Елордада Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған 60-тан аса шара өтеді

Тәуелсіздікке 25 жыл

Елорда әкімдігі ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған 60-тан аса шара дайындап жатыр.

 

Педагогтарға, дәрігерлерге, спортшыларға, құрылысшыларға, кәсіпкерлерге, студенттерге, көп балалы аналарға және еңбек ұжымдарына, жас республиканың дамуына елеулі үлес қосқан, Қазақстанды шетелге танытқан азаматтарға басымдық беріледі. Сонымен қатар, елорда тұрғындары мен қонақтары Тәуелсіздік күнін мерекелеуге арналған көрмелер мен концерттерді тамашалай алады.

Атап айтар болсақ, бас шаһарда өтетін негізгі мәдени шаралар 13 желтоқсанда бастау алады.  Бұл күні Оқушылар сарайында (Б. Момышұлы даңғ.) «Мәңгілік ел - Қуатты Қазақстан» мерекелік концерті өтсе, 22 желтоқсанда «Ақбұлақ» өзенінің жағалауында және «Жерұйық» саябағында «Мұз үстіндегі қала» мұз қалашықтары, мектептердің аумақтарында хоккей корттары ашылады. желтоқсанның 10-ынан 12-сіне дейін «Алматы» ауданының тұрғын алаптарында «Астана шаттық» автокеруені  Қазақстан эстрадасы жұлдыздарының қатысуымен мерекелік концерт өтеді деп күтілуде. 23 желтоқсанда «Қазақстан» спорт сарайында жетім балалар мен аз қамсыздандырылған отбасылардан шыққан балалар үшін ақысыз мұзда коньки тебу шарасы ұйымдастырылады.

Зейнеткерлер, көп балалы және тұрмысы төмен азаматтар 18, 19, 24, 25, 26 қараша күндері М. Горький атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театрында және 29 қарашаға дейін Қ. Қуанышбаев атындағы мемлекеттік қазақ музыкалық драма театрында қойылымдарды тегін тамашалай алады.

Комментарий

comments powered by HyperComments

Ұқсас материалдар

Әріптестер