Режиссер Эмир Байғазин жүлде алды

Венеция кинофестивалінен марапат

Италияда өтіп жатқан 75-Beнeция кинoфecтивалiнің «Көкжиeктep» («Гopизoнты») атты бағдарламасында Эмиp Байғазиннің «Өзeн» көpкeм фильмi «Үздiк режиccep» сыйлығын жеңiп алды. Картинаның тұсаукесері 4 қыркүйекте өткен еді.

Бұл кoнкypcтық бағдарламада кинеаматография саласының дамуы мен жаңа үрдістерін көрсететін көркем және деректі фильмдер көрсетіледі. Оған қазақстандық фильмнен басқа 18 картина ұсынылған болатын. Отандық кино режиссері өзге көркем туындыларды артта қалдырып, өнер жолында құнды номинацияға қол жеткізіп отыр.  

Сол секілді кинофестивальдің аясында «Өзеннен» бөлек, отандық  «Әpyaқ» (peж.X.Axмeтoв), «Әмipe» (рeж. Д.Becпa), «Taлaн» (peж. Б.Қaлымбeтoв), «Oл» (peж. А.Caтaeв), «Aлмac қылыш» (реж. Р.Әбдpaшeв), «Aнaғa aпapap жoл» (peж. А.Caтaев), «Opaлмaн» (peж. C.Құpмaнбeкoв), «Бiздiң қaлaның kiшкeнтaй xaнзaдacы» (peж. Т.Тeмeнoв), «Шыңыpay» (peж. Ж.Жетipyoв), «Жaт» (peж. Е.Тұpcынoв),«Күлтeгiн» (peж. А. Әбiлдинoв), «Jumреr» (peж. А. Бeйсeмбaeв) көркем және «Mұзбaлaқ» (peж. Т.Maйдaн, T.Tөлeyғaзы) сияқты aнимaциялық фильмдepдiң тpeйлepлepi көpсeтiлдi.

Эмир «Өзен» фильмінің тек режиссері емес, сценарий авторы, қоюшы операторы, продюсері болды. Сол секілді туындының монтажына да белсене қатысқан. Айта кетерлігі, бұл Аслан жайлы трилогияның соңғы бөлімі. Оған дейін  «Асланның сабақтары» («Уроки гармонии») мен «Жаралы періште» («Раненый ангел») картиналары жарыққа шыққан еді. Олар 2013 пен 2016 жылдары Берлинале кинофестивалінде қойылған болатын. Көркемдік деңгейі үшін күміс медальмен арнайы марапатталған.

«Өзен» цивилизациядан аулақ тұратын бес ағайындының өмірі қаладан келген қонақтан кейін қалай өзгеретіндігін суреттейді. Байғазиннің айтуынша, бұл туындының мақсаты – отбасындағы және жеке адамның бойындағы түрлі мінез-құлықтарды көрсету болған.  2017 жылы басталып, бір жылға жуық уақыт түсірілген фильмге еліміздің әр түкпірінен келген әуесқой және кәсіби актерлер түскен. Түсірілім жұмыстары Алматы облысындағы Іле өзенінің бойында жүргізілген. Фильмді ҚР Мәдениет және спорт министрлігі, «Қазақфильм» акционерлік қоғамы, Польшаның кино институтымен қатар, Sorfond (Норвегия) қаржыландырды.  

Hollywood Reporter басылымы режиссердің соңғы фильмдерінде өзіндік қолтаңбасы қалыптасып келе жатқанын айтады:

«Асланның сабақтары» мен «Жаралы періште» фильмдерінен кейін сценарист-режиссер Аслан туралы кинотуындының үшіншісін жарыққа шығарды. Бұл фильм айырықша тәртіп пен образдылықты суреттейтін ерекше туынды. Ол Эмир Байғазиннің шеберлігінің шыңдалып келе жатқанын көрсетеді. Біреулер киноны эстетизацияға толы деуі ғажап емес, алайда фильм кез келгенді баурап әкетіп, меланхолиялық сезімге түсіреді.

Screen International басылым былай дейді:

«Бұл фильмнен режиссердің өзіндік қолтаңбасын көреміз. Ол картиналары арқылы жеке бастың бостандығын, отбасы қатынастарын айқын көрсете алады. Ойы терең, әрі қиын да күрделі тақырыпта түсірілген бұл фильм көрерменнің назарын өзіне аудартуға қауқарлы. Эмир Байғазин Клеор Денидің, Миклош Янсконың аллергориялық шығармашылығындағы ерекшеліктерін бойына сіңірген. Сол секілді Жоау Педро Родригестің иконаға сыйынатындарға қарсы ойлары да қазақ режиссерінің шығармашылығында кең өріс алған».

«Сценарист әрі режиссер Эмир Байғазин бұл фильмде оператор мен қоюшы режиссер ретінде өзін сынап көрді. Оның қолында камера түрлі композицияның нәзік сезімдерін жақсы жеткізе алатын құралға айналған. Фильм бейнесі – шынайы өмір мен аңыз әлемінің байланысын, бүгінгі жаһандық өркениет пен заманануи технологиядан тысқары жатқан дәстүрлі өмірді көрсетеді», – деп жазады Cineuropa.

Венеция кинофестиваліндегі басты сыйлық «Алтын арыстанның» иегері мексикалық режиссер Альфонсо Куаронаның «Рома» фильмі болды. Ал үздік режиссер атағы «Ағайынды Систрес» фильмін түсірген Жак Одиярға бұйырды. Әділ қазылары Гран-Приді «Фаворит» фильмі үшін грек Йоргос Лантимосқа берді. Үздік актер номинациясы «Ван Гог. Мәңгілік табалдырығында» ойнаған Уиллем Дефо мен «Фаворитте» өзін жақсы қырынан танытқан Оливия Колманға берілді.  

Еске сала кетейік, Эмир Байғазин 1984 жылы 19 шілдеде Ақтөбе облысы, Тамды ауылында туған. 2002 жылы Ақтөбедегі Т.Ахтанов облыстық театрдың актерлік мектебін, 2004 жылы Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясын бітірген. 2007 жылы Пусанда өткен Азия Киноакадемиясы кинофестивалінің степендиаты болса, бір жылдан соң, Берлинале фестивалінде жас таланттар лагеріне қатысты. Оның еншісінде бірнеше халықаралық кинофестивалдердің сыйлықтары бар. Сондай-ақ, Эмир Байғазин Қазақстандағы «100 жаңа есім» жобасының жеңімпаздарының бірі.

#Эмир Байғазин

Комментарий

comments powered by HyperComments

Ұқсас материалдар

Әріптестер