Жаңалықтар

ӘЛЕМ

ӘЛЕМ (араб. — әләм: 1. жарық дүние, кеңістік; 2. дүние; 3. халық, бұқара, қауым) — тұтастықты, бейнелейтін ұғым.
28.08.2014 12:19 9979

ӘЛЕМ

ӘЛЕМ (араб. — әләм: 1. жарық дүние, кеңістік; 2. дүние; 3. халық, бұқара, қауым) — тұтастықты, бейнелейтін ұғым. Қазақтың дәстүрлі дүниетанымында Ә. жер жүзі, жеті қабат жерасты және жеті қат көктен тұрады. Ә. ұғымы сондай-ақ жиынтықты да білдірген: адамзат Ә-і, табиғат Ә-і, рухани Ә. т.б. Қазіргі ғыл. түсінікте Ә. мен ғалам ұғымдарының ара жігі ажыратылған. Ғалам ұғымы кеңістік пен уақыт бойынша шегі де, шеті де жоқ пішіні сансыз көп өзгеріске түсе алатын бүкіл материалдық Ә-ді және қазіргі заманға астрон. құралдармен зерттеуге болатын ғарыш кеңістігін білдіреді. Ал Ә. сөзі 1) дүние жүзі, 2) белгілі бір дүниенің тұтас жиынтығы мағыналарында қолданылады. Кейбір әдебиеттерде бұл екі атау бір-бірінің орнына ауыстырылып қолданылып жүр. қазіргі заманғы адамзат Ә-і, табиғат Ә-і, рухани Ә. т.б.

Қазіргі ғылымда Ә. ұғымы ғарыштық, космолог. зерттеулердің объектісі ретінде де құралады. 18 ғ-ға дейін космология объектісі — күн жүйесі болды (жұлдыздар табиғаты мен оларға дейінгі қашықтықтар туралы нақты ешннәрсе мәлім емес еді), 20 ғ-дың 20-шы жылдарынан бастап оған жұлдыздар Ә-і, яғни Галактика, қазіргі жағдайдағы Метагалактика қосылды.  Ә. туралы соны түсініктер оның күрделілігін, жан-жақтылығын, тереңдігін, қайшылықтығын көрсетеді (гиперкеңістік пен уақыттың тербеліс ырғақтары, ғарыштық қопарылыстар мен катаклизмдер, Ә-нің кеңеюі мен сығылысуы, әсіретығыз зат және т.б.).

