Қазақстан АҚШ саясаткерлері көзімен

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігіне 25 жыл!

Қазақстан Республикасы 25 жылдың ішінде орасан зор жетістіктерді бағындырды.  Елбасы ішкі экономикалық тұрақтылықты қалыптастырып қана қоймай, әлемнің алпауыт елдерімен достық қарым-қатынас орната білді. Назарларыңызға АҚШ-тың белді саясаткерлерінің Қазақстан және Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев туралы айтқан пікірлерін ұсынып отырмыз.                                            

 

 Джорд Герберт Уокер Буш, АҚШ президенті (1989-1993):

Сіздің жетекшілігіңізбен (Н. Назарбаев. ред.)Қазақстан соңғы  жылдары саяси және экономикалық реформаларда үлкен  ілгерілеуге қол жеткізді. Осындай қиын жағдайда жеткен  жетістіктер қажырлы еңбегіңіздің ақталғанын көрсетеді.

Билл Клинтон,  АҚШ президенті (1993 - 2003):

Қазақстанның АҚШ-қа әрдайым көмектесуге дайын екендігіне  ризашылығымды білдіремін. Мемлекеттеріңіздің экономикалық  даму қарқыны маған қатты әсер етті. Мен Нұрсұлтан  Назарбаевтың ядролық қарусыздану бағытында жасаған  қадамдарына алғыс айтамын.  

Барак Обама,  АҚШ президенті (2008 - 2016):

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев әлем көшбасшыларына ядролық қауіпсіздік пен ядролық қаруды таратпау мәселесі бойынша үлгі бола алады. Қазақстан ядролық қарудан бас тарта отырып, бүкіл әлемге  қауіпсіздік пен экономикалық өсімді қамтамасыз етудің озық үлгісін көрсетті.

Ричард Чейни, АҚШ вице-президенті (2001 - 2009):

Соңғы он бес жылда Қазақстанда болған прогреске барлық Америка халқы таңырқай қарайды. Қазақстан көптеген салада Америка Құрама штаттарының стратегиялық әріптесі болып қалыптасты. Сіздердің Ауғаныстан және Ирак мемлекеттерінде атқарған еңбектеріңіз үшін алғысымыз шексіз.  Сондай-ақ, ғаламдық терроризмге қарсы біздің елмен бірігіп күресіп жатқандарыңыз үшін ерекше рахмет айтқым келеді.   

Майкл Йоханс, АҚШ-тың ауыл шаруашылық министрі (2005-2007):

АҚШ пен Қазақстан — стратегиялық әріптес мемлекет. Қазақстан, Нұрсұлтан Назарбаевтың жетекшілігімен өз өңірінің көшбасшысына айналды.  Бүгінгі таңда Қазақстанның бірқатар артықшылықтары — оны бәсекеге қабілетті елдер қатарына қоса алады. Қазақстан тек қана АҚШ ғана емес, бүкіл әлем құрметтейтін үлкен мемлекетке айналып отыр. Сіздердің елдеріңіз терроризммен күресуге ат салысуда. Қазақстанда жасалған экономикалық реформалар да ерекше назар аударатын құбылыс. Мұның барлығын біз үлгі тұтамыз. Сондықтан, 300-ге жуық америкалық компания Қазақстанда кәсіп ашуға ниет білдіріп отар.

Роберт Блейк, АҚШ мемлекеттік хатшысының көмекшесі:   

Біз Қазақстанның жеткен жетістіктерін ерекше құрмет тұтамыз. Осы жылы сіздердің мемлекеттеріңіз ОБСЕ халықаралық ұйымына төрағалық етіп, көптеген батыл ұсыныстар жасады. Сіздер әлемнің барлық алпауыт елдерімен достық қарым-қатынас орнаттыңыздар. Бұл өте ұтымды мемлекеттік саясаттың нәтижесінде болды деп ойлаймын.  

Джордж Крол, АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі:

