Жаңалықтар

«Ботагөз» романы

Сәбит Мұқановтың алғашқы романдарының ішінде айрықша тоқталуды керек ететін - «Ботагөз». Өйткені оған шейінгі «Қалың мал», «Қамар сұлулар», тіпті «Адасқандардың» өзі - көтеріп айтқанда, ұзақ әңгіме дерлік қана шығармалар. Шындығына келсек, қазақта шын мәніндегі бірінші роман - «Ботагөз». «Ботагөз» романы қазақ еңбекшілерінің бостандық-теңдік жолындағы күресін көрсетуге арналды. Ең алдымен, ауылдағы тап тартысын және оның дами келе Ленин бастаған ұлы революцияға қалай ұласқандығын марксизм-ленинизм оқуы тұрғысынан суреттеген қазақ совет әдебиетіндегі бірінші көлемді еңбек. Ғасырлар бойы екі түрлі қанаудың тепкісінде болып, шыдамы таусылған кезде, Россиядағы революция дүмпуімен көтеріліс бастаған қазақ халқы 1916 жылғы июнь жарлығымен байланысты қару алып күреске шығып, елдігі мен ерлігін көрсетті. Уақытша сәтсіздікке де ұшырады. Бірақ көтеріліс тек онымен біткен жоқ. Аманкелді, не сол сықылдылардың туы астында шегіну, қайта өрбу жолдарын басынан өткізе келіп, Россиядағы жалпы пролетариат революциясына ұштасқан, сөйтіп пролетариаттың жеңуші күштерінің сан бұлақтарының бірі болып қосылды. Сәбит Мұқановтың «Ботагөзінде» 16 жылғы көтерілістің осы жағы дұрыс көрсетіліп, шығарманың идеялық мазмұнын күшейте түсті. Роман адамдар арасындағы қарым-қатынастарды қызықты сюжет, шиеленіскен тартысқа құра отырып, халықтың жуан ортасынан шыққан жаңа адамдарды: Амантай, Асқар сықылды қазақ революционерлерін, олардың өсу жолдарын, орыс революционерлерімен байланыс, олардың басшылық қамқорлығын шындық бейнеде суреттеп, сан алуан оқиғаны заңды түрде өрістетіп, дәлелді шешуін таба білді. Романда бұрын үстем болып келген тап өкілдері Итбай, Мадияр, Сарбас, Құзғынбаев, Кулаковтар революция толқынына бөгет болмақ боп қанша әрекеттенсе де, кейде жанға батыра жара салса да, ақыры күйреумен тынады. Ұлы Октябрь революциясының Россия топырағындағы жеңістерінің тарихын еске алсақ, романдағы ерлік күрес, өжет қимылдардың өмірде дәл солай болғанына шәк келтірмейсің. Романның «Ботагөз» атануы да кездейсоқ емес. Революцияның алғашқы кезінде орысша оқып, сауатын ашқан қазақ қыздарының жалпы бостандық-теңдік, әсіресе өз жынысының теңдігі жолында аянбай іс істеп, белсене күреске араласқандары аз емес. Алма Оразбаева, Нағима Арықова, Мәдина Бегалиевалар - Ботагөздің прообраздары. Ботагөз революцияға, оның жолында күресушілерге табиғи түрде, өмір толқынының айдауымен келіп араласады. Ой-санасы біртіндеп өседі. Ботагөз - жаңа дәуірдегі қазақ қызының ұнамды образы. Сондықтан да ол - жастар үшін үлгі, сүйкімді қаһарманның бірі. Жалпы образ туралы сөз еткенде Сәбит Мұқанов жасаған адам бейнелерінің ішінде оқушыларының өмір тануы үшін керегі, үлгі аларлығы аз емес. Өзінің көлемді романдарында Сәбит Мұқанов ұнамды, ұнамсыз образдардың әр алуан түрлерін жасады. Және олар бірін-бірі қайталамайды. Мысалы, Қасқырбай, Түлкібай - түсін өзгерткіш құм кесірткесіндей, қолдарынан күш кеткен кездегі үстем таптан шыққан алаяқ қу. Итбай - Қасқырбайдан гөрі әлеумет өміріне араласқан, байлық пен билікті тең ұстауға әрекеттенетін жуандардың типі десек, Әбеудің одан анағұрлым мойны озық, өз табының тілек-мүддесін терең сезініп, ішіне мұз боп қатқан кегін қалай болса да қарсы таптан қайыруды өмір идеалы еткен, ол жолда қандай жауыздықтың болсын, беті шірмікпейтін қара жүректіктің үстіне қаныпезер адам. Керекті жерінде ол міз бақпай батыл қимылдайды. Сәбит Мұқанов жасаған бұл образдар бір жағынан сол кездегі совет өкіметіне әр алуан жолдармен күресушілердің қандай болғандығын танытса, екінші жағынан олардың жаулық іс-әрекеттерінің әдістерін де оқушыларына аңғартады. «Әдеби әлем»
11.11.2013 03:54 125259

Сәбит Мұқановтың алғашқы романдарының ішінде айрықша тоқталуды керек ететін - «Ботагөз». Өйткені оған шейінгі «Қалың мал», «Қамар сұлулар», тіпті «Адасқандардың» өзі - көтеріп айтқанда, ұзақ әңгіме дерлік қана шығармалар. Шындығына келсек, қазақта шын мәніндегі бірінші роман - «Ботагөз».

