Жаңалықтар

Өзіңізді құм түйіршігіндей сезінгіңіз келсе 10 фактіге назар аударыңыз

Біздің ғаламшарымыз өзінің көлемі бойынша Күн жүйесінде бесінші орын алады және тек бізде ғана анық тіршілік көзі бар.
16.01.2016 07:33 5486

Өзіңізді құм түйіршігіндей сезінгіңіз келсе 10 фактіге назар аударыңыз

Біздің ғаламшарымыз өзінің көлемі бойынша Күн жүйесінде бесінші орын алады және тек бізде ғана анық тіршілік көзі бар. Жер біз үшін алып болып көрінгенімен, шегі жоқ ғаламда ол жай ғана құмның түйіршігіндей ғана. Назарларыңызға өзіңіздің және ғаламшарымыздың ғарыштық кеңістіктегі рөлін қайта қарауға көмектесетін 10 ғаламдық факт ұсынамыз.

1. Біздің Күн деп аталатын жұлдызымыз Құс жолы галактикасындағы ең кемі жүздеген миллиард жұлдыздың біреуі. Ғалымдардың бағалауы бойынша, бақыланатын Ғаламда кемі 100 миллиард галактика бар және әрқайсысы жұлдыздарға «толы». Ғаламдағы барлық жұлдыздардың саны Жердегі барлық құм түйіршіктерінен де көп.

1995 жылы Күн жүйесінен тысқары орналасқан алғашқы ғаламжар табылды. Бүгінгі таңда күн тектес жұлдыздардың маңында айналып жүретін мыңдаған экзоғаламшар анықталған.

©NASA  

2. Құс жолы көптеген тұрғындары бар қала іспеттес, тек онда тұрғындардың орнына жұлдыздар орналасқан. Бұл «қаланы» кесіп өту үшін сізге  100 000 жыл қажет болады және мұның өзінде сіз жарық жылдамдығымен қозғалуыңыз қажет.

©NASA

3. Бақыланатын Ғаламның  70 пайызы қара энергиядан тұрады. 25 пайыз қара материядан және қалған 5 пайыз бізге белгілі, атомдардан тұратын, қарапайы заттардан тұрады.

©science20.com

4. Егер Күнді қарапайым есік деп алсаңыз, Жер 5 тиынның көлеміндей болар еді. 

©NASA

5. Күннің салмағы (1 989 100 000 000 000 000 000 000 000 000 кг) бүкіл Күн жүйесі салмағының 99,8 пайызын құрайды, қалған 0,2 пайыз жүйенің барлық басқа объектілеріне тиесілі.

Өзіңізді құм түйіршігіндей сезінгіңіз келсе 10 фактіге назар аударыңыз

6. Эдвин Хаббл Ғаламның ұлғайып бара жатқандығын анықтаған. 14 миллиард жыл бұрын Ғалам бір нүктеде жиналып тұрған.

©NASA

7. Төрт америкалық ғарыш аппараты Күн жүйесінен тыс жұлдызаралық кеңістікке бағытталған. Ең ұзақ кеткен «Вояджер-1» ғарыш зонды. Ол Күннен 20 миллиард шақырымға алыстаған. Еске сала кетсек, зонд 1977 жылдың қыркүйек айында ұшырылған.

©NASA

8. Бүркіт шоқжұлдызының газды бұлтындағы алкоголь көлемі 200 септиллион литр сыра жасауға жеткілікті. Этанол көлемі 1995 жылы өлшенді және ғалымдар бұлттан 30 жуық өзге химиялық заттар тапты, дегенмен ондағы негізгі зат – алкоголь.

©v-kosmose.com

9. Соңғы 20 жыл ішінде біз Күн жүйесінен тысқары мыңдаған ғаламшарды таптық. Қазіргі таңда 1822 ғаламшардың бар екені расталған.

©infoniac.ru

10. Күн жүйесінің барлық ғаламшарлары Жер мен Ай арасындағы кеңістікке сыйып кетеді.   Жер мен Ай арасындағы қашықтық (384 440 шақырым) – Меркурий диаметрі (4879 шақырым) + Шолпан диаметрі (12 104 шақырым) + Марс диаметрі (6771 шақырым) + Юпитер диаметрі (138 350 шақырым) + Сатурн диаметрі (114 630 шақырым) + Уран диаметрі (50 532 шақырым) + Нептун диаметрі (49 105 шақырым) = 8069 шақырым.

©infoniac.ru


Дәурен Омаров 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға