Жаңалықтар

Iphone 7 cмартфонының ерекшелігі неде?

iPhone 7 смартфонының басты ерекшелігі – қосымша бағдарламаларының мүмкіндігі жоғары екендігінде.
05.09.2016 12:20 17200

2016 жылы сатылымға шығады деп күтілген Apple компаниясының кезекті жаңа өнімі iPhone 7 смартфоны туралы ақпараттар ғаламтор беттерін жаулады. Әсіресе Apple сауда маркасымен өндірілетін iPhone смартфондарына әуес тіпті құмар жандар енді жарыққа шығатын өнімді асыға күтіп жүр. Сонымен Iphone 7 жаңа өнімі қандай болмақ, ерекшелігі неде?

Қытайдың Mydrivers гаджеттер сайты iPhone 7 смартфонының жады  256 Гб және 3100 мАч қуат көзімен жабдықталатынын жазады. Жаңа мобильді құрылғының қуаты iPhone 6 Plus-ке қарағанда жұқалау болады.  

 Iphone 7 cмартфонының ерекшелігі неде?

iPhone 7 смартфонының  басты ерекшелігі – қосымша бағдарламаларының мүмкіндігі жоғары екендігінде. Сонымен қатар iPhone 7 смартфонының корпусы жұқа болып жасалмақ. Бұған дейін атап өткеніміздей телефондағы қуат көзі де жұқа болады. Өнім 10 ядролы A10 процессорымен жабдықталады деп күтілуде. iPhone 7 смартфонының үш түрлі нұсқасы шығарылады. Айта кетсек, 4,7 дюймді iPhone 7, 5,5 дюймді iPhone 7 Plus және 4 дюймді iPhone 7c ресми таныстырылуы мүмкін. Соңғы модельдің экраны кішкене, техникалық мүмкіндігі төмен (A9 процессор, 3D Touch функциясымен қамтылмайды) болғандықтан, бағасы да арзан болады деп күтілуде.

iPhone 7 нұсқасы 256 ГБ көлемге ие яғни SanDisk пен Toshiba компаниялары дайындайтын қосалқы жадының арқасында жаңа смартфон жадысының сыйымдылығы артып отыр. Тағы бірі артықшылығы – смартфон функцияларының жылдамдығы өсетіндігінде әрі сенсордың сезімталдығы артады.

Жаңа мобильді құрылғы A10 чипімен жабдықталады. Смартфон корпусында орналасқан жасырын антенналардың сыртқы беті темір мұқабамен қапталады.  

iPhone 7 сматрфонының бағасы 400-500 АҚШ долларына бағалануы мүмкін.

Iphone 7 cмартфонының ерекшелігі неде?

Apple компаниясының патенттері iPhone 7 мобильді құрылғысының корпусы «сұйық металл» және шынымен қапталатынын жазады. Компания осы уақытқа дейін iPhone смартфондарына алюминий, пластик секілді түрлі материалдарды эксперимент ретінде қолданып көрді. Ал, болашақ iPhone 7 флагманының корпусы «сұйық металл» аталатын ерекше материалмен тысталмақ.

iPhone 7-нің тағы бір ерекшелігі – сымсыз қуаттандырғышы болатынында. Apple өз бәсекелестерін қуып жету үшін телефонды сымсыз қуат көзімен қуаттандыратын құрылғы жасауда.

iPhone 7 – ұзаққа шыдамды, өнімді жұмыс. Жаңа құрылығының қуат көзі 12 сағатқа жететіндей етіп жетілдірілмек.

iPhone 7 – мобильді құрылғысының камерасы 8 мегапиксель,  FaceTime деп аталады.

iPhone 7 – су өткізбейтін қасиетке ие болады.

Компания өкілдері сапфир секілді материал шыны орынына қолданылуы мүмкін деген болжам айтады. «Сұйық металлды» болашақта тек мобильді телефондарға ғана емсе, компьютер, плеер, қашықтықтан басқару тетіктеріне де пайдалануы мүмкін.

Iphone 7 cмартфонының ерекшелігі неде?

Apple компаниясы мұндай сынақты алғаш рет өткізгелі отырған жоқ. 2010 жылы компания Liquidmetal Technologies маркасының өнімдерін екі жыл электроникаға пайдалану құқығына ие болды. Тіпті келісімшартты бірнеше рет ұзартуға тура келді.

iPhone 7 смартфонының таныстырылымы

Жетінші айфон мобильді телефонының кезекті шығарылымы 2016 жылдың күзінде тұтынушыларға жол тартады деп болжанған еді. Әсіресе айфон сүйер асыға күткен алтын күз де келіп жетті. Әдетте жыл сайын Apple компаниясы дәстүрге сай жаңа мобильді телефонның таныстырылымын қыркүйек айында өткізеді. Ендеше күнтізбеге көз жүгіртер болсақ қыркүйек айының орта тұсына сай келетін 7 саны 7-ші қыркүйекке тап келеді екен. Таныстырылым Билл Грэхем Цивик Аудиториумда өтеді. Apple компаниясы тұтынушыларына 2016 жылғы жаңа өнімнің артықшылығы мен ерекшелігін, жаңашылдығын таныстыратын болады.

iPhone 7 бағасы

Жобамен айтқанда айфон 7 мобильді қосымшасының (жадысы 16 ГБ ) бағасы 650 АҚШ доллары болуы мүмкін. Ал, 64 Гб 750 $, 128 ГБ 850 $ болуы мүмкін деген болжам бар. iPhone 7 бағасы Қазақстанда  нақты қанша болатыны әзірге белгісіз. Доллар бағамының тұрақсыздығы жаңа смартфонның бағасына қалай әсер ететінін санаулы күндерден кейін көз жеткізетін боламыз.  

Iphone 7 cмартфонының ерекшелігі неде?

Бұл мәліметтер Apple компаниясы қызметкерлері тарапынан расталған жоқ.

Материалдар Mydrivers және apple-geek.ru сайтынан алынып, аударылды.

Сурет iPhone 7 смартфонының ресми нұсқасы емес.


Әзірлеген Айша КЕРЕЙ

 

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға