Жаңалықтар

Мәслихат сайлауын бір уақытта өткізу – маңызды қадам

Алға қойылған маңызды жоспарларды жүзеге асыруға кіріскен жөн.
22.01.2016 10:12 3761

Дүние жүзіндегі қазіргі күрделі геосаяси жағдайдың қалай өрбитіні белгісіз.  Әлемдік дағдарыстың әсерінен барша елдер өз жоспарларын қайта қарап жатқаны мәлім. Атап айтсақ, кешегі Мәжіліс депутаттарының ұсынысы да осыған дәлел. Сарапшылардың пікірінше, сайлауды ертерек өткізіп, алға қойылған маңызды жоспарларды жүзеге асыруға кіріскен жөн.

Мәслихат сайлауын бір уақытта өткізу – маңызды қадам

Камал Бурханов, саясаттану ғылымының докторы

Парламентте «Нұр Отан» партиясы фракциясының мүшесімін. Біз фракцияда жиналыс өткізіп, ертерек сайлау өткізу туралы ұсынысты бәріміз бір ауыздан қолдадық. Қазақта «Заманың түлкі болса, тазы бол» деген мақал бар. Бүгінгі таңда әлемдегі геосаяси, геоэкономикалық жағдайда көріп отырмыз, күнделікті өзгеріп жатыр. Көптеген мемлекеттердің арасында санкциялар болып жатыр. Бұл саяси жағдайлар біздің экономикамызға әсер етпеуі мүмкін емес. Себебі, біз әлемдік экономиканың құрамдас бөлігіміз. Ал, экономикаға әсер етті деген сөз әрбір қазақстандық отбасына, әрбір қазақстандық азаматқа әсерін тигізеді дегенді білдіреді. Сондықтан осындай қиын-қыстау кезеңде қарап отырмай сайлауды ертерек өткізген дұрыс деп есептеймін. Партиялар бәсекеге түссін, бәлкім жаңа құрамға ел экономикасын көтеруге пәрменді, тың ойлы азаматтар келетін шығар. Кез-келген жағдайға Парламент әзірден дайын отыруы керек. Сайлау өткізу үшін қаржы кетеді, қаншама мамандар айналысады мұнымен. Сондықтан депуттар мен мәслихаттың сайлауын бір мезетте өткізуді ұсындық. Уақытты да қаржыны да үнемдейміз. Саяси науқанды жылдам әрі жұмыла өткізіп , реттеуіміз керек. Жаһандық дағдарыс кезінде ауылдың әкімінен бастап Парламент, Үкімет, яғни бүкіл халық болып ауызбіршілікпен атқарған жөн. Қандай жағдай болмасын халықтың жағдайын ойлап, экономикамызды көтеріп, ілгері дамуымыз керек.

Мәслихат сайлауын бір уақытта өткізу – маңызды қадам

Нұртай Сабильянов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

5 шақырылымның Мәжіліс депутаттары халықтың игілігіне жұмыс істеді. Сайлаушылармен тығыз байланыста болды. Ашық түрде кездесулер өткізді. Әр мәселелерді көтерді. Мен 5-шақырылым өз жұмысын жоғары деңгейде атқарды деп ойлаймын.


Жұбаныш Серіков

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға