Саяхатшыларға арналған 5 пайдалы чат-бот

Чат-боттарды белсенді пайдаланасыз ба?

Әлемді тану, түрлі мәдениет пен әр ұлттың ерекшелігімен танысудың бірден-бір жолы – саяхат. Саяхатшылардың сапарын жеңілдететін түрлі сервистер мен стартаптар көп. Бірақ бүгін біз сіздің кәдеңізге жарап қалар деген үмітпен өте пайдалы әрі таптырмайтын чат-боттар туралы айтқымыз келіп отыр. Бір қарасаңыз кезекті хат алмасу ретінде қарапайым көрінгенімен арзан билеттерге монитор жасап, тоқталатын орныңызды брондауға әрі әуе рейстерінің уақытын сәйкестендіріп таңдауға сондай-ақ сізге ең жақын маңда орналасқан жанармай құю орталығын тез табуға көмектеседі. Олай болса келесі Facebook желісі мен Telegram каналдарының жаңа тревел-көмекшілеріне жазылыңыз!

Booking Assistant

Booking.com үшін аталмыш ботты Facebook 2017 жылы жасады. Өте ыңғайлы алайда тек ағылшын тілінде оқи аласыз. Ерекшелігі – бот сізге санаулы секундтарда-ақ қажетті локоция бойынша сұраған датаңызға тоқталатын орын тауып береді. Тіпті кейінірек өзге де нұсқалар шығып жатса, чат-бот сізді хабардар етіп отырады. Booking Assistant бұған қоса өте мәдениетті әрі жағымды қылықтарымен сізді баурап алады. Егер сіз оған «Рақмет» деп жазсаңыз, ол сізге «Бәрі жақсы, бұл менің жұмысым ғой» деп сізге сыпайы жауап қайтарады.

RailwayBot  

Украинаға жолыңыз түсе қалса әрі теміржол арқылы саяхаттасаңыз, сізге өте керек бот. Telegram-бот баратын бағытыңызды енгізсеңіз, шапшаң билет тауып береді. Украин және орыс тілінде ақпарат алуға мүмкіндігіңіз бар.

Kayak

Kayak – Facebook желісінің мессенджеріне арналған чат-бот. Былтыр аталмыш бот тревел өрісінде өзі секілді боттар арасында үздік деп танылған. Саяхатшылардың ең көп бас қатыратын маңызды сауалдарын шешуге қауқарлы. Мәселен, авиарейс табу, отель брондау, алдын-ала ақпаратқа қанығу, қалай көңіл көтеруге болатынын бағамдау сынды ерекшеліктерді айтуға болады. Чат-бот тек ағылшын тілінде жұмыс істейді.

MetaMetaBot

MetaMetaBot – Telegram каналы жанынан ашылған бот. Санаулы секундтарда ең арзан әуебилеттерін тауып береді. Тіпті нақты ай-күнін көрсетпей-ақ ұшып кететін және ұшып келетін әуежайды көрсетсеңіз де еш қиындықсыз сізге керек бағыттағы тасымал кемесінің құнын, уақытын көрсетіп береді. MetaMetaBot – орыс тілді бот.

UIAhelper

Бұл бот дәл Украинаның «МАУ» әуекомпаниясымен тілдескісі келетін жандар түшін ашылған. Facebook желісіндегі бот сіздің әуе тасымалы туралы кез-келген сауалыңызға жауап береді. Ол: багаж, тамақтану, қызмет құны, балалармен ұшу сынды түрлі сұрақ болуы мүмкін. Чат-бот ағылшын, украин және орыс тілдерінде ақпарат береді.

#чатбот

Comments

comments powered by HyperComments

Similar materials

Partners