25.04.2017

25 сәуір күні Дүниежүзілік Кітап және авторлық құқық күні аясында ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында «КІТАПХАНА – РУХАНИЯТ ОРДАСЫ» тақырыбында Ашық есік күні өтті.
Бұл күні кітапханада «ЕХРО-2017 – Болашақтың қуаты», «Түркістан – елдігіміздің ақ ордасы», «Коран: притяжение гармонии», «Жаңа кітаптар», «Латын әліпбиіндегі қазақ кітаптары» кітап көрмелері мен «Рухани жаңғырудың жарқын жолы» атты мерзімді басылымдар көрмеслері, баспалардың қатысуымен Кітап жәрмеңкелері ұйымдастырылды.

Ашық Есік күніне Ғарифолла Есім, Болат Көмеков, Камал Бурханов, Жолдыбай Кежеболат, Әділ Ахметов, Алдан Смайыл, Серік Тұрғынбекұлы, Тұрсын Жұртбай, Айтмұхамбет Бейсембеков, Баянғали Әлімжанов, т.б. зиялы қауым өкілдері және мектеп мұғалімдері мен жоғары оқу орындарының студенттері, кітапхана оқырмандары қатысты. 

Тағы да оқитындарыңыз