Америка Құрама Штаттары тәуелсіздігінің 240 жылдық мерейтойын бізбен бірге атап өтуге келгендеріңіз үшін алғысымды білдіремін. Америка Құрама Штаттары 1776 жылы 4 шілдеде өзінің тәуелсіздігін жариялағанын білесіздер. Сол кезде көпшілік бұрынғы отар елдердің қуатты, әрі гүлденген мемлекет болмақ түгілі, тәуелсіздігін сақтап, біртұтас ел болып қаларының өзіне күмәнмен қараған еді. Содан бері 240 жыл өтті. Қазір америкалықтар шыққан биігін орынды мақтан етеді. Дегенмен, біз қоғамымызды жетілдіріп, Американың Тәуелсіздік декларациясында айқындалған  еркіндік пен теңдік идеалдарына жету үшін әлі талай еңбек етуіміз қажеттігін түсінеміз. Тәуелсіз ел болғанына екі жарым ғасырға жуық уақыт өтсе де Америка әлі де үлкен сынақ алаңы сияқты, күні бүгінге дейін көптеген ішкі және сыртқы сын-қатерлерге тап болуда. Американың 240 жылдық мығымдығының құпиясы біздің жаңа өзгерістер мен жаңғыруға ұмтылысымыз бен әрбір адамның өмірде өз жолын табуына мүмкіндік беру ниетімізде жатыр деп ойлаймын. Қадірлі достар, биыл біз Қазақстан тәуелсіздігінің 25 жылдық және Америка Құрама Штаттары мен Қазақстанның арасында дипломатиялық қатынас орнауының 25 жылдық мерейтойларын атап өтудеміз. Қазақстан мен Құрама Штаттарға ортақ нәрселер өте көп. Екі елдің де жерінің аумағы қаншалықты үлкен болса, болашаққа деген ұмтылысы мен үміті де сондай зор. Біз – саудада, саясатта, сонымен бірге жаппай қырып жоятын қару-жарақтан азат, өркенді де толерантты әлем орнату жолында стратегиялық серіктестерміз. Тәуелсіздік алғаннан бері Қазақстан зор жетістіктерге жетті. Америка сияқты Қазақстан да даму жолында көптеген ішкі және сыртқы қиындықтармен бетпе-бет келуде. Бірақ, Америка сияқты Қазақстан да өзінің жарқын болашағы мен үкілі үмітін халықтың білім, еркіндік және жауапкершілік мүмкіндіктерін кеңейте түсумен тығыз байланыстырады.

Эрнест Мониз, АҚШ хатшысы:

Бұл – менің Қазақстанға және Орталық Азияға алғашқы сапарым, ол өте тиімді өтті дегім келеді, бұл университетті көріп, оның жаңа білім түріне деген сенімділігін атап өткім келеді, бұндай білім түрі осы қоғам үшін мейлінше тиімді болады және одан да тыс жерлерде нәтижелі болады деп есептеймін. Сондықтан бізге қажетті климаттың өзгеруіне қатысты ескертулер мен экологиялық таза энергияға қатысты пікірлерге көшер алдында  біздің Қазақстанмен қарым-қатынасымыз туралы біраз айтып кетейін деп едім. Бұл қарым-қатынас шынында да бүгінгі күні адамзат алдында тұрған маңызды мәселелердің екеуіне негізделген. Олардың бірі – бұл ядролық қауіпсіздік, әсіресе, ядролық қаруды таратпау, ядролық материалдарды лаңкестерден және оларға ұқсайтындардан алыс жерде сақтау және бұл сонау Қазақстанның тәуелсіздік алғанынан бері көп жылдар бойы бірге шешіп келе жатқан мәселелердің дәл өзі, мен әрқашан Құрама Штаттар Қазақстанмен алғашқы болып дипломаттық қатынастар орнатқан ел деп қуанышпен айтамын, сондықтан – бұл өте маңызды достық. Президент Назарбаев пен Қазақстан ядролық қаруды таратпау идеясын мұқият ұстана білді.

Джон Керри, АҚШ мемлекет хатшысы:

АҚШ-тың халқы және президенті Барак Обаманың атынан мен Қазақстан халқын 16-желтоқсанда тойланатын Тәуелсіздігінің 24 жылдығымен  құттықтаймын.АҚШ 1991 жылы Қазақстанның тәуелсіздігін мойындаған бірінші мемлекет,сол күннен бері достығымыз одан әрі нығайып келеді . Ширек ғасырға жуық уақыт кезенінде біз қауіпсіз, тәуелсіз және өркендеген Қазақстанға серіктес болып келеміз.Биыл Астанаға сапармен барып, қазақстандықтардың рухын және серпінді мәдениетін көру мен үшін үлкен құрмет болды. Президент Назарбаев пен Премьер-министр Масимовпен кездесу және  Сыртқы Істер Министрі Идрисовпен АҚШ-Қазақстан Стратегиялық серіктестігі туралы диалогты  бірлесіп басқару құрметіне ие болдым. Талқылаулар барысында мен Қазақстанның басшыларына жаһандық мәселелердің шешуіндегі, оның ішінде экстремизмге қарсы күрес және ядролық қаруды таратпаудағы, мемлекетіңіздің маңызды рөлі үшін алғысымды білдірдім. Менің Үкіметім Қазақстанның делегациясын 2016 жылдың басында Вашингтонда Стратегиялық серіктестік туралы диалогтың келесі кезеңін өткізуге және институционалдық реформаларды жүзеге асыру жолындағы 100 нақты қадам бағдарламасын іске қосуға қолдау көрсетуді талқылау үшін кездесуге үміттенеді. Тәуелсіздік күні қарсаңында мен барша Қазақстан халқына бейбітшілік және аманшылық тілеймін.   Тәуелсіздік күні құтты болсын!


Әзірлеген Алмас САУДАМБАЙ 


Комментарий

comments powered by HyperComments

Ұқсас материалдар

Әріптестер