30.05.2017

«Алматы Сақ Қорғандары» археологиялық паркінде Алматы қаласының тұрғындары мен қонақтарының Сақ өркениетіне қызығушылығын арттыру мақсатында мәдени-танымдық шара ұйымдастырылды.

Қатысушыларды шараның ашылуымен құттықтаған Алматы қаласы Туризм және сыртқы байланыстар басқармасының басшысы Ерлан Жайлаубай аталмыш паркті қаланың тарихи көркі ретінде таныстырды. «Бүгін ұйымдастырылып отырған шараны туризмді және қасиетті жерімізді дәріптеу жолындағы паркіміздің жаңа бір жаңғыруы беп білеміз. Алдағы уақытта қорғандар кешенін мұражайландыруды жоспарлап отырмыз.  Бастапқы жұмыстар 2018 жылы аяқталады деп күтілуде», – деді Ерлан Жайлаубай.

Бағдарлама аясында шараға қатысушылар атақты қазақстандық археолог Руслан Шербаевтың жетекшілігімен парк алаңында ұйымдастырылған арнайы экскурсияға қатысты. Сонымен бірге садақ ату дәрістерін алып, алаңды абаттандыруға арналған жаппай сенбілікке қатысқан қонақтар дәстүрлі палау мен көжеден де дәм татты.  Одан кейін қолөнершілер жәрмеңкесіне қатысқан қонақтар «Сармат абызы» атты танымал археологиялық олжаның реканструкциясын тамашалады.

Тағы да оқитындарыңыз