрілік екі көзді қызартады,

Сүйектің етін сылып, ұзартады.

Еңкейсең етпетіңнен түсіргендей,

Батпандап тізе тұсқа тұз артады.

Адам өмірі туралы

 

Жабы жүйрік болар ма - байлағанмен,

Жасық болат болар ма - қайрағанмен.

Дәрменсіздік, амалсыздық туралы

Ерден бағы жанбаған әйел ғаріп.

Әйел, ана туралы

 

Ой-хой, дүние — серуен,

Адам — бір көшкен керуен.

Дүние туралы

 

Ақын ғаріп емес пе,

Байды өтірік мақтаса.

Заман ғаріп емес пе,

Әділеттен аттаса.

Тәлім-тәрбие, өсиет, тағлым туралы

 

Елдің серті — ер серті.

Ант, серт туралы

 

Серт адамды байлайды,

Ер жігіт серттен таймайды.

Ант, серт туралы

 

Артықша туған азамат,

Халыққа үлкен бел болар.

Отан, туған жер туралы

 

Ел үшін туған ерлердің,

Алды-арты дария кең болар.

Отан, туған жер туралы

 

Жігерлі болса - ер болар.

Батырлық, ерлік туралы

 

 Дереккөзі: «Әдеби әлем» порталы

Пікір

comments powered by HyperComments

Ұқсас материалдар

Әріптестер