Елбасына тарту етілген сыйлықтар

Елбасының жұмыс кабинеті

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Музейінде бұған дейін келушілерге жабық  болған залдар көрсетілді.

Алдымен Елбасының жұмыс кабинетінен басталық. Суреттегі шағын жұмыс кабинетінде Президент бейнеконференция байланыс жүйесінің көмегімен селекторлық кеңестер өткізген. Кабинет бірнеше тараппен дыбыстық байланысты жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Елбасы бұл бөлмеде 1997-2004 жылдар аралығында қызмет еткен. Қазіргі уақыта бөлмеге Президенттің еңбектері қойылып, көпшілік назарына қаз-қалпында ұсынылды.  

Жұмыстан тыс уақытта Нұрсұлтан Назарбаев осы бөлмеге келіп демалғанды  ұнатқан.  Кездесулер мен жиындардан бос уақытта ол шахмат ойнап, сүйікті әндерін домбырамен шырқайтын болған. Музей қызметкерлерінің айтуынша Елбасы баянда да жақсы ойнаған.

Ал мынау залға кірсеңіз — керемет баққа тап болғандай әсер аласыз. Бұл жерде құстардың дауысы, мәрмәрдан оюлап жасалған еден және ауыр металдан дайындалған аспаша ілінген.   

Еврей қауымдастығының сыйлығы

Күміс тостағандар

Алтын қошқар

Бағалы ыдыстар топтамасы

Боробудур

Бағалы картина

Төмендегі альбомнан түрлі делегациялар мен сыйлы қонақтардың Президент Нұрсұлтан Назарбаевқа сыйлаған түрлі өнер туындыларын тамашалай аласыз. Музейде жалпы саны үш мыңға жуық экспонаттар бар. Олардың екі мыңға жуығы көрермен назарына ұсынылған. Альбомды қарау 


Рустем ӘЛПИ

Фототілші — Нұрбек ӘЛМАНБЕТОВ

Комментарий

comments powered by HyperComments

Ұқсас материалдар

Әріптестер