Ә-нің кеңістік пен уақыт бойынша шеті де жоқ, шегі де жоқ. Ә. танудың принциптік бастамасы — оның материялылығын, объективтігін, санадан тәуелсіздігін мойындау. Ә-ді. зерттеумен тікелей шұғылданатын ғылым — астрономия. Ә. жөніндегі ұғымның дамуы бірнеше кезеңге бөлінеді. Ә-нің шексіздігі туралы алғашқы пікір ертедегі грек ғалымы Гераклиттің (б.з.б. 5 ғ.) еңбектерінде кездеседі. Ол — Ә. мәңгілік, аспан денелеерін құрайтын материя жаңадан жасалмайды және жойылмайды деп тұжырымдаған. Гераклиттің көзқарасын Демокрит, Эпикур және Лукреций одан әрі дамытқан.  Одан кейін дәуірлерде Жердің шар тәрізді екенін және аспан шырақтарының бір-бірінен алшақтылығын анықтауға байланысты зерттеулер (Пифагор, Аристотель, Эратосфен) жүргізілген. Жердің шар тәрізді тәрізділігі туралы түсінікке сүйеніп, грек философы Филолай (б.з.б. 5 ғ.) және грек астрономы Аристарх Самосскийлер (б.з.б. 4 — 3 ғ.). Жердің қозғалатындығы жөнінде жорамал жасаған. Бірақ шіркеу мен дін үстем болған дәуірде мұндай озық ойлар қолдау таппай көмескіленіп қала берген. Птоломей негізін қалаған дүниенің геоцентрлік жүйесі шіркеудің қолдауымен Қайта өркендеу дәуіріне дейін үстем еткен. Коперниктің “Аспан әлемінің айналысы туралы” атты кітабы Ә. тануда ғылыми зерттуге жол ашты. Жерді аспан денелерінің бірі пікірін Джордано Бруно одан әрі дамытып, жұлдыздар әлемінің шексіздігі жөнінде тұжырымға келді. Коперник қалыптастырылған дүниенің гелиоцентрлік жүйесі Ә. туралы ғылымының негізіне айналды. Біз мекендеген Жер басқа планеталар, кометалар мен метеорлық денелер тәрізді Күн жүйесінің радиусы 5 млрд. км-дей. Бұл жолды жарық 5 сағ-қа жуық уақытта жүріп өтеді. Ал Күн жүйесінің өзі де жүздеген млрд. жұлдыздан тұратын Галактиканың құрамына енеді. Айсыз, ашық түнде бүкіл аспанда зор құрсау тәрізді белдеулеп тұратын бозарған жолақ — Құсжолы ғылым тілінде біздің Галактика деп аталады. Бұл аса күрделі жұлдыздық жүйенің радиусын (12 — 1 килопарсек, қ. Парсек) жарық 40 мың ж. ш-нда жүріп өтеді. Ә. кеңістікте біздің Галактика тәріздес миллиондаған басқа да галактикалардың бар кеендігі анықталды. Олардық ара қашықтығы жүздеген жарық жылымен өлшенеді. Зерттелген галактикалар жиыны метагалактика деп аталады. Ә-ді құрайтын материя біркелкі таралмайды. ол түгелдей дерлік космостық денелерге (жұлдыздар, планеталарға) жинақталған. Жұлдыздар мен галактикалар аралығындағы кеңістік материясының тығыздығы өте аз. Сондықтан оларды “бос кеңістік” деп атайды. Телескоптар мен онан басқа бақылау тәсілдері жетілетүскен сайын, Ә-нің зерттелген бөлігі де күн күн санап ұлғайып келеді. Қазір 1 млрд. парсектен аса қашақтықта орналасқан галактикалардағы құбылыстарды бақылауға мүмкіндік бар. Галактикалардың мөлшері бірдей емес. Мыс., Андромеданың Үлкен Тұмандығы деп аталатын галактиканың радиусы (20 килопарсектей) біздің Галактиканың радиуысынан 1,5 есе артық. Ал жұлдыздық шоғырлар тобына жататын кейбір эллипстік галактикалардың радиусы 0,5 килопарсектей ғана болады. Бізден өте алыс орналасқан галактикалардың спектрін зерттеу нәтижесінде олардың спектрлік сызықтарының ығысатындығы байқалған. Галактикалардың басым көпшілігінің спектрлік сызықтары спектрдің қызыл шетіне қарай ығысатын болғандықтан, бұл құбылыс қызыл ығысу деп аталған. Галактикалар алыстаған сайын, олардың спектрлік сызықтары көбірек ығысады. Бұл құбылысты Доплер эффектісі тұрғысынан талдасақ, галактикалар бізден үнемі қашықтай береді және алыстаған сайын олардың “қашу жылдамдығы” да артып отырады деп қарастыруға тура келеді. Күн жүйесі, Галактика тәрізді күрделі жүйелердегі аспан денелерінің бір-біріне әсері И. Ньютон ашқан бүкіл әлемдік тартылыс заңымен анықталады. Аспан денелерінің қозғалысында байқалатын кейбір ауытқушылы  бұл заңның тартылыс табиғатын дәл анықтайтын А. Эйнштейн теңдеулерінің белгілі физ. шарттарын ғана қанағаттандыратын жуы шешімі кеендігі көрсетеді. Жалпы салыстырмалық теориясы бойынша аспан денелерінің әсерлесуі бақыланатын кеңістікте басқа бір дененің болуы осы кеңістіктің геом. қасиеттерін өзгертеді. Бұл теория тек қуатты оптикалық телескоптар мен радиотелескоптардың көмегімен ғана бақылауға болатын Ә-нің алыс түкпіріндегі материяның қозғалысы мен орнықтылығын теориялық жолмен зерттеудегі ең басты ғылыми тәсіл болып табылады. Ә.  кеңістік тұрғысынан да, уақыт тұрғысынан да шексіз, Ә. мәңгі. Ә-ді құрайтын материя ешқашан да жойылмайды, ол үнемі бір түрден кеінші түрге ауысып отырады.

Әдеб.: Шкловский И. С., Вселенная, жизн, разум, 2 переработ. и доп изд., М., 1965; Әбішев Х., Халық астрономиясы, А., 1959.

Т. Ғабитов

"Қазақстан энциклопедиясы"

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға