Астанада жеті жастағы қызды көлік қағып, өлтірді

Фото: видеодан алынған кадр
Фото: видеодан алынған кадр
06.03.2025 14:57
3146
Астанада баланы көлік қағып кетті. Ол ауыр жақаттан қаза болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қалалық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, жол апаты Бейсекбаев пен Кенесары көшелерінің қиылысында болған.
Жол-көлік оқиғасы салдарынан кәмелетке толмаған бала көз жұмды.
Бейсекбаев пен Кенесары көшелерінің қиылысында болған жол апаты салдарынан ауыр жарақаттар алған кәмелетке толмаған бала қайтыс болды, – деп мәлімдеді Астана қалалық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
Оқиға орнына жедел жәрдем қызметкерлері жетті. Көрсетілген медициналық көмекке қарамастан, баланың биологиялық өлімі тіркелді

Алдыңғы жаңалық
Астанада ұлттық киімдер мен зергерлік бұйымдар көрмесі өтті