«Ботагөз» романы қазақ еңбекшілерінің бостандық-теңдік жолындағы күресін көрсетуге арналды. Ең алдымен, ауылдағы тап тартысын және оның дами келе Ленин бастаған ұлы революцияға қалай ұласқандығын марксизм-ленинизм оқуы тұрғысынан суреттеген қазақ совет әдебиетіндегі бірінші көлемді еңбек. Ғасырлар бойы екі түрлі қанаудың тепкісінде болып, шыдамы таусылған кезде, Россиядағы революция дүмпуімен көтеріліс бастаған қазақ халқы 1916 жылғы июнь жарлығымен байланысты қару алып күреске шығып, елдігі мен ерлігін көрсетті. Уақытша сәтсіздікке де ұшырады. Бірақ көтеріліс тек онымен біткен жоқ. Аманкелді, не сол сықылдылардың туы астында шегіну, қайта өрбу жолдарын басынан өткізе келіп, Россиядағы жалпы пролетариат революциясына ұштасқан, сөйтіп пролетариаттың жеңуші күштерінің сан бұлақтарының бірі болып қосылды. Сәбит Мұқановтың «Ботагөзінде» 16 жылғы көтерілістің осы жағы дұрыс көрсетіліп, шығарманың идеялық мазмұнын күшейте түсті.

Роман адамдар арасындағы қарым-қатынастарды қызықты сюжет, шиеленіскен тартысқа құра отырып, халықтың жуан ортасынан шыққан жаңа адамдарды: Амантай, Асқар сықылды қазақ революционерлерін, олардың өсу жолдарын, орыс революционерлерімен байланыс, олардың басшылық қамқорлығын шындық бейнеде суреттеп, сан алуан оқиғаны заңды түрде өрістетіп, дәлелді шешуін таба білді.

Романда бұрын үстем болып келген тап өкілдері Итбай, Мадияр, Сарбас, Құзғынбаев, Кулаковтар революция толқынына бөгет болмақ боп қанша әрекеттенсе де, кейде жанға батыра жара салса да, ақыры күйреумен тынады. Ұлы Октябрь революциясының Россия топырағындағы жеңістерінің тарихын еске алсақ, романдағы ерлік күрес, өжет қимылдардың өмірде дәл солай болғанына шәк келтірмейсің.

Романның «Ботагөз» атануы да кездейсоқ емес.

Революцияның алғашқы кезінде орысша оқып, сауатын ашқан қазақ қыздарының жалпы бостандық-теңдік, әсіресе өз жынысының теңдігі жолында аянбай іс істеп, белсене күреске араласқандары аз емес. Алма Оразбаева, Нағима Арықова, Мәдина Бегалиевалар - Ботагөздің прообраздары. Ботагөз революцияға, оның жолында күресушілерге табиғи түрде, өмір толқынының айдауымен келіп араласады. Ой-санасы біртіндеп өседі. Ботагөз - жаңа дәуірдегі қазақ қызының ұнамды образы. Сондықтан да ол - жастар үшін үлгі, сүйкімді қаһарманның бірі.

Жалпы образ туралы сөз еткенде Сәбит Мұқанов жасаған адам бейнелерінің ішінде оқушыларының өмір тануы үшін керегі, үлгі аларлығы аз емес. Өзінің көлемді романдарында Сәбит Мұқанов ұнамды, ұнамсыз образдардың әр алуан түрлерін жасады. Және олар бірін-бірі қайталамайды. Мысалы, Қасқырбай, Түлкібай - түсін өзгерткіш құм кесірткесіндей, қолдарынан күш кеткен кездегі үстем таптан шыққан алаяқ қу. Итбай - Қасқырбайдан гөрі әлеумет өміріне араласқан, байлық пен билікті тең ұстауға әрекеттенетін жуандардың типі десек, Әбеудің одан анағұрлым мойны озық, өз табының тілек-мүддесін терең сезініп, ішіне мұз боп қатқан кегін қалай болса да қарсы таптан қайыруды өмір идеалы еткен, ол жолда қандай жауыздықтың болсын, беті шірмікпейтін қара жүректіктің үстіне қаныпезер адам. Керекті жерінде ол міз бақпай батыл қимылдайды. Сәбит Мұқанов жасаған бұл образдар бір жағынан сол кездегі совет өкіметіне әр алуан жолдармен күресушілердің қандай болғандығын танытса, екінші жағынан олардың жаулық іс-әрекеттерінің әдістерін де оқушыларына аңғартады.

«Әдеби әлем»

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға