Юлия Галышева туралы 7 дерек

Олимпиада жүлдегері туралы ақпарат

Бұл күндері Пхенчхенде өтіп жатқан қысқы Олимпиада ойындарында Қазақстан қоржынына алғашқы қола жүлдені салған Юлия Галышева туралы не білеміз?

Ол 1992 жылдың 23 қазанында Өскемен қаласында дүниеге келген. Қазір Спорт және туризм академиясында оқиды.

Юлия 4-5 жасынан бастап, фристайл спортымен шұғылдана бастады, ал 10-11 жасында алғашқы жарыстарына шыққан.

Алғашқы әлем чемпионатына 2007 жылы қатысқан Юлия 30 спортшының ішінде 21 орынға тұрақтаған.

Пченчхан – Юлияның спорттық мансабындағы 3-олимпиадасы. Ол Ванкуверде өткен ойындарда 11 сатыға тұрақтаса, Сочидегі ақ олимпиадада 7 орыннан көрінді. Ол Сочиде төрешілер тарапынан алған әділетсіз бағасына наразы болып, спорттық мансабын аяқтағысы келген еді...

Юлия Галышева мен Дмитрий Рейхард еліміздегі фристайл спортын құтқарып қалған спортшылар. Бұл спорт түрін 7-8 жыл бұрын тіптен жауып тастағысы келген, бірақ қос спортшы халықаралық турнирлерде, Азия ойындарында жақсы нәтиже көрсетіп, Қазақстандағы фристайлды сақтап қалды.

Галышева Азиада-2011 мен Универсиада-2015 ойындарының алтын жүлде иегері, сондай-ақ әр түрлі жылдары Әлем кубогы мен Әлем чемпионатында биік тұғырдан көрінген.

Юлия бір ай бұрын қолын жарақаттап алған еді. Ол гипске оралған қолымен жарыс жолына шығып, елімізге алғашқы Пхенчхен қоласын тарту етті. Оның медалі Қазақстанның жалпы қысқы ойындардағы 8-жүлдесі.

#қысқы олимпиада #пхенчхен-2018
Article is published with the consent of the author

Use of materials for publication, commercial use, or distribution requires written or oral permission from the Board of Editors or the author. Hyperlink to El.kz portal is necessary. All rights reserved by the Law RK “On author’s rights and related rights”

Подписывайтесь на наш Telegram-канал!

Комментарий

comments powered by HyperComments

Similar materials

Partners