«Тәуелсіз Қазақстан» поезы» республикалық акциясы аяқталды

Қазақстан Республикасының 25 жылдығы

Бүгін Алматы қаласының теміржол вокзалында Қазақстан халқы Ассамблеясының Қазақстан Республикасының 25 жылдығына арналған «Тәуелсіз Қазақстан» поезы» республикалық акциясы салтанатты түрде қорытындыланды. 

 

«Тәуелсіз Қазақстан» поезы 43 күннің ішінде елдің барлық өңірлерін аралап, 35 елді мекенде болды. Поезд жұмысы барысында халықтың барлық әлеуметтік топтары қамтылды, соның ішінде әлеуметтік тұрғыдан осал топтарға, Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне, шалғай аудандардың тұрғындарына ерекше назар аударылды. 

 

Республикалық акцияның мақсаты – Тәуелсіздік жылдарында Елбасы, Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың басшылығымен қол жеткен табыстарды көрсету, халық бірлігін нығайту, қоғамды елді дамытудың негізгі басымдықтарының айналасында жұмылдыру, мәдени және қоғамдық іс-шаралар өткізу, медициналық, әлеуметтік, құқықтық қызметтер көрсету, сондай-ақ кәсіпкерлікті қолдау, ауыл шарыушылығын дамыту және басқа мәселелер бойынша кеңестер беру болып табылады.  

«Қоғамдық келісім» РММ Баспасөз қызметі берген мәліметке сүйенсек, «Тәуелсіз Қазақстан» поезы акциясы барысында ұйымдастырылған іс-шараларға еліміздің түкпір-түкпірінен жалпы саны 85 мыңнан астам адам қатысқан. Оның ішінде:

Қоғамдық келісім кеңестерінің қоғамдық қабылдауларында, қоғамдық келісім және жалпыұлттық бірлік саласындағы негізгі қағидаларды, «Мәңгiлiк Ел» жалпыұлттық  патриоттық идеясын түсіндіру бойынша дәріс-таныстырылымдарда, семинар-тренингтерде 9,5 мыңнан астам  адам қатысқан.

Азаматтарға медициналық және консультативтік-диагностикалық көмек көрсету мәселелері бойынша  – 11,5 мыңнан астам адам қатысты;

Жергілікті халыққа әлеуметтік қызметтер, денсаулық сақтау, әділет органдары, ұлттық экономика, ауыл шаруашылығы, білім және ғылым, ақпарат және коммуникациялар министрліктері өкілдерінің  консультациялық қызметтер көрсету бойынша кездесулеріне  –  63,5 мыңнан астам адам қатысты;

Поезд құрамында ҚР Парламентінің  депутаттары, ҚХА мүшелері, мәдениет және спорт қайраткерлері, медицина және әлеуметтік салалар қызметкерлері жұмыс істеді. 

 

Поезд іс-шаралары шеңберінде бейбітшілік пен келісім моделіне арналған кездесулер, семинар-тренингтер, халықтың түрлі топтарына арналған заңгерлердің, дәрігерлердің, аграршылардың кеңестері,  ҚХА-ның акциялары: поезд бағдары бойынша орналасқан кітапханаларға кітаптарды сыйға тарту – «Қазақстан халқы Ассамблеясының теңдессіз сыйы» акциясы; «Қайырымдылық керуені» акциясы - балалар үйлері мен жасөспірімдер үйлеріне баруы  жүзеге асырылды.  

«Тәуелсіздік тарихы – Ұлт рухының көрініс табуы»; «Мәңгілік Ел – Болашағы біртұтас елдің рухани негізі»; «Бейбітшілік пен татулық моделі – Қазақстан бренді»; «ҚХА – қоғамдық келісімді нығайтудағы басты медиатор» деген тақырыптар бойынша кездесулер, әңгімелесулер мен таныстырылымдар өтті.

 

Қазақстан өнер шеберлерінің, жетекші шығармашылық ұжымдардың, сондай-ақ ел өңірлеріндегі талантты жастардың мерекелік концерттері ұйымдастырылды.

 

Комментарий

comments powered by HyperComments

Ұқсас материалдар

Әріптестер