Жаңалықтар

1-шілде

Сәулетшілердің бүкілдүниежүзілік күні. Халықаралық сәулетшілер одағы кеңесінің бастамасымен 1986 жылдан бастап жыл сайын атап өтіледі. Канада Республикасының Ұлттық мейрамы - Канада күні (1867). 1867 жылдың наурызында ағылшын парламенті қабылдаған акт, сол жылы шілденің 1-інде өз күшіне енді. Бұл акт бойынша Канада Ұлыбританияның өзін-өзі басқаратын доминионына айналды.    Қазақстан мен Канада арасындағы дипломатиялық қарым-қатынас 1992 жылғы сәуірдің 10-ында орнатылды. Канада Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі - Маргарет Скок. Бурунди Республикасының Ұлттық мейрамы - Тәуелсіздік күні (1962). Бурунди - Орталық Африкада орналасқан мемлекет. Мемлекеттік шекарасы Конго Демократиялық Республикасымен, Руандамен және Танзаниямен шектеседі. Астанасы - Бужумбура қаласы. Ресми тілі - француз және кирунди тілдері. Ақша бірлігі - бурунди франкі. Руанда Республикасының Ұлттық мейрамы - Тәуелсіздік күні (1962). Руанда - Орталық Африканың шығыс бөлігінде орналасқан мемлекет. Солтүстігінде Угандамен, шығысында Танзаниямен, оңтүстігінде Бурундимен, батысында Конго Демократиялық Республикасымен шектеседі. Астанасы - Кига-ли қаласы. Ресми тілі - француз және киньяруанда тілдері. Ақша бірлігі - руанда франкі. Сомали Демократиялық Республикасының Ұлттық мейрамы - Тәуелсіздік күні (1960). Сомали - Шығыс Африкада орналасқан мемлекет. Солтүстік-батысында Джибутимен, оңтүстік-батысында Кениямен, батысында Эфиопиямен шектеседі. Астанасы - Могадиши қаласы. Мемлекеттік тілі - сомали және араб тілдері. Ақша бірлігі - сомали шиллингі. 1967 жылы «Алматымәденитұрмысқұрылыс» ААҚ-ы құрылды. Аталмыш мекеме Алматы қаласында бірқатар құрлыс нысандарын салған. Олардың қатарында аэровокзал ғимараты, ҚР Мемлекеттік мұражайы, Үкімет үйі, Цирк ғимараты, Ә.Қастеев атындағы Өнер мұражайы, «Қазақстан», «Алматы» қонақ үйлері, Оқушылар сарайы, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті кешені, ҚР Ұлттық банкі ғимараты, ҚР Ғылым академиясы, Студенттер сарайы, «Медеу» сел бөгеті бар. Сонымен қатар Астана, Атырау қалаларындағы бірқатар ғимараттарды қайтадан қалпына келтірген. 1989 жылы  «Алматы ақшамы» газетінің алғашқы саны жарық көрді. Басылым Алматы қаласының әлеуметтік-экономикалық және мәдени өмірін жазып көрсетеді. 1998 жылы Алматы қаласының ғылыми, мәдени, тарихи, қаржылық және өндірістік орталық ретіндегі ерекшеліктерін негізгі ала отырып, оның ерекше мәртебесін айқындаған құқықтық негіздерді қаржымен, экномикалық және әлеуметтік жағынан ынталандыру шараларын белгілеу арқылы оның бұдан былайғы даму кепілдіктерін белгілеген Қазақстан Республикасының «Алматы қаласының мәртебесі туралы» Заңы қабылданды.
21.08.2013 09:43 3706

Сәулетшілердің бүкілдүниежүзілік күні. Халықаралық сәулетшілер одағы кеңесінің бастамасымен 1986 жылдан бастап жыл сайын атап өтіледі.

Канада Республикасының Ұлттық мейрамы - Канада күні (1867). 1867 жылдың наурызында ағылшын парламенті қабылдаған акт, сол жылы шілденің 1-інде өз күшіне енді. Бұл акт бойынша Канада Ұлыбританияның өзін-өзі басқаратын доминионына айналды.   

Қазақстан мен Канада арасындағы дипломатиялық қарым-қатынас 1992 жылғы сәуірдің 10-ында орнатылды. Канада Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі - Маргарет Скок.

Бурунди Республикасының Ұлттық мейрамы - Тәуелсіздік күні (1962). Бурунди - Орталық Африкада орналасқан мемлекет. Мемлекеттік шекарасы Конго Демократиялық Республикасымен, Руандамен және Танзаниямен шектеседі. Астанасы - Бужумбура қаласы. Ресми тілі - француз және кирунди тілдері. Ақша бірлігі - бурунди франкі.

Руанда Республикасының Ұлттық мейрамы - Тәуелсіздік күні (1962). Руанда - Орталық Африканың шығыс бөлігінде орналасқан мемлекет. Солтүстігінде Угандамен, шығысында Танзаниямен, оңтүстігінде Бурундимен, батысында Конго Демократиялық Республикасымен шектеседі. Астанасы - Кига-ли қаласы. Ресми тілі - француз және киньяруанда тілдері. Ақша бірлігі - руанда франкі.

Сомали Демократиялық Республикасының Ұлттық мейрамы - Тәуелсіздік күні (1960). Сомали - Шығыс Африкада орналасқан мемлекет. Солтүстік-батысында Джибутимен, оңтүстік-батысында Кениямен, батысында Эфиопиямен шектеседі. Астанасы - Могадиши қаласы. Мемлекеттік тілі - сомали және араб тілдері. Ақша бірлігі - сомали шиллингі.

1967 жылы «Алматымәденитұрмысқұрылыс» ААҚ-ы құрылды. Аталмыш мекеме Алматы қаласында бірқатар құрлыс нысандарын салған. Олардың қатарында аэровокзал ғимараты, ҚР Мемлекеттік мұражайы, Үкімет үйі, Цирк ғимараты, Ә.Қастеев атындағы Өнер мұражайы, «Қазақстан», «Алматы» қонақ үйлері, Оқушылар сарайы, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті кешені, ҚР Ұлттық банкі ғимараты, ҚР Ғылым академиясы, Студенттер сарайы, «Медеу» сел бөгеті бар. Сонымен қатар Астана, Атырау қалаларындағы бірқатар ғимараттарды қайтадан қалпына келтірген.

1989 жылы  «Алматы ақшамы» газетінің алғашқы саны жарық көрді. Басылым Алматы қаласының әлеуметтік-экономикалық және мәдени өмірін жазып көрсетеді.

1998 жылы Алматы қаласының ғылыми, мәдени, тарихи, қаржылық және өндірістік орталық ретіндегі ерекшеліктерін негізгі ала отырып, оның ерекше мәртебесін айқындаған құқықтық негіздерді қаржымен, экномикалық және әлеуметтік жағынан ынталандыру шараларын белгілеу арқылы оның бұдан былайғы даму кепілдіктерін белгілеген Қазақстан Республикасының «Алматы қаласының мәртебесі туралы» Заңы қабылданды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға