Білімді студенттер — жүз нақты қадамды қолдайды

Президент Нұрсұлтан Назарбаевтің жүз нақты қадамы

1 қыркүйек – Қазақстанда Білім күні. Еліміздің барлық түпкірінде үлкен мереке — бүлдіршіндер мектеп табалдырығын аттап, жаңа өмірге қадам басып жатса, мектеп бітірген жастар студент атанып, өмірдің жаңа белестерін, «ғылым» атты әлемнің есігін ашып отыр. Осындай айтулы мереке қазақ білімінің қара шаңырағы Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде салтанатты түрде атап өтілді.

Салтанатты жиынды университет ректоры, профессор, ҚР ҰҒА академигі Серік Жайлауұлы Пірәлиев ашты. Мерекелік жиынға Абай атындағы Қазақ ұлттық университетінің профессорлары мен оқытушылары, университет табалдырығын жаңа аттаған студент-жастар мен ата-аналар қатысты. 

Ректор бүкіл ел болып атап өткелі отырған ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығы, Алматы қаласының 1000 жылдығы ел тарихының қадау-қадау кезеңдері болып табылатынына тоқталды. Сонымен қатар оқу орнының профессор-оқытушылары мен студентерін, магистранттары мендокторанттарын білім күнімен құтықтай келіп, Абай атындағы ҚазҰПУ-дың әлемдік білім кеңістігіне ену,халықаралық инновациялық технологияларды игере отырып, білім беру сапасын арттыру жөніндегі игі істері туралы айтты. 

Ел болашағын өркендету мақсатында жасаған «5 институтционалдық реформа және 100 нақты қадам» Ұлттық жоспарына да кеңінен тоқталды. Ректор бұдан кейінгі сөзін жоғары оқу орнына енді түскен 1- курс студенттеріне арнап, жас жеткіншіктерге табыс тіледі. Салтанатты жиында  университеттің Өнер, мәдениет және спорт институтының директоры Берікжан Айтқұлұлы Әлмұхамбетов, Жаратылыстану және география институтының директоры Күләш Дүйсенбайқызы Қаймулдинова студент жастарды жаңа оқу жылымен құттықтады. Сондай-ақ, Серік Жайлауұлы университеттің Тәуелсіздік жылдарында қол жеткізген табыстарына, жаңа ізденістеріне тоқталып өтті. 

Мерекелік кеш одан әрі Қазақстан эстрада жұлдыздары мен университетіміздің талантты жастары ұйымдастырған концерттік бағдарламаға ұласты. Кеш соңында университет ректоры, профессор С. Ж. Пірәлиев оқуға жаңа түскен талапкерлерге «Студенттік билет» пен «Білім кілтінің» символикасын салтанатты түрде тапсырды. 


Комментарий

comments powered by HyperComments

Ұқсас материалдар

Әріптестер