Ел сүйсінген азаматтар

«Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобасының жеіңмпаздары

Елена Шушлебина – Зеленов аудандық ауруханасының учаскелік медбикесі

Ақтөбе қаласының 35 жасар тұрғыны Роза Тасқала ауданында туысқандарының үйіне қонаққа келген болатын. Жүктілігіне байланысты таңертең оны туыстары облыстық перинаталдық орталығына жеткізу мақсатында жолға шығады. Алайда жолда жүкті әйелдің толғағы басталғанын байқайды. Шұғыл Переметное ауылынан жедел жәрдем шақырады.  

19 шілде күні сағат 11:20 Зеленов аудандық ауруханасына Орал-Тасқала тас жолынан қоңырау түседі. Еңбек демалысына шығуына байланысты дәрігер, акушер-гинеколог қызмет орынында жоқ болған. Алайда бригадамен учаскелік медбике Елена Шушлебина шұғыл жолға аттанады.

Діттеген орынға жеткен медбике әйелдің медициналық кітапшасынан жүктіліктің қиын өтуіне байланысты жағдайы мәз емес екенін біледі. Оны тексеріп, денсаулығымен таныса келе түсік тастау қаупі бар екенін аңғарады. Мұндай жағдайда тек дәрігер ғана нақты шешім қабылдап, ота жасай алады. Медбике мұндай қиын жағдаймен бірінші рет бетпе-бет келіп тұр. Елена Сергеевна әйелді босандыру керек деген шешім қабылдайды. Сағат тілі 12:40 соққанда Роза аман-есен қызын өмірге әкелді. Медбикенің біліктілігі мен жігерлілігінің арқасында Розаның денсаулығына еш қауіп төнбей, баласын бауырына алды. Бірнеше минуттардан кейін дені сау ана мен бала Переметное ауылының аудандық ауруханасына жеткізілді.      

Олег Пименов – математик

Олег Пименов Семей қаласында тұрады. Математика бойынша жоғары білімі болмаса да, үлкен жетістікке адам. Ол математиканың тарихындағы ең күрделі үш есепті шешкен талант. 1999 жылы ол шахмат пен этюд құрастыруға қатысқан. Ал, 2006 жылы шахматтан өткен чемпионатта 12 орын алды. 

Математикада тіпті әлем ғалымдарының ақылы жетпеген, ескіден шешімін таппаған есептер бар. Олег Пименов сондай күрделі Герон, Гаусса және Ферма ұлы теориясын шешкен мықтылардың бірі. Өте күрделі саналатын Ферма теориясы тіпті мықты деген талай математиктерді есінен тандырған. 

1637 жылы француз математигі Пьер Ферма «Арифметиканың» жолдарына: «хⁿ+yⁿ≠zⁿ жанында n≠2. Мен шын мәнінде осы сөйлемнің таңғаларлық дәлелін таптым, алайда жолақ тым тар болғандықтан оны сыйғызу мүмкін емес» деген фраза жазған. Міне әйгілі математиктің дәл осы сөздерімен танысққаннан кейін Олегтің математикаға деген қызығушылығы басталды. Өкінішке қарай, бұл фразаның авторы дәлелін тағы бір жерлерге жазуды қиынсынса керек. XVII ғасырда n мағынасындағы есептердің сан түрлі дәлелін тапса да, тек 1995 жылы ғана Эндрю Уальс нақты жауабын шеше алды. Алайда бұл дәлел 130 бетті құрайды.

Сол себепті де математика сүйер қауым кез-келген теореманың қысқа дәлелін іздейді. Олег Пименов өз нұсқасын ұсынды.

Қуат Есенов – халықаралық олимпиадалардағы алты алтынның иегері

Қуат Павлодар қаласындағы дарынды балаларға арналған №8 мектеп-лицейдің түлегі. Бірнеше жыл бұрын әлемді таңдай қақтырып, рекордтар кітабына енген. Қазақтың «алтын баласы» казір Америкада тұрады. Білімді жігіт небір күрделі математикалық теңдеулердің шешімін оңай тауып, АҚШ оқымыстыларын аузына қаратқан. Қуат Есенов оқушы кезінде екі рет математика пәнінен дүниежүзілік олимпиадада алтын медаль алған. 2004 жылы АҚШ-тағы Массачусетс технологиялық университетіне қабылданып, оқуын PhD академиялық дәрежесімен тәмамдаған. Есенов қазір сол университетте ғылыми қызмет атқарады.

#рухани жаңғыру #100 жаңа есім #ел сүйсінген азаматтар

Комментарий

comments powered by HyperComments

Похожие материалы

Партнёры