Жаңалықтар

Мерзімнен бұрын сайлау өткізу дұрыс па?

Сарапшылардың депуттардың бастамасына қатысты пікірі
22.01.2016 10:12 4410

 Мерзімнен бұрын сайлау өткізу дұрыс па?

Осыдан екі күн бұрын Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісі депутаттары Мемлекет басшысына үндеу жолдап, Мәжілістің 5 сессиясын таратып, мерзімнен бұрын сайлау өткізу туралы өтініш білдірді. Төменгі палатаның бұл бастамасы қоғам тарапынан қызу талқылануда: сарапшылар пікір айтып, түрлі қоғамдық ұйымдар бастамаға қатысты өз ұстанымдарын білдіруде. Сонымен қатар, бюджет шығындарын мақсатында Мәжіліспен қатар Мәслихат депуттарын да мерзімнен бұрын сайлау қажет деген ұсыныстар пайда болды.

Мәселен, Демократия институтының ғылыми зерттеу қауымдастығы жобалары жөніндегі директоры Юлия Кучинскаяның айтуынша, мемлекеттік орган мен гуманитарлық ғылым өкілдерінің 95,6 пайызы Мәжіліс пен мәслихат сайлауын өткізу бастамасын қолдап отыр екен. Мемлекеттік орган, азаматтық қоғам, ЖОО өкілдері мен әлеуметтанушылар, саясаттанушылар, журналистер мен басқа гуманитарлық ғылымдар саласының өкілдері қатысқан сауалнамада респонденттердің 93,4 пайызы бесінші шақырылымдағы парламент Мәжілісі өз миссиясын орындады деген баға берді.

Ал Стратегиялық зерттеулер институтының басшысы Ерлан Карин депуттатардың бастамасы орынды деп санайды.  

Фото: ortcom.kz

Ерлан Карин, ҚР Президенті жанындағы Стратегиялық зерттеулер институтының (ҚСЗИ) директоры:

«Депуттардың Мемлекет басшысына үндеуінде, біздің ойымызша, негізгі дәлелдердің бәрі келтірілген, біздің депуттардың ұстанымдары нақты, әрі анық дәйектелген. Сарапшылардың көпшілігі, түптеп келгенде, ішкі жағдайлар мен сыртқы фондағы процесстер тұрғысынан аталмыш бастама логикаға сай және объективті деп ойлайды».

ҚСЗИ сарапшыларының пікірінше, жаңа сайлау елдегі қоғамдық-саяси өмірге белгілі бір динамика беріп, қоғамдық-саяси дискуссияға жаңа, әрі тың идеялар әкеліп, билік пен азаматтар арасындағы диалогтың ары қарай дамуына септігін тигізбек.

«Алтернатива» Өзекті зерттеулер орталығының директоры Андрей Чеботарев Қазақстанда кез келген сайлау – саяси өмірді жандандарудың тамаша көрсеткіші деп санайды. Оның ойынша, қазір барлық партияларға өздерін сынауға, саясатты, экономиканы қайта құруда өз ойларын ортаға салуға және бастысы сайлаушылармен арадағы шынайы байланыстарын көрсетуге жақсы мүмкіндік туып отыр.

Фото: gonzo.kz

Андрей Чеботарев, «Алтернатива» Өзекті зерттеулер орталығының директоры:

«Депутаттардың өздері айтқандай, парламент 5 институционалды реформаны іске асыру жөніндегі «Ұлт жоспары – 100 нақты қадам» жоспарын заңнамалық тұрғыдан қамтамасыз ету бойынша өз міндетін атқарды. Ендігі жерде, президент өткен жылы айтқанындай, саяси реформаның жаңа кезеңі басталды, яғни, институционалды реформалар жөніндегі негізгі мәселелер шешілген соң, саяси реформаларды жүргізуге біртіндеп көшу қажет болады. Бұл мәселені шешу Мәжіліске жаңадан сайланатын депутаттардың міндеті болмақ».

Ал Шекара маңы ынтымақтастығы қауымдастығы өкілі Марат Шибұтовтың айтуынша Мәжіліс пен барлық деңгейдегі мәслихат сайлауын бір уақытта өткізу – маңызды қадам деп санайды екен.

Фото: bnews.kz

Марат Шибұтов, Шекара маңы ынтымақтастығы қауымдастығы өкілі:

«Жаңа экономикалық саясат, жаңа экономикалық жағдай саяси өкілдіктен өзге тәжірибені талап етеді. Келесі шақырылымда қандай депуттар болатыны сайлаушылардың еркіне байланысты болмақ. Өз басым парламентке жаңа ой айтатын тұлғалардың келгенін қалаймын. «Үндеуде мәслихат сайлауын өткізу мәселесі де сөз болғанын ерекше атап өту керек. Ол да маңызды шаруа».

Фото: nurotan.kz

Депуттар бастамасын талқылаудан танымал саясаттанушы Ерлан Саиров та тыс қалмады. Саясаттанушы өзге сарапшылардың пікірін қолдап, депутаттардың бастамасын жақтап отыр.

Ерлан Саиров, саясаттанушы:

«Реформаларды әрі қарай жүргізу үшін, сонымен бірге, қазір болып жатқан сыртқы процестерге жауап беру үшін, әрине, парламент жаңа күн тәртібімен жаңа бет-бейнесімен, сонымен бірге, жаңа бір өзінің көзқарастарымен келуі керек. Менің ойымша депутаттардың бұл ісі заңды әрі түсінікті».

«Кімнің кім екені» энциклопедиясының бас редакторы, саясаттанушы Данияр Әшімбаев мерзімнен бұрын сайлау өткізу экономикалық жағынан тиімді деген баға берді. 

Фото: genocid.net

Данияр Әшімбаев, саясаттанушы:

«2016 жылы Қазақстанда Батыс Еуропа-Батыс Қытай дәлізінің құрылысы аяқталады. Ақтау порты солтүстік бағытта кеңейтіледі. Бұл тауарлар өткізу мүмкіндігін 2 млн тоннаға ұлғайтуға сеп болмақ. Ал Өзбекстанда Ангрен паб темір жол желісі салынады. Ол Қытай, Орталық Азия, Еуропаны жалғайтын  халықаралық дәлізге айналмақ»

Қорыта келгенде, сарапшылардың дені мерзімнен бұрын Мәжіліс сайлауын өткізуді дұрыс деп санайды. Олар сондай-ақ, Мәжіліс депутаттарымен қатар, Мәслихат депуаттарын да бірге сайлап алу керек деген пікірді айтады және бұл бастама мемлекеттік бюджетті үнемдеу тұрғысынан өте орынды, республикалық масштабта тағы бір сайлау өткізбей, бір оқпен екі қоянды өлтіру дәл қазіргі жағдайда еліміз үшін аса қажет. 


Алдияр Рысбеков

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға