Азия аспанында ұшатын арзан лоукостерлер

Билет құны қолжетімді әуе рейстері

Азия құрлығының кез-келген елінде (тек кейбір туризмі дамымаған елдерді қоспағанда) бағасы қолжетімді, ақшаңызыды үнемдеуге мүмкіндік беретін бірнеше әуетасымал кемелері ұшады. Азиаттық лоукостерлермен ұшу өте қолайлы әрі арзан екенін білесіз бе? Тіпті Тай немесе Үнді, Индонейзия елдерінің кейбір шағын ғана ауылдарына жап-жаңа ұшақтарын ұшатынын білгенде таңданысыңызды жасыра алмассыз. Ең қызығы – азиялық лоукостерлермен ұшу еуропалық лоукостерлерге қарағанда әлдеқайда оңайырақ. Мәселен, отырғызу талонын басып шығару, онлайн-тіркелу сынды әбігер мұнда атымен жоқ.

Азия құрлығы бойынша

Бір немесе бірнеше бағытта ұшатын азиялық лоукостерлер бар. Ал, AirAsia – бүкіл Азия құрлығына тасымал қызметін көрсетеді. Аталмыш әуекомпания 140 бағыт бойынша Азияның 23 мемлекетіне жолаушы тасымалдайды. Бұған қоса Австралия мен АҚШ бағытына ұшатын рейстері де бар. AirAsia-ның штаб-пәтері Куала-Лумпр қаласында орналасқандықтан, дәл осы әуекомпаниясының рейстерімен Малайзияның астанасына жету арзан. Әрі қарай қалауыңызша өзге бағыттарға саяхаттай аласыз.

AirAsia – 2017 жылды қосқанда соңғы 9 жыл бойы қатарынан әлемдегі ең үздік лоукостер ретінде танылып келеді. Және бір атап айтарлығы әуекомпания бір километр үшін 0,023 $ алатын болғандықтан тарифі ең арзан лоукостерлер қатарында. Егер AirAsia BIG бағдарламасына тіркеліп қойсаңыз, компания маусым сайын сататын арзандатылған билеттер бұйырып қалуы мүмкін.

Қол жүгі: жалпы салмағы 7 кг   болатын 2 дорба (56х23 см және 30х40х10) алуға рұқсат.

Багаж: бағасы ұшу сағатының ұзақтығына қарай анықталады.

Jetstar

Jetstar – Австралиның басты лоукостері әрі Qantas Airways атты ірі  әуеасымалы компаниясының құрамына кіреді. Әуекомпаниясының құрамына үш ірі еншілес компания кіреді. Олар: Jetstar Asia Сингапур әуежайынан бағыт алса, Jetstar Pacific – Хо-Ши-Миннен ұшады, ал Jetstar Japan – Токио қаласынан тасымал жасайды. Аталған лоукостерлер Австралияны әлемнің оңтүстік-шығыс Азия бөлігіндегі елдерімен сондай-ақ Жапония, Қытай елдерімен байланыстырып, жолаушы тасымалдайды.

Қол жүгі: 7 кг   болатын 1 сөмке.  

Багаж: 15 пен 40 кг дейін жүк арту үшін қосымша ақша төлеп, билет сатып ала аласыз. Рейске байланысты.

Lion Air

Индонейзияның ірі әуекомпаниясы. Құрамына Азия елдеріне тасымал жасайтын бес еншілес компания кіреді. Өкінішке қарай аталған бес компанияның бәрі арзан тарифі бар әуежелісіне жатпайды. Десе де, бағаларына қарамастан өзге де Азияның жетекші лоукостерлерімен тең дәрежеде бақталаса алатындығымен ерекше. Әсіресе сіз багажбен саяхаттасаңыз өзіндік тиімді ұсыныстары бар.

Wings Air – Индонейзияның аймақтарын жалғайтын сондай-ақ бүкіл азия елдеріне тасымал қызметін көрсететін лоукостер. Әуекомпанияның өзіне тиесілі сайты болмағандықтан, Lion Air арқылы брондап, билет сатып ала аласыз.

Batik Air – Индонезияның ішінде көптеген рейстері ұшатын әрі Азия елдерінің көптеген нүктелеріне қатынайтын әуекомпания.

Malindo Air – халықаралық тасымал компания. Штаб-пәтері Малайзия астанасы Куала-Лумпурдың шетіндегі шағын ауданда орналасса да, Азия елдерінің барлық нүктелеріне ұшады.

Thai Lion Air – Бангкоктың Don Muang әуежайынан бүкіл Тайланд бойынша ұшатын рейстері бар. Бұған қоса Қытай, Сингапур, Малайзия, Индонезия елдеріне қатынайды.

Қол жүгі: 10 кг   болатын 1 сөмке.  

Багаж: Malindo Air мен Batik Air әуекомпанияларының ішкі және халықаралық бағытта ұшатын барлық рейстерінде 20-30 кг дейін жүк алып жүруге рұқсат етілген. Және бағасы билеттің құнына кіреді.

#арзан лоукостерлер #Азия

Comments

comments powered by HyperComments

Similar materials

Partners