Жаңалықтар

Егінге дайындалыңдар

Егінге дайындалыңдар Қазіргі күнде егін саламын деген елдер кез-келген жерден тұқымдық астық, соқа-сайман таба алмайтындықтан һәм ендігі егін салушылар үкімет көмегінсіз іс істей алмайтындықтан, Семейдің губерниялық жер бөлімінде келесі жаздың шаруасына істеліп жатқан қамдарын барлық, оқушыға да һәм егінші елдерге де білдірмекшіміз. Губерниялық жер бөлімінің бұл жұмысы туралы алдымен істеп отырған қаулысы — Семей губерниясындағы елдердің бәрін егін салуға міндетті қылу. Бұл міндет артылмайтындар — жерлеріне егін шықпайтын елдер, не олар қай жерде отырған елдер һәм қай ел екені жер бөліміне белгілі. Бұлардың жеріне егін шықпайтыны бұрынғы шыққан землемерлердің сөзімен һәм ғылыми дәлелдерімен анықталған елдер болады. Міне осындай елдерден басқаның бәріне де белгілі бір мөлшерге шейін егін салу түгел міндет. Бip болыс елдің салатын егінінің ең кемі қаншалық. болады? Оны жер бөлімі көрсетеді. Егер егін салушы елдер сол межеден артық салатын болса, оларға айрықша сый есебінде бұл, шай, ұн секілді нәрселермен көмек берілмекші. Жер бөлімінің бұдан соңғы ойлап отырған ниеті — егін салушы елдердің бәріне де тұқым беру һәм жетісінше соқа-сайман беру, тұқым берудің қамына жер бөлімдері қазіргі күннен бастап кірісе бастады. Әрбір уездерге арналған тұқымдық астық уездің жер бөлімдеріне осы февральдің 15-не шейін түгелімен беріліп болмақшы. Содан ары қарай уездік жер бөлімдері өз беттерімен елге тарата бастайды. Жер бөлімінің ісі сөзінің ізімен шығатын болса және жол біткенге шейін ел-елге тиісті тұқымдық астықты қолдарына беріп, жерлеріне ерте-жеткізіп алатын қылмақшы. Онан соң елге берілетін астық тобымен бір болыс елге бір-ақ беріледі. Оны жер бөлімдерінен алып, елге таратушы волисполкомдар болады. Жеке ауылдарға, старшиндарға әуел бастан бөлініп берілмейді. Тұқым беру турасындағы қазіргі қолданатын жол осы. Ендігі бір жұмыс соқа-саймандар туралы жақында губерниялық жер бөліміне 1500—2000 шамасындай соқа келеді. Бұл да егінші елдерге таратып беруге арналған нәрселер. Жалғыз-ақ, берілгенде волисполкомдардың қолына беріледі және алушылар майын ғана ұстайды. Соқаның басы жер бөлімдерінікі болып саналады. Мезгілінде не бұзылып, не сынып қалған жері болса, түзетіліп берілетін болады. Бұл екі мың соқа ел санына қарағанда көп болмаса да, жылдағы берілетін санына қарағанда, көп деуге болады. Бұрын бір губернияға 400—500-ден артық соқа берілмейтін. Биылғы жылы бұл саймандардың көбі қазақ халқына берілетін қисыны бар. Себебі жер бөлімі бұрыннан егінге бой ұсынбай келе жатқан қазақ халқын іске үйретем, қаракетке түсіремін деп отыр. Қазақтың көбінде соқа-сайман жоқ. Орыс егіншілері қазаққа қарағанда бұрыннан сайманы көп. Шаруасы ретті және де жылда келетін саймандардың көбі соларға берілетін. Міне, осы себептерге қарағанда жер бөлімдері казіргі ойлап отырған ниеттерінен адаспаса, көп соқасын қазаққа беруіне керек. Және де бұл айтылғандардың үстіне губерниялық жер бөлімі Семей губерниясындағы егіншілерді үш жікке бөліп отыр. Бұның біріншісі — дефицитный район (егінді не өзі салмағандықтан, не салса да аз салып, ішерлігін ала алмай өзге жерлерден сатып алатын елдер). Бұл жікке кіретін Семей уезіндегі қыр жақта тұратын елдер секілділер. Екінші жігі — астық разверсткасының елу процентін толтырған елдер. Үшіншісі астық разверсткасының 75 процентін толтыруға әлдері бар болса да, соны толтырмай отырған елдер. Бұл соңғы екі жікке кіретін крестьяндар. Жер бөлімінің бұларды жікке бөліп отырғандағы мақсаты — әрқайсысының ыңғайына қарай беретін көмегін ерте күннен межелеп алу. Мұндағы бөлімнің қазіргі мақсатына қарағанда, көмектің көбі жоғарыда айтылған бірінші жікке кіретін елдерге берілмекші. Қазақ халқының тұқымнан да, соқа-сайманнан да биылғы жыл өзгеден артық алуына тағы бір дәлел — осы. Кіндікте болып жатқан съездердің «енді шаруаны түзейміз деген ұранының арқасында биылғы жылы күштің көбі осы егін жұмысына салынбақшы. Жұрттың бәрі де арысы мемлекетті ашықтырмас үшін, берісі өзі ашықпас үшін жаз шыға егін жұмысына жұмыла кіріскелі отыр. «Үкімет тарапынан осы егін жұмысын ойдағыдай қылып аяқтандырып, ретке салып, істерінің бәрін тездетіп бітіріп отыру үшін, посевком деген бөлімдер ашылып отыр. Посевкомдар губернияда, уездерде де түгелімен болмақшы. Егін салу турасында жұмысы болған кісілердің бәрі де посевкомдармен сөйлесіп, тиісті көмектерін, мұқтаждарын солардан алады. Мәнеки, қазіргі егінге дайындалу турасындағы біздің білдіретін хабарымыз — осы. Бұдан былай да осы жұмыс турасынан шыққан қосымша, не өзгертілген жол-жоба болса, үнемі басып (газетке — ред.) тұрмақшымыз. Егін жұмысы қазақ шаруасына ең пайдалы, ең ірі жұмыс болғандықтан, уездерде қызмет қылатын барлық оқыған азаматтарға, егін турасындағы жол-жобамен түгел танысып, посевкомдармен тізе қосып іс қылу. Күндегі істеген істерінен мағлұмат алып хабарласып тұру. Екінші, ел-елге осының жайын ерте күннен құлақтандырып тұқымды, соқаны қалайша алудың жөнін ұқтыру һәм полисполкомдар арқылы берілген астық, соқалар ұстағанның қолында, тістегеннің аузында кетпейтін қылып ретке салып аңдушы болу. Үшінші, қай ел не нәрсе алды, қай ел ала алмай қалды, не себептен алмады, соны біліп тұру. Ала алмаған елдерге осыны әперудің қамын істеу, төртінші, қалаларда қызмет қылатын жігіттердің бәрі де осы жұмысқа жұмылып іс шығару. Канцелярияда отырып қағаз шимайлаумен уақытты ұсақ нәрселерге жоғалтуды қою, бастарын қосып, егін жұмысын бөлісіп алып, барлық күшті соған салу. Бесінші, егін жайындағы жұмыстардың реті қандай болып отыр, соны губерниялық қазақ бөліміне білдіріп отыру. Алтыншы, газетке сөз жазатын жолдастардан сұрайтын өтінішіміз: біреу пәлендей ішік алды, біреу пәлендей тазы ит, қаршыға алды, біреудің көңілінде пәлендейлік жуандық жүр, бірінің көңілінде арамдық жүр деген сөздерді, мүмкін болса, азайтыңқырап, біреудің көңіліндегі күңгіртті болжамай-ақ, көз алдында көрініп тұрған елдің шаруа жайын айтса екен деймін. Әсіресе, осы айтылған егін жұмысы қай ретте болып отыр, қандай жақсылық, қандай кемшіліктері бар, соларды білдіріп отырсаңыздар екен. Бұдан былай сондай хабарларға газет бетінен кең орын берілетін болады. Бүгінгі күнде біздің ең маңызды мәселе деп отырғанымыз — осы. Қосымша: волисполкомдар жоғарыдағы айтылған ретпен соқаны алғанда, алдымен ең мұқтаж кедейлерге беріп, олардың жұмысы бітуге тақағанда ауыстырып, екінші мұқтаж кісілерге беріп отыруға міндетті. Және исполкомдардың бір міндеті ерте бастан посевкомға ел ішіндегі егіншілердің саны һәм мөлшері қаншалық тұқымға мұқтаж, қолдарында қаншалық тұқымы бар, соның жайынан мағлұмат түсіруіне керек. Бұл — ең алдымен ескеретін жұмыс. Және исполкомдардың жанынан таза пысық, ел қызметіне ерінбейтін кісілерден волпоссвкомдар жасалуына керек. Мұхтар. Мұхтар Әуезов    
05.12.2012 03:33 4550

Егінге дайындалыңдар

Қазіргі күнде егін саламын деген елдер кез-келген жерден тұқымдық астық, соқа-сайман таба алмайтындықтан һәм ендігі егін салушылар үкімет көмегінсіз іс істей алмайтындықтан, Семейдің губерниялық жер бөлімінде келесі жаздың шаруасына істеліп жатқан қамдарын барлық, оқушыға да һәм егінші елдерге де білдірмекшіміз.

Губерниялық жер бөлімінің бұл жұмысы туралы алдымен істеп отырған қаулысы — Семей губерниясындағы елдердің бәрін егін салуға міндетті қылу. Бұл міндет артылмайтындар — жерлеріне егін шықпайтын елдер, не олар қай жерде отырған елдер һәм қай ел екені жер бөліміне белгілі. Бұлардың жеріне егін шықпайтыны бұрынғы шыққан землемерлердің сөзімен һәм ғылыми дәлелдерімен анықталған елдер болады. Міне осындай елдерден басқаның бәріне де белгілі бір мөлшерге шейін егін салу түгел міндет.

Бip болыс елдің салатын егінінің ең кемі қаншалық. болады? Оны жер бөлімі көрсетеді. Егер егін салушы елдер сол межеден артық салатын болса, оларға айрықша сый есебінде бұл, шай, ұн секілді нәрселермен көмек берілмекші.

Жер бөлімінің бұдан соңғы ойлап отырған ниеті — егін салушы елдердің бәріне де тұқым беру һәм жетісінше соқа-сайман беру, тұқым берудің қамына жер бөлімдері қазіргі күннен бастап кірісе бастады. Әрбір уездерге арналған тұқымдық астық уездің жер бөлімдеріне осы февральдің 15-не шейін түгелімен беріліп болмақшы. Содан ары қарай уездік жер бөлімдері өз беттерімен елге тарата бастайды. Жер бөлімінің ісі сөзінің ізімен шығатын болса және жол біткенге шейін ел-елге тиісті тұқымдық астықты қолдарына беріп, жерлеріне ерте-жеткізіп алатын қылмақшы. Онан соң елге берілетін астық тобымен бір болыс елге бір-ақ беріледі. Оны жер бөлімдерінен алып, елге таратушы волисполкомдар болады. Жеке ауылдарға, старшиндарға әуел бастан бөлініп берілмейді. Тұқым беру турасындағы қазіргі қолданатын жол осы. Ендігі бір жұмыс соқа-саймандар туралы жақында губерниялық жер бөліміне 1500—2000 шамасындай соқа келеді. Бұл да егінші елдерге таратып беруге арналған нәрселер. Жалғыз-ақ, берілгенде волисполкомдардың қолына беріледі және алушылар майын ғана ұстайды. Соқаның басы жер бөлімдерінікі болып саналады. Мезгілінде не бұзылып, не сынып қалған жері болса, түзетіліп берілетін болады. Бұл екі мың соқа ел санына қарағанда көп болмаса да, жылдағы берілетін санына қарағанда, көп деуге болады. Бұрын бір губернияға 400—500-ден артық соқа берілмейтін. Биылғы жылы бұл саймандардың көбі қазақ халқына берілетін қисыны бар. Себебі жер бөлімі бұрыннан егінге бой ұсынбай келе жатқан қазақ халқын іске үйретем, қаракетке түсіремін деп отыр. Қазақтың көбінде соқа-сайман жоқ. Орыс егіншілері қазаққа қарағанда бұрыннан сайманы көп. Шаруасы ретті және де жылда келетін саймандардың көбі соларға берілетін. Міне, осы себептерге қарағанда жер бөлімдері казіргі ойлап отырған ниеттерінен адаспаса, көп соқасын қазаққа беруіне керек. Және де бұл айтылғандардың үстіне губерниялық жер бөлімі Семей губерниясындағы егіншілерді үш жікке бөліп отыр. Бұның біріншісі — дефицитный район (егінді не өзі салмағандықтан, не салса да аз салып, ішерлігін ала алмай өзге жерлерден сатып алатын елдер). Бұл жікке кіретін Семей уезіндегі қыр жақта тұратын елдер секілділер. Екінші жігі — астық разверсткасының елу процентін толтырған елдер. Үшіншісі астық разверсткасының 75 процентін толтыруға әлдері бар болса да, соны толтырмай отырған елдер. Бұл соңғы екі жікке кіретін крестьяндар. Жер бөлімінің бұларды жікке бөліп отырғандағы мақсаты — әрқайсысының ыңғайына қарай беретін көмегін ерте күннен межелеп алу.

Мұндағы бөлімнің қазіргі мақсатына қарағанда, көмектің көбі жоғарыда айтылған бірінші жікке кіретін елдерге берілмекші. Қазақ халқының тұқымнан да, соқа-сайманнан да биылғы жыл өзгеден артық алуына тағы бір дәлел — осы.

Кіндікте болып жатқан съездердің «енді шаруаны түзейміз деген ұранының арқасында биылғы жылы күштің көбі осы егін жұмысына салынбақшы. Жұрттың бәрі де арысы мемлекетті ашықтырмас үшін, берісі өзі ашықпас үшін жаз шыға егін жұмысына жұмыла кіріскелі отыр. «Үкімет тарапынан осы егін жұмысын ойдағыдай қылып аяқтандырып, ретке салып, істерінің бәрін тездетіп бітіріп отыру үшін, посевком деген бөлімдер ашылып отыр. Посевкомдар губернияда, уездерде де түгелімен болмақшы. Егін салу турасында жұмысы болған кісілердің бәрі де посевкомдармен сөйлесіп, тиісті көмектерін, мұқтаждарын солардан алады.

Мәнеки, қазіргі егінге дайындалу турасындағы біздің білдіретін хабарымыз — осы. Бұдан былай да осы жұмыс турасынан шыққан қосымша, не өзгертілген жол-жоба болса, үнемі басып (газетке — ред.) тұрмақшымыз. Егін жұмысы қазақ шаруасына ең пайдалы, ең ірі жұмыс болғандықтан, уездерде қызмет қылатын барлық оқыған азаматтарға, егін турасындағы жол-жобамен түгел танысып, посевкомдармен тізе қосып іс қылу.

Күндегі істеген істерінен мағлұмат алып хабарласып тұру. Екінші, ел-елге осының жайын ерте күннен құлақтандырып тұқымды, соқаны қалайша алудың жөнін ұқтыру һәм полисполкомдар арқылы берілген астық, соқалар ұстағанның қолында, тістегеннің аузында кетпейтін қылып ретке салып аңдушы болу. Үшінші, қай ел не нәрсе алды, қай ел ала алмай қалды, не себептен алмады, соны біліп тұру. Ала алмаған елдерге осыны әперудің қамын істеу, төртінші, қалаларда қызмет қылатын жігіттердің бәрі де осы жұмысқа жұмылып іс шығару. Канцелярияда отырып қағаз шимайлаумен уақытты ұсақ нәрселерге жоғалтуды қою, бастарын қосып, егін жұмысын бөлісіп алып, барлық күшті соған салу. Бесінші, егін жайындағы жұмыстардың реті қандай болып отыр, соны губерниялық қазақ бөліміне білдіріп отыру. Алтыншы, газетке сөз жазатын жолдастардан сұрайтын өтінішіміз: біреу пәлендей ішік алды, біреу пәлендей тазы ит, қаршыға алды, біреудің көңілінде пәлендейлік жуандық жүр, бірінің көңілінде арамдық жүр деген сөздерді, мүмкін болса, азайтыңқырап, біреудің көңіліндегі күңгіртті болжамай-ақ, көз алдында көрініп тұрған елдің шаруа жайын айтса екен деймін. Әсіресе, осы айтылған егін жұмысы қай ретте болып отыр, қандай жақсылық, қандай кемшіліктері бар, соларды білдіріп отырсаңыздар екен. Бұдан былай сондай хабарларға газет бетінен кең орын берілетін болады. Бүгінгі күнде біздің ең маңызды мәселе деп отырғанымыз — осы.

Қосымша: волисполкомдар жоғарыдағы айтылған ретпен соқаны алғанда, алдымен ең мұқтаж кедейлерге беріп, олардың жұмысы бітуге тақағанда ауыстырып, екінші мұқтаж кісілерге беріп отыруға міндетті. Және исполкомдардың бір міндеті ерте бастан посевкомға ел ішіндегі егіншілердің саны һәм мөлшері қаншалық тұқымға мұқтаж, қолдарында қаншалық тұқымы бар, соның жайынан мағлұмат түсіруіне керек. Бұл — ең алдымен ескеретін жұмыс. Және исполкомдардың жанынан таза пысық, ел қызметіне ерінбейтін кісілерден волпоссвкомдар жасалуына керек.

Мұхтар.

Мұхтар Әуезов

 